Ескертпелер:
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
1. Пима климаты ыстық аудандарда 4 жылға беріледі.
2. Резеңкеленген алжапқыш тек жанар-жағар май материалдарымен және бояулармен жұмыс істейтіндерге беріледі.
3. Сонымен қатар ұшулар қауіпсіздігі органдарының авиациялық оқиғаларды тексеруші мамандарына беріледі.
4. Май-бензинге төзімді табаны бар керзі етіктер тек химиялық өнімдердің сынамаларын іріктеу (оның ішінде жанар-жағармай материалдары) жөніндегі жұмыстармен айналысатындарға беріледі.
5. Осы заттар көрсетілген санда зертханаға және кезекшілерге қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу үшін беріледі.
6. Құрастырылған биялай пиротехниктерге берілмейді.
7. Дәнекерлеушілерге арналған қысқы костюм тек қысқы уақытта жылытылмайтын үй-жайларда немесе ашық ауада жұмыс істейтіндерге беріледі. Қысқы және жазғы костюм орнына тиісінше жылы көкірекше және балағы кең мақтадан тігілген шалбар мен кенептен тігілген костюм беруге рұқсат етіледі.
8. Дулыға электр дәнекерлеушілерге және вольт доғасын кесушілерге жарықтан қорғайтын көзілдірік орнына беріледі.
9. Диэлектрлік галош пен қолғап электр дәнекерлеушілер мен электр кесушілерге беріледі.
10. Етікшілер мен әбзелшілерге күңгірт түсті мақта-мата алжапқыш беріледі, кенеп биялай берілмейді.
11. Кенеп костюм күлшілерге беріледі.
12. Понтонерлерге арналған костюм мен қолғап кезекші сантехниктердің санына байланысты беріледі.
13. Астары жылы костюм, мақта-матадан тігілген костюм, соққыға қарсы дулыға, берет пен биялай автомобиль, теміржол көлігін, жүзу құралдарын тексеруді жүргізетін бақылаушылардың, кіші бақылаушылардың кемінде 3 ауысымының жеке құрамына беріледі. Май-бензинге төзімді қаптамасы бар костюм, май-бензинге төзімді қолғап мұнай өнімдері бар көлікті тексеруді жүргізетін бақылаушылардың кемінде 3 ауысымының жеке құрамына беріледі.
14. Қысқа қонышты етіктерді ұзын қонышты етіктермен ауыстыруға рұқсат етіледі.
15. Кино және фото зертханаларда беріледі.
16. Астары жылы костюм, жүн дулыға астары және теріден тігілген биялай антенна-мотаждаушыларға, жоғары өрмелегіштер мен антенна шеберлеріне беріледі.
17. Құрастырылған биялай мен шуға қарсы құлаққап тек дизельшілерге беріледі.
18. Резеңке етік, галош, боты және диэлектрлік қолғап тек кезекшілерге беріледі.
19. Металл талшықтармен жұмыс істеуге арналған костюммен Әуе қорғанысы күштерінің тылы қамтамасыз етеді.
20. Костюмді нақты пайдаланған уақыт кию мерзіміне есептеледі.
Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілерін заттай мүлікпен
және ұшқыштар киім-кешегімен жабдықтаудың
№ 35 нормасы *
Р/с № | Заттар | Бір адамға заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Заттай мүлік | | | |
1 | Мақта-мата десанттық дулығасы | 1 дана | 2 жыл | - |
2 | Теріден тігілген костюм (күртеше мен шалбар) | 1 жиынт. | 5 жыл | 1 |
3 | Жұпшюттен секіруге арналған арнайы бәтеңке | 1 жұп | 3 жыл | 2 |
4 | Жүн қолғап | 1 жұп | 2 жыл | - |
5 | Астары теріден тігілген қос саусақты биялай | 1 жұп | 2 жыл | - |
6 | Жүн шұлғау | 1 жұп | 1 жыл | 3 |
7 | Десанттық рюкзак | 1 дана | 3 жыл | - |
8 | Дауылдық костюм | 1 жиынт. | 1 жыл | - |
| 2. Ұшқыштар киім-кешегі ** | | | |
9 | Қысқы былғары дулыға | 1 дана | 5 жыл | - |
10 | Теріден тігілген сырты мақта-мата күртеше | 1 дана | 5 жыл | - |
11 | Сырты мақта-матадан теріден тігілген шалбар | 1 дана | 5 жыл | - |
12 | Жүн свитер | 1 дана | 3 жыл | - |
13 | Іші теріден тігілген былғары етік | 1 жұп | 5 жыл | 4 |
14 | Теріден тігілген былғары қолғап | 1 жұп | 2 жыл | 5 |
15 | Теріден тігілген ұйық | 1 жұп | 3 жыл | 4, 5 |
16 | Жүн ұйық | 1 жұп | 2 жыл | 5 |
Ескертпелер:
* Осы норма бойынша сонымен қатар парашютпен секіруді орындайтын басқа да әскер түрлері мен тектері құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің әскери қызметшілері қамтамасыз етіледі.
Ұшқыштар киім-кешегін (осы норманың 2-бөлімі) алатын әскери қызметшілерге десанттық рюкзак пен парашютпен секіруге арналған арнайы бәтеңкеден басқа заттай мүлік заттары (осы норманың 1-бөлімі) берілмейді.
** Осы норма бойынша ұшқыштар киім-кешегі Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының басқармасы әуе-десанттық қызметінің генералдары мен офицерлеріне, командирлердің әуе-десанттық даярлық жөніндегі орынбасарларына, барлық атаудағы әуе-десанттық қызметтің офицерлеріне, десанттық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелері әуе-десанттық қызметінің офицерлеріне, парашюттік аспаптар мен автоматты құрылғылар бойынша техниктерге беріледі.
Климаты суық аудандарда ұшқыштар киім-кешегінің барлық заттарын кию мерзімі 1 жылға қысқартылады, климаты ыстық аудандарда кию мерзімі 1 жылға ұзартылады.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
1. Теріден тігілген костюм климаты суық аудандарда қысқы десанттық мақта-мата күртеше мен шалбар орнына офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге беріледі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде жазғы десанттық костюм қосымша беріледі.
2. Арнайы бәтеңке офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге беріледі.
3. Жүн шұлғау климаты қалыпты және ыстық аудандарда берілмейді.
4. Іші теріден тігілген былғары етік және тері ұйық климаты ыстық аудандарда берілмейді.
5. Офицерлер құрамына және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге берілген астары теріден тігілген былғары қолғап, тері және жүн ұйық кию мерзімі өткеннен кейін олардың жеке меншігіне ауысады.
Авиацияның ұшқыштар құрамын ұшқыштар киім-кешегімен
жабдықтаудың № 36 нормасы *
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Аудандарда кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
