«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы
№ 555 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы
№ 203 Қаулысы
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жабық акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 152-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «жабық» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жабық акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесінде:
тақырыбындағы «жабық» деген сөз алынып тасталсын;
1-тармақта:
«жабық» деген сөз алынып тасталсын;
«081» деген сандар «083» деген сандармен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 5) тармақшасындағы «жылдық 12%» деген сөздердің алдынан «9%-ды құрайтын және Қор маржасынан 2% құралатын әйел кәсіпкерлігі желісі бойынша сыйақы ставкасынан, сондай-ақ Қаржыминінің жылдық 7% сыйақы ставкасын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Қаржы министрліктері, «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы осы қаулыны орындау жөніндегі тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | К. Мәсімов |