бөлімдерінің әскери қызметшілерін жеңіл киіммен жабдықтаудың
№ 14 нормасы
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін | | | |
1 | Қара түсті кепи | 1 дана | 1 жыл | - |
2 | Погондары бар қысқа жеңді кұм түстес жейде | 1 дана | 1 жыл | - |
3 | Көк түсті балағы түсіңкі немесе қысқа шалбар | 1 дана | 6 ай | - |
4 | Сандалет | 1 жұп | 1 жыл | - |
| 2. Корабль құрамы әскерге шақыру бойынша матростары мен старшиналары, әскери оқу орындарының курсанттары үшін | | | |
1 | Көк түсті кепи | | | - |
| корабльдерде | 1 дана | 1 жыл | - |
| жағалық бөлімдерде | 1 дана | қызмет мерзіміне | - |
2 | Погондары бар көк түсті қысқа жеңді күртеше мен балағы қысқа шалбар | | | - |
| корабльдерде | 1 жиынт. | 1 жыл | - |
| жағалық бөлімдерде | 1 жиынт. | қызмет мерзіміне | - |
3 | Сандалет | | | |
| корабльдерде | 1 жұп | 1 жыл | - |
| жағалық бөлімдерде | 1 жұп | қызмет мерзіміне | - |
Ескертпелер:
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
Әскери-теңіз күштеріндегі оқу-жаттығуларына жиындарына
шақырылған запастағы офицерлерді, старшиналар мен матростарды
заттай мүлікпен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың
№ 15 нормасы*
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Киім-кешек | | |
1 | Белгіленген түсті кепи | 1 дана | 1 |
2 | Белгіленген түсті теріден тігілген құлақшын | 1 дана | 2 |
3 | Белгіленген түсті астары жылы күртеше мен шалбар (жұмысқа арналған) | 1 дана | 2 |
4 | Белгіленген түсті жұмысқа арналған көйлек (шағын погондары бар жейде мен шалбар) | 1 дана | - |
| 2. Аяқ киім | | |
5 | Белгіленген түсті былғары бәтеңке | 1 жұп | 1 |
6 | Белгіленген түсті іші жылы қысқа қонышты етік (бәтеңке) | 1 жұп | 2 |
| 3. Киім | | |
7 | Белгіленген түсті тельняшка | 2 дана | - |
8 | Іштен киетін кальсон (трусы) | 2 дана | - |
9 | Мақта-мата ұйық | 3 жұп | - |
10 | Мақта-мата сүлгі | 2 дана | - |
| 4. Жылы заттар | | |
11 | Белгіленген түсті жылы тельняшка | 1 дана | 2 |
12 | Жылы кальсон | 1 дана | 2 |
13 | Жүн ұйық | 2 жұп | 2 |
14 | Қара түсті іші жылы қолғап | 1 жұп | 2 |
| 5. Амуниция | | |
15 | Шалбар белбеуі | 1 дана | - |
16 | Қара түсті белдік белбеу | 1 дана | |
17 | Далалық сөмке | 1 дана | - |
Ескертпелер:
Осы норма бойынша сонымен қатар оқу-жаттығу жиындарына жіберілген офицер атақтары бар жоғары оқу орындарының студенттері қамтамасыз етіледі.
Мүлік кейіннен осы заттарды әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындарын өткерген әскери бөлімдердің жұмылдыру қажеттіліктерін жабдықтау үшін 1-санатты беріледі.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
1. Жылдың жазғы уақытында беріледі.
2. Жылдың қысқы уақытында беріледі.