Климаты ыстық | Климаты қалыпты және суық |
1 | Жүні қырқылған теріден тігілген күртеше | 1 дана | - | 5 жыл | 1 |
2 | Жүні қырқылған теріден тігілген шалбар | 1 дана | - | 7 жыл | 1 |
3 | Теріден тігілген жағасы бар астары жылы күртеше мен шалбар | 1 жиынт. | 7 жыл | 5 жыл | 2 |
4 | Маусымдық күртеше мен шалбар | 1 жиынт. | 3 жыл | 4 жыл | 3, 5 |
5 | Шевретті күртеше | 1 дана | 5 жыл | 5 жыл | 4 |
6 | Астары бәйкіден тігілген былғары шалбар | 1 дана | 8 жыл | 8 жыл | 5 |
7 | Ұшқыштарға арналған жүн свитер | 1 дана | 5 жыл | 3 жыл | 6 |
8 | Жүн іш киім (жейде мен кальсон) | 2 жиынт. | 3 жыл | 3 жыл | 6, 7 |
9 | Ұшқыштарға арналған костюм (күртеше мен шалбар) | 1 жиынт. | 1 жыл | 1 жыл | 8 |
10 | Тері унты | 1 жұп | - | 5 жыл | 9 |
11 | Ұшқыштарға арналған бәтеңке | 1 жұп | 4 жыл | 3 жыл | 6, 9 |
12 | Ұшқыштарға арналған жеңілдетілген бәтеңке | 1 жұп | 2 жыл | 3 жыл | 6 |
13 | Қысқы былғары шлемофон | 1 дана | 6 жыл | 5 жыл | - |
14 | Жазғы былғары немесе жеңілдетілген торы бар шлемофон | 1 дана | 3 жыл | 4 жыл | 10 |
15 | Мақта-мата дулыға астары | 2 дана | 1 жыл | 1 жыл | 6 |
16 | Ұшқыштар көзілдірігі | 1 жиынт. | 8 жыл | 8 жыл | 3, 6, 11 |
17 | Жібек іш киім | 2 жиынт. | 1 жыл | 2 жыл | 6, 12 |
18 | Іші теріден тігілген былғары қолғап | 1 жұп | 3 жыл | 2 жыл | 6 |
19 | Астары жоқ шевретті қолғап | 1 жұп | 1 жыл | 1 жыл | 6 |
20 | Тері ұйық | 1 жұп | 3 жыл | 3 жыл | 13 |
21 | Пүлішпен өрнектелген жүн ұйық | 1 жұп | 3 жыл | 2 жыл | 6, 13 |
22 | Жүн ұйық | 2 жұп | 1 жыл | 1 жыл | 6 |
23 | Мақта-мата халат | 1 дана | 5 жыл | 5 жыл | 6, 12 |
24 | Ұшқыштарға арналған бас киім | 1 дана | 2 жыл | 2 жыл | 8 |
25 | Футболка | 2 дана | 1 жыл | 1 жыл | - |
26 | Өкілдік күртеше мен шалбар | 1 жиынт. | 4 жыл | 4 жыл | 14 |
27 | Ұшқыштарға арналған өкілдік бас киім | 1 дана | 4 жыл | 4 жыл | 14 |
28 | Қысқы өкілдік күртеше | 1 дана | 6 жыл | 6 жыл | 14 |
29 | Қысқы өкілдік бас киім | 1 дана | 6 жыл | 6 жыл | 14 |
30 | Өкілдік жейде | 2 дана | 2 жыл | 2 жыл | 14 |
31 | Өкілдік галстук | 2 дана | 2 жыл | 2 жыл | 14 |
32 | Герметикалық дулыға | 1 жиынт. | 8 жыл | 8 жыл | 15, 20 |
33 | Қорғаныш дулыға | 1 дана | 6 жыл | 6 жыл | 16, 20 |
34 | Биіктік-теңелту костюмі | 1 жиынт. | 10 жыл | 10 жыл | 15, 20 |
35 | Артық салмаққа қарсы костюм | 1 жиынт. | 10 жыл | 10 жыл | 17, 20 |
36 | Ауа өткізетін костюм | 1 жиынт. | 10 жыл | 10 жыл | 20 |
37 | Оттегі маскасы | 1 дана | 10 жыл | 10 жыл | 20 |
38 | Тереңдік теңіз құтқару костюмі | 1 жиынт. | 5 жыл | 5 жыл | 18, 20 |
39 | Теңіз құтқару жиынтығы | 1 жиынт. | 5 жыл | 5 жыл | 19, 20 |
40 | Теңелту қолғабы | 1 жұп | 5 жыл | 5 жыл | 15, 20 |
41 | Теңелту ұйығы | 1 жұп | 5 жыл | 5 жыл | 15, 20 |
Ескертпелер:
* Осы норма бойынша ұшқыштар киім-кешегі әуе кемесінің экипажына кіретін жеке құрамға және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшулар қауіпсіздігі органдарының мамандарына беріледі. Мемлекеттік авиацияның ұшқыштар құрамына ұшқыштар киім-кешегі Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы бекіткен лауазымдар тізбесіне сәйкес беріледі. Қарулы Күштерде ұшқыштар киім-кешегімен қамтамасыз етуді Әуе қорғанысы күштері жүргізеді.
Запасқа немесе отставкаға шағырған кезде олардың қалауы бойынша және бөлім командирінің қолдаухаты бойынша кию мерзіміне қарамастан, жеке киім-кешек заттарының тозуын ескере отырып, бөлшек бағаға, бірақ осы жаңа заттар бағасының кемінде 25 пайыз ақысына меншікке қалдыруға рұқсат етіледі.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жеке құрамды ұшқыштар киім-кешегімен Әуе қорғанысы күштері қамтамасыз етеді.
1. Астары жүні қырқылған теріден тігілген күртеше мен шалбар майдан авиациясының ұшқыштар құрамына беріледі.
2. Теріден тігілген жағасы бар астары жылы күртеше мен шалбар астары жүні қырқылған теріден тігілген күртеше мен шалбар алмайтын ұшқыштар құрамына беріледі. Климаты ыстық аудандарда қысқы шалбар алыс, әскери-көлік, майдан және армиялық авиацияның ұшқыштар құрамына беріледі.
3. Ұшқыштар (штурмандар) әскери авиациялық оқу орындарында және ұшқыштар құрамын даярлау жөніндегі курстарда курсанттарды оқытумен айналысатын ұшқыштар құрамы, сондай-ақ авиациялық бөлімдердің нұсқаушылар құрамы үшін маусымдық күртеше мен шалбарды кию мерзімі 1 жылға, ал ұшқыштар көзілдірігі - 3 жылға қысқартылады.
4. Шевретті күртеше әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге берілмейді.
5. Астары бәйкіден тігілген былғары шалбар ұшқыш-сынақшыларға беріледі. Былғары шалбар алатын әскери қызметшілер үшін маусымдық шалбарды кию мерзімі 2 жылға ұзартылады.
6. Берілген жүн свитер, мақта-мата дулыға астары, көзілдірік, қолғап, ұйық, жүн (жібек) іш киім (жейде мен кальсон), футболка, халат, тері ұйық, пүлішпен өрнектелген жүн ұйық, ұшуға арналған бәтеңке, ұшуға арналған жеңілдетілген бәтеңке кию мерзімі өткеннен кейін олардың меншігіне ауысады.
7. Жүн іш киім майдан авиациясының ұшқыштар құрамына беріледі.
8. Ұшқыштарға арналған костюм (күртеше мен шалбар) және бас киім ұшқыштар (штурмандар) әскери авиациялық оқу орындарында, ұшқыштар құрамын даярлау жөніндегі курстарда оқытумен айналысатын ұшу экипажының инженерлік-техникалық құрамына, сондай-ақ авиациялық бөлімдердің нұсқаушылар құрамына 1 жылға қысқартылады.
9. Тері унты майдан, әскери-көлік және армиялық авиация ұшқыштар құрамының ұшқыштар құрамына және инженерлік-техникалық құрамына беріледі. Тері унты алатын әскери қызметшілерге ұшуға арналған бәтеңкені кию мерзімі 1 жылға арттырылады.
10. Климаты ыстық аудандарда жеңілдетілген шлемофон 2 жылға беріледі.
11. Ұшқыштар көзілдірігі тек әскери-көлік авиациясының ұшқыштар құрамына беріледі.
12. Жібек іш киім мен мақта-мата халат тек биіктік-теңелту костюмін алатын ұшқыштар құрамына беріледі.
13. Тері ұйық, пүлішпен өрнектелген жүн ұйық ұшуға арналған бәтеңке алатын жеке құрамға беріледі.
14. Тек жақын және алыс шетелге ұшуларды жасайтын әскери-көлік және армиялық авиация әуе кемелерінің экипаждарына беріледі.
15. 1 200 метрден астам биіктікте ұшуларды орындайтын ұшқыштар құрамына беріледі.
16. Тек майдан және армиялық авиацияның ұшқыштар құрамына беріледі.