Әскери қызметшілерді жылы заттармен, жабдықтармен және төсек
орын керек-жарақтарымен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың
№ 16 нормасы
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Жылы заттар* | | | |
1 | Погондары бар қой терісінен тігілген қысқа тон | 1 дана | 5 жыл | 1 |
2 | Табаны резеңке пима | 1 жұп | 3 жыл | 2 |
3 | Іші теріден тігілген биялай | 1 жұп | 2 жыл | 3 |
4 | Астары бар ұйықтауға арналған қап | 1 жиынт. | 5 жыл | 4 |
5 | Жылу-оқшаулау (каримат) кілемшесі | 1 дана | 5 жыл | 4 |
6 | Тері унты | 1 жұп | 3 жыл | 5 |
7 | Іші жылы резеңке етік | 1 жұп | 1 жыл | 6 |
| 2. Амуниция | | | |
а) | Армиялық киім нысанын алатын әскери қызметшілер үшін | | | |
8 | Металл құты | 1 дана | 6 жыл | 7, 8 |
9 | Құтыға арналған тыс | 1 дана | 2 жыл | 8 |
10 | Металл қолбақыр | 1 дана | 6 жыл | 8 |
11 | Құрыштан (кевралдан) жасалған дулыға | 1 дана | 10 жыл | 8 |
12 | Жүн малақай-маска | 1 дана | 2 жыл | 9 |
13 | Қатпарлы кеудеше | 1 дана | 2 жыл | 10 |
14 | Броньды кеудеше | 1 дана | 5 жыл | 10 |
15 | Рюкзак (зат қабы) | 1 дана | 2 жыл | 11 |
16 | Шыбынға қарсы перде | 1 дана | 1 жыл | 10 |
17 | Масаға қарсы перде | 1 дана | 1 жыл | 10 |
18 | Қол гранаталарына арналған сөмке | 1 дана | 7 жыл | - |
19 | Жазғы бүркеніш костюмі | 1 жиынт. | 3 жыл | 10 |
20 | Қысқы бүркеніш костюмі | 1 жиынт. | 3 жыл | 10 |
21 | Күннен-шаңнан қорғайтын көзілдірік | 1 дана | 3 жыл | 10 |
22 | Шынтаққа және тізеге арналған қорғаныш қалқандары | 1 жиынт. | 3 жыл | 10 |
б) | Флоттық киім нысанын алатын әскери қызметшілер үшін | | | |
21 | Рюкзак (зат қабы) | 1 дана | 4 жыл | 11 |
22 | Металл құты | 1 дана | 6 жыл | 8 |
23 | Құтыға арналған тыс | 1 дана | 2 жыл | 8 |
24 | Металл қолбақыр | 1 дана | 6 жыл | 8 |
25 | Қатпарлы көкірекше | 1 дана | 2 жыл | 10 |
26 | Броньды көкірекше | 1 дана | 5 жыл | 10 |
| 3. Төсек орын керек-жарақтары ** | | | |
27 | Мақтадан немесе қауырсыннан жасалған жастық | 1 дана | 3 жыл | - |
28 | Сыртқы жастық қабы | 3 дана | 1 жыл | - |
29 | Ақ жайма | 4 дана | 1 жыл | - |
30 | Көрпе қабы | 2 дана | 1 жыл | 12 |
31 | Мақта-мата жапқыш | 1 дана | 2 жыл | 12 |
32 | Мақтадан жасалған матрац | 1 дана | 3 жыл | 12 |
33 | Жартылай жүн немесе бәйкіден жасалған көрпе | 1 дана | 3 жыл | 12 |
34 | Матрац астары | 1 дана | 3 жыл | 13 |
35 | Кереует жанына төселетін кілемше | 1 дана | 3 жыл | 13 |
Ескертпелер:
* Ұшу-техникалық киім-кешек алатын авиацияның жеке құрамына осы норма бойынша жылы заттар берілмейді.
Корабльдерде қызмет өткеретін Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамына осы норма бойынша жылы заттар берілмейді.
** Төсек орын керек-жарақтарымен:
әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусының және «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері казармаларға орналастырылған кезде, ал матростар мен старшиналар одан басқа корабльдерге орналастырылған кезде;
жиындарға шақырылған запастағы әскери міндеттілер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер казармаларға, корабльдерге орналастырылған кезде және тәуліктік (жауынгерлік) кезекшілікті атқару орындарында;
сарбаздар мен сержанттар жауынгерлік кезекшілікті атқару орындарында;
әскери қызметшілер полигондарға, шатырлы лагерьлерге, оқу-жаттығу орталықтарына және қосалқы әуеайлақтарға орналастырылған кезде;
әскери қызметшілер мен талапкерлер әскери оқу орындарына, оқу орындарының әскери факультеттеріне түсу емтихандарын тапсырған кезде;
әскерге шақырылушылар аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру пункттеріне орналастырылған кезде қамтамасыз етіледі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қауырсыннан жасалған жастықтар теңіз деңгейінен 1500 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан аудандардағы шекаралық бекеттердің, уақытша шекаралық бекеттердің, шекара заставаларының (оқу-жаттығудан басқа), шекара комендатураларының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің, шекара қызметі теңіз бөлімдері корабльдерінің, катерлерінің офицерлері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері, сондай-ақ әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері үшін беріледі, оларды силикон жастықтарға ауыстыруға рұқсат етіледі; шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ орталық аппаратты күзету және қамтамасыз ету бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне қой терісінен тігілген қысқа тон орнына погондары бар астары қырқылған қой терісінен тігілген пальто беріледі; 1500 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан аудандарда әскерге шақыру бойынша сарбаздар, сержанттар үшін жартылай жүн көрпе 1 данадан 6 жылға қосымша беріледі.
Климаты суық және қалыпты аудандарда және оларға теңестірілген аудандарда әскери қызметшілерге бүркеніш түсті жүн свитер 2 жылға қосымша беріледі.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
1. Теріден тігілген қысқа тон климаты суық аудандарда жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына, ыстық және қалыпты - 30 пайызына беріледі.