17. Артық салмаққа қарсы костюм майдан, оқу-жаттығу реактивті авиацияның (ұшу аппараты құрылымының артық салмаққа қарсы костюмін пайдалану көзделген) ұшқыштар құрамына беріледі.
18. Тереңдік теңіз құтқару костюмі су үстінде ұшуларды орындайтын майдан авиациясының ұшқыштар құрамына (1 200 метрден астам биіктікте ұшу кезінде) беріледі.
19. Теңіз құтқару жиынтығы су үстінде ұшуларды орындайтын ұшқыштар құрамына (1 200 метрден астам биіктікте ұшу кезінде) беріледі.
20. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде осы мүлік авиациялық бөлімдердің инженерлік-авиациялық қызметі арқылы сатып алынады.
Ұшқыштар (штурмандар) әскери авиациялық оқу орындарының
курсанттарын ұшқыштар киім-кешегімен
(мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың
№ 37 нормасы
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Аудандарда кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
Климаты ыстық | Климаты қалыпты және суық |
1 | Маусымдық күртеше мен шалбар | 1 жиынт. | 5 жыл | 5 жыл | 1 |
2 | Ұшу-техникалық жүн свитер | 1 дана | 5 жыл | 5 жыл | 2 |
3 | Жазғы костюм (күртеше мен шалбар) | 1 жиынт. | 3 жыл | 3 жыл | 1 |
4 | Жеңілдетілген ұшуға арналған бәтеңке | 1 жұп | 3 жыл | 3 жыл | - |
5 | Қысқы былғары шлемофон | 1 дана | 7 жыл | 6 жыл | 3 |
6 | Жазғы былғары шлемофон | 1 дана | 2 жыл | 4 жыл | - |
7 | Мақта-мата дулыға астары | 3 дана | 3 жыл | 3 жыл | - |
8 | Ұшқыштар көзілдірігі | 1 жиынт. | 5 жыл | 5 жыл | - |
9 | Іші жылы қолғап | 1 жұп | 2 жыл | 2 жыл | - |
10 | Астары жоқ шевретті қолғап | 1 жұп | 5 жыл | 5 жыл | - |
11 | Жазғы бас киім | 1 дана | 3 жыл | 3 жыл | - |
Ескертпелер:
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
1. Сонымен қатар парашюттік даярлық орталығының штаттық спорттық парашюттік командаларына беріледі.
2. Ұшу-техникалық жүн свитер климаты ыстық аудандарда курсанттардың тізімдік санының 50 пайызына, климаты суық және қалыпты аудандарда 75 пайызына беріледі.
3. Қысқы былғары шлемофон климаты ыстық аудандарда курсанттардың тізімдік санының 10 пайызына, климаты суық және қалыпты аудандарда 50 пайызына беріледі.
Авиацияның инженерлік-техникалық құрамын және әскери
авиациялық-техникалық оқу орындарының курсанттарын
техникалық киім-кешекпен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың
№ 38 нормасы *
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Аудандарда кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
Климаты ыстық | Климаты қалыпты және суық |
1 | Теріден тігілген жағасы, астары бар құрастырылған күртеше | 1 дана | 3 жыл | 2 жыл | 1 |
2 | Астары жылы баулы комбинезон | 1 дана | 3 жыл | 2 жыл | 1 |
3 | Техникалық жүн свитер | 1 дана | - | 3 жыл | 2, 3 |
4 | Жазғы мақта-мата костюм | 1 жиынт. | 1 жыл | 1 жыл | 4 |
5 | Унты | 1 жұп | - | 4 жыл | 5, 11 |
6 | Іші теріден тігілген бәтеңке | 1 жұп | 2 жыл | 2 жыл | 5 |
7 | Техникалық туфли | 1 жұп | 1 жыл | 1 жыл | - |
8 | Шудан қорғайтын қысқы дулыға | 1 дана | 4 жыл | 3 жыл | 6 |
9 | Шудан қорғайтын жазғы дулыға | 1 дана | 2 жыл | 2 жыл | 6 |
10 | Мақта-мата берет | 1 дана | 1 жыл | 1 жыл | 2 |
11 | Іші теріден тігілген биялай | 1 жұп | - | 1 жыл | 3 |
12 | Астары жылы қолғап | 1 жұп | 1 жыл | - | 3 |
13 | Іші теріден тігілген былғары қолғап | 1 жұп | 2 жыл | 2 жыл | 3, 7, 11 |
14 | Белгіленген түсті халат | 2 дана | 3 жыл | 3 жыл | 3, 8 |
15 | Белгіленген түсті берет | 2 дана | 3 жыл | 3 жыл | 3, 8 |
16 | Сандалет | 1 жұп | 1 жыл | 1 жыл | 3, 9, 11 |
17 | Жабық комбинезон | 1 дана | 1 жыл | 1 жыл | 10 |
18 | Жүн дулыға-маска | 1 дана | 2 жыл | 2 жыл | 11 |
Ескертпелер:
* Осы норма бойынша техникалық киім-кешек авиациялық бөлімдердің, мекемелер мен әскери оқу орындарының инженерлік-техникалық құрамына, авиациялық-техникалық, инженерлік-әуеайлақтық бөлімдердің, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен авиацияны қамтамасыз ету және қызмет көрсету жөніндегі басқа да әскери бөлімдердің инженерлік-техникалық құрамына беріледі.
Офицерлер құрамына және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде олардың қалауы бойынша және бөлім командирінің қолдаухаты бойынша кию мерзіміне қарамастан, техникалық киім-кешек заттарын тозуын ескере отырып, бөлшек бағаға, бірақ осы жаңа заттар бағасының 25 пайызынан кем емес ақыға меншікке қалдыруға рұқсат етіледі.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
Инженерлік-техникалық құрамның лауазымдарында тұратын авиабөлімдердің және ұшу аппараттарына тікелей қызмет көрсететін жұмысшылары мен қызметшілерін инженерлік-техникалық құрамның нормасы бойынша қамтамасыз етуге рұқсат етіледі, заттар мүкәммалдық пайдалануға берілуге тиіс.
1. Теріден тігілген жағасы, астары бар құрастырылған күртеше, астары жылы баулы комбинезон авиациялық және арнайы авиациялық бөлімдердің инженерлік-техникалық құрамына беріледі.
2. Техникалық жүн свитер мен берет авиациялық және арнайы авиациялық бөлімдердің инженерлік-техникалық құрамына беріледі.
3. Офицерлер құрамына және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге берілген техникалық жүн свитер, астары теріден тігілген биялай, астары жылы қолғап, астары теріден тігілген былғары қолғап, белгіленген түсті халат, белгіленген түсті берет, сандалет кию мерзімі өткеннен кейін әскери оқу орындарының курсанттарын қоспағанда, олардың меншігіне беріледі.
4. Жазғы мақта-матадан тігілген костюм авиациялық және арнайы авиациялық бөлімдердің инженерлік-техникалық құрамына беріледі.
5. Климаты суық және қалыпты аудандарда, тері унты авиациялық және арнайы авиациялық бөлімдердің инженерлік-техникалық құрамына беріледі. Тері унты алатын әскери қызметшілердің қысқы бәтеңкені кию мерзімі 1 жылға арттырылады.
6. Барлық климатты аудандарда шудан қорғайтын қысқы дулыға авиациялық және арнайы авиациялық бөлімдердің инженерлік-техникалық құрамына беріледі.
7. Астары теріден тігілген былғары қолғап авиациялық және арнайы авиациялық бөлімдердің инженерлік-техникалық құрамына астары теріден тігілген биялай мен жылы мақта-мата қолғап орнына беріледі.
8. Белгіленген түсті халат пен беретті дәлдеу аспаптары мен аппаратураларға қызмет көрсететін инженерлік-техникалық құрамға беріледі.
9. Сандалет алатын әскери қызметшілердің туфлиді кию мерзімі 1 жылға арттырылады.
10. Ұшақтың авиациялық-борт техниктеріне беріледі.
11. Әскери оқу орындарының курсанттарына берілмейді.
Тағалау мүлкімен жабдықтаудың
№ 39 нормасы *
Р/с № | Заттар атауы | Жылына бір атқа саны | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
Жегетін | Мінетін |
| 1. Таулы аудандардан басқа барлық аудандарда | | | |
1 | Жегу тағасы | 32 дана | - | 1 |
2 | Міну тағасы | - | 32 дана | 1 |
3 | Жегетін аттарға арналған бұдырлы таға: | | | |
| 4 бұдырлы саңылауы бар тағаға | 168 дана | - | 2 |
| 3 бұдырлы саңылауы бар тағаға | 120 дана | - | 2 |
4 | Мінетін аттарға арналған бұдырлы таға: | - | 72 дана | 3 |
5 | Тағалауға арналған шегелер | 1,6 кг | 1,6 кг | 1 |
6 | Бұдырлы тағаларды бұрауға арналған кілт | 25 атқа 1 дана | 25 атқа 1 дана | 4 |
| 2. Таулы аудандарда | | | |
7 | Жегу тағасы | 40 дана | - | 1 |
8 | Міну тағасы | - | 48 дана | 1 |
9 | Жегетін аттарға арналған бұдырлы таға: | | | |
| 4 бұдырлы саңылауы бар тағаға | 256 дана | - | 2 |
| 3 бұдырлы саңылауы бар тағаға | 192 дана | - | 2 |
10 | Мінетін аттарға арналған бұдырлы таға | - | 128 дана | 3 |
11 | Тағалауға арналған шегелер | 2 кг | 2,4 кг | 1 |
12 | Бұдырлы тағаны бұрауға арналған кілт | 25 атқа 1 дана | 25 атқа 1 дана | 4 |
Ескертпелер:
* Тағалау мүлкіне қажеттілікті есептеу штаттық аттардың тізімдік санына жүргізіледі.
Тағалау мүлкінің ағымдағы қоры кемінде бір рет қайта тағалауға ұсталады.
1. Тағалар тағаларды толық ауыстырумен жылына 8 рет (ал таулы аудандарда - 12 рет қайта тағалау) қайта тағалау есебінен беріледі.
Тағалауға арналған шегелер бір рет қайта тағалауға 200 граммнан беріледі.
2. Жегетін аттарға арналған бұдырлы таға 4 саңылауы бар тағаға 7 дана (таулы аудандарда - 8 дана) және 3 саңылауы бар тағаға 5 дана (таулы аудандарда - 6 дана), оның ішінде 50 пайыз үшкір мен 50 пайыз ұшы жоқ есебінен беріледі.
3. Мінетін аттарға арналған бұдырлы таға бір тағаға 3 дана (таулы аудандарда - 4 дана), оның ішінде 50 пайыз үшкір мен 50 пайыз ұшы жоқ есебінен беріледі.
4. Кілттер тағалау құралының жиынтығына қосымша беріледі. Аттар саны 25-тен кем бөлімшелер үшін 1 кілт беріледі.
5. Тағалауға арналған шегелер әрбір тағалау оқушысына оқу-жаттығу бөлімшелерінде оқытудан өту кезеңінде, сондай-ақ тағалайтын ұсталардың жиынын өткізген кезде 1,5 кг беріледі.
Амунициялық және дөңгелек майымен жабдықтаудың
№ 40 нормасы
Р/с № | Заттар атауы | 1 жылға 1 жиынтыққа босатылатын май саны (зат), кг |
| 1. Амуниция майы | |
1 | Қос атты әбзел: | |
| пайдалану кезінде | 1,2 |
| сақтау кезінде | 0,3 |
2 | Жалқы атты немесе бекітпелі әбзел: | |
| пайдалану кезінде | 0,6 |
| сақтау кезінде | 0,15 |
3 | Мінетін немесе теңдеп артатын ер-тоқым: | |
| пайдалану кезінде | 0,9 |
| сақтау кезінде | 0,075 |
| 2. Дөңгелек майы * | |
4 | Арба: | |
| пайдалану кезінде | 16 |
| сақтау кезінде | 0,6 |
Ескертпе:
* Майға қажеттілікті есептеу штат және табель бойынша тиісті жегу саны бойынша жүргізіледі.