Арнайы киіммен жабдықтау нормалары бойынша теріден тігілген костюм, десанттық астары жылы күртеше мен шалбар алатын әскери қызметшілерге, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлерінде офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қой терісінен тігілген қысқа тон берілмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және Президентінің Күзет қызметінде қой терісінен тігілген қысқа тон орнына иленген былғарыдан тігілген күртеше берілуі мүмкін.
2. Табаны резеңке пима климаты суық аудандарда жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына беріледі.
Климаты қалыпты және ыстық аудандарда табаны резеңке пима тек далалық оқу-жаттығу шығуларын қамтамасыз ету үшін жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына беріледі. Пиманы кию мерзімі климаты қалыпты ауданда - 4 жыл, климаты ыстық ауданда - 5 жыл.
Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілеріне барлық климатты аудандарда жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына беріледі.
Шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне пима орнына іші тері етік беруге рұқсат етіледі.
3. Астары теріден тігілген биялай жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына беріледі. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге астары теріден тігілген биялай 1 жылға беріледі.
4. Астары бар ұйықтауға арналған қап пен жылу-оқшаулау (каримат) кілемшесі Республикалық ұланның әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарына оқу-жаттығулар, далалық шығулар мен арнайы іс-шаралар өткізу кезінде мүкәммалдық мүлік ретінде беріледі.
5. Арнайы іс-шараларға қатысатын әскери қызметшілерге беріледі. Республикалық ұланда тері унты орнына барлық климаттық аудандарда іші теріден тігілген етік беруге рұқсат етіледі.
6. Іші жылы резеңке етік уақытша шекаралық пункттердің, шекаралық пункттердің, шекара заставаларының (оқу-жаттығудан басқа), шекара комендатураларының әскери қызметшілеріне беріледі. Іші жылы резеңке етік болмаған кезде резеңке етік пен тері ұйық беруге рұсат етіледі.
7. Металл құты орнына климаты ыстық аудандарда полиэтиленді құты 2 жылға беруге рұқсат етіледі. Аэроұтқыр әскерлерінде құрастырылған қолбақыр 1 дана 4 жылға және қолбақырға тыс 1 дана 2 жылға беріледі.
8. Жиындарға шақырылған офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскери оқу орындарының курсанттарына, Кадет корпусының және «Жас ұлан» РМ тәрбиеленушілеріне, әскери міндеттілерге және жоғары оқу орындарының студенттеріне беріледі.
9. Жүн маска-малақай климаты суық аудандарда жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына, қалыпты - 50 пайызына, ыстық - 30 пайызына беріледі.
10. Мүліктің осы заттарымен қамтамасыз ету тәртібін әскери қызметшілердің міндеттерді орындауына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі және басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары айқындайды.
11. Жиындарға шақырылған офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына, Кадет корпусының және «Жас ұлан» РМ тәрбиеленушілеріне, әскери міндеттілерге және жоғары оқу орындарының студенттеріне беріледі.
12. Көрпе тысы, мақта-мата жапқыш тәрбиеленушілер үшін беріледі.
Республикалық ұланда және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде төсек орын керек-жарақтары:
жартылай жүн көрпе 1 дана 1 жылға;
мақта-мата жапқыш 1 дана 2 жылға беріледі.
13. Әскери бөлімдер мен мекемелерге есептен шығарылған заттай мүліктің заттарынан матрац астарын және кереует жанына төселетін кілемшелер жасауға рұқсат етіледі.
Автомобиль техникасына қызмет көрсететін әскери қызметшілерді,
жауынгерлік машиналар экипаждарының, штаттық өрт сөндіру
командаларының және арнайы жөндеу бөлімдерінің әскери
қызметшілерін арнайы киіммен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың
№ 17 нормасы *
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
1 | Белгіленген түсті костюм (күртеше мен шалбар) | 1 жиынт. | 1 жыл | 1 |
2 | Керзіден тігілген қолғап | 1 жұп | 1 жыл | - |
3 | Белгіленген түсті астары жылы костюм (күртеше мен шалбар) | 1 жиынт. | 2 жыл | 2 |
4 | Мақта-мата фуражка (берет) | 1 дана | 1 жыл | - |
5 | Жұмысқа арналған трикотаж қолғап | 1 жұп | 3 ай | - |
6 | Резеңке етік | 1 жұп | 2 жыл | 3 |
7 | Резеңкеленген алжапқыш | 1 дана | 1 жыл | 3 |
8 | Резеңке қолғап | 1 жұп | 1 жыл | 3 |
9 | Май-бензинге төзімді костюм (күртеше мен шалбар) | 1 жиынт. | 2 жыл | 3 |
10 | Шуға қарсы құлаққап | 1 дана | 3 жыл | 3 |
11 | Қорғаныш көзілдірігі | 1 дана | 4 жыл | 3 |
12 | Қиын тұтанатын жасанды былғарыдан тігілген костюм (күртеше мен шалбар) | 1 жиынт. | 5 жыл | 4 |
13 | Жүн дулыға астары | 1 дана | 3 жыл | 4 |
14 | Кенептен тігілген биялай | 2 жұп | 1 жыл | 4 |
15 | Дулыға | 1 дана | 10 жыл | 4 |
16 | Өрт сөндіру құтқару белбеуі | 1 дана | 3 жыл | 4 |
Ескертпелер:
* Осы норма бойынша:
танктердің, жаяу әскерлер (десант) жауынгерлік машиналарының, броньды транспортерлер, броньдалған шынжыр табанды транспортер-тартқыштар және олардың негізіндегі машиналар, өздігінен жүретін-артиллериялық және зениттік өздігінен жүретін құрылғылар экипаждарының құрамына кіретін, жөндеу бөлімдері, көрсетілген әскери техника мен қару-жарақты жөндеу бойынша тікелей жұмыс істейтін бөлімшелер мен зауыттардың әскери қызметшілері;
әскери оқу орындарының және танк әскерлері оқу-жаттығу бөлімдері мен бөлімшелерінің курсанттары тізімдік санының 30 пайызы, ал мақта-мата костюммен және астары жылы мақта-мата костюммен 10 пайызы;
жүргізуші әскери қызметшілер, механик-жүргізушілер, трактористер мен механиктер, автомобильдерде, тракторларда, транспортерлерде, шынжыр табан және олардың негізіндегі басқа да машиналарда жұмыс істейтіндер, автомобильді жүргізіп сынайтындар, автомобильді жүргізуді үйретумен айналысатындар және жөндеу бөлімшелерінде, бөлімдері мен мекемелерінде автомобиль техникасын жөндеу бойынша тікелей жұмыс істейтіндер;
автомобиль қызметі әскери оқу орындарының курсанттары тізімдік санының 20 пайызы;
тиейтін жүргізуші әскери қызметшілер мен краншылар;
УАЗ автомобильдерінде жұмыс істейтін жүргізушілерден басқа, жеңіл автомобильдердің жүргізуші әскери қызметшілері арнайы киіммен осы норма бойынша қамтамасыз етілмейді;
штаттық өрт сөндіру командаларының әскери қызметшілері қамтамасыз етіледі.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
1. Жауынгерлік машиналарды жөндеу бойынша тікелей жұмыс істейтін жөндеу бөлімдерінің, бөлімшелері мен зауыттардың әскери қызметшілеріне қорғаныш түсті костюм орнына май-бензинге төзімді костюм беріледі.
2. Белгіленген түсті астары жылы костюм әскери оқу орындарының курсанттарына оқу мерзіміне беріледі. Температурасы +18 С және одан жоғары жылытылатын үй-жайларда техниканы жөндеу бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілерге белгіленген түсті астары жылы костюм берілмейді.
3. Моторларды бөлшектеу, жуу және сынау, машиналарды ағымдағы жөндеу мен алдын алу жөніндегі жұмыстармен ұдайы айналысатын әскери қызметшілерге беріледі.
4. Өрт сөндіру командаларының әскери қызметшілеріне беріледі. Офицерлерге қиын тұтанатын жасанды былғарыдан тігілген костюм орнына кенептен тігілген плащ, ал өрт сөндірушілерге - кенептен тігілген костюм (күртеше мен шалбар) беруге рұқсат етіледі. Көрсетілген заттардан басқа, әрбір өрт сөндіру автомобиліне жылудан қорғайтын костюм 2 жиынтықтан, резеңке етік пен қолғап 2 жұптан (мерзімсіз) беріледі.
Катерлердегі және суүсті (күзет) корабльдеріндегі, теңіз
бөлімдері шолу жасау топтарының әскери қызметшілерін арнайы
киіммен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың
№ 18 нормасы
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
1 | Белгіленген түсті капюшон жағасы бар астары жылы су өткізбейтін матадан тігілген күртеше мен шалбар | 1 жиынт. | 3 жыл | - |
2 | Белгіленген түсті жүн свитер | 1 дана | 3 жыл | - |
3 | Белгіленген түсті мақта-мата костюм | 1 жиынт. | 1 жыл | 1 |
4 | Дауылға киетін резеңкеленген костюм (күртеше мен шалбар) | 1 жиынт. | 2 жыл | - |
5 | Ұзын былғары қолғап | 1 жұп | 3 жыл | 3 |
6 | Белгіленген түсті іші жылы қолғап | 1 жұп | 1 жыл | 2 |
7 | Резеңке қолғап | 1 жұп | 1 жыл | 2 |
8 | Іші теріден тігілген биялай | 1 жұп | 2