Жүк арбасымен, әбзелдермен, ер-тоқыммен, аттарды күтуге
арналған заттармен және иттерге арналған керек-жарақпен
жабдықтаудың № 41 нормасы
Р/с № | Заттар атауы | Заттар саны | Пайдалану мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Жегу | | | |
1 | Жалқы атты жүк арбасы | 1 дана | 3 жыл | 1 |
2 | Жалқы атты жүк шанасы | 1 дана | 3 жыл | 1, 2 |
| 2. Әбзелдер | | | |
3 | Жегетін жалқы атты әбзел | 1 жиынт. | 3 жыл | 3 |
| 3. Ер-тоқым | | | |
4 | Кавалериялық ер-тоқым | 1 жиынт. | 4 жыл | 4 |
5 | Теңдеп артатын ер-тоқым | 1 жиынт. | 8 жыл | 5 |
6 | Ат үстінде жаттығуларды орындауға арналған ер-тоқым | 1 жиынт. | 8 жыл | 7 |
7 | Қызметтік иттерді тасымалдауға арналған люлька | 1 жиынт. | 4 жыл | 9 |
8 | Ауыздықты ер-тоқым | 1 дана | 2 жыл | 6 |
9 | Мақта-мата ат жабуы | 1 дана | 2 жыл | 6 |
10 | Ат жабуына арналған трок | 1 дана | 2 жыл | 6 |
11 | Ат қора ноқтасы (тік) | 1 дана | 1 жыл | 6 |
12 | Шынжырлы бау | 1 дана | 4 жыл | 6 |
13 | Су ішкізетін кенеп шелек | 1 дана | 1 жыл | 6 |
14 | Ат щеткасы | 1 дана | 6 ай | 6 |
15 | Ат тарақ | 1 дана | 3 жыл | 6 |
16 | Тұяқтарды жууға арналған шелек | 1 дана | 2 жыл | 8 |
| 4. Иттерге арналған керек-жарақ | | | |
17 | Былғары қарғыбау | 1 дана | 3 жыл | 10 |
18 | Қысқа шылбыр: | | | |
| кенеп немесе капрон ызба | 1 дана | 3 жыл | 10 |
| былғары | 1 дана | 3 жыл | - |
19 | Ұзын қарғыбау: | | | |
| кенеп немесе капрон ызба | 1 дана | 1 жыл | - |
| былғары | 1 дана | 1 жыл | - |
20 | Былғары немесе металл тұмылдырық | 1 дана | 1 жыл | - |
21 | Былғары төс өмілдірігі | 1 дана | 2 жыл | - |
22 | Былғары қамшы | 1 дана | 2 жыл | - |
23 | Парфорс (қатты қарғыбау) | 1 дана | 2 жыл | - |
24 | Металл шынжыр | 1 дана | 2 жыл | - |
25 | Щетка | 1 дана | 1 жыл | - |
26 | Тарақ | 1 дана | 2 жыл | - |
27 | Жүнтарақ | 1 дана | 2 жыл | - |
28 | Ит тарағы | 1 дана | 3 жыл | - |
29 | Ит жабуы | 1 дана | 2 жыл | - |
30 | Мақта-мата кекілдірік | 1 дана | 1 жыл | - |
Ескертпелер:
Ауыспалы қор жалпы қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
1. 2 атқа бір қос атты арба (бір қос атты шана) немесе әрбір атқа бір жалқы атты арба (бір жалқы атты шана) есебінен штаттық жегілетін аттар саны бойынша бір түрлі арбалар (шаналар) беріледі.
2. Тек қалың қар түсетін аудандарда беріледі.
3. 2 атқа бір қос атты әбзел немесе әрбір атқа бір жалқы атты әбзел есебінен штаттық жегілетін аттар саны бойынша бір түрлі әбзел беріледі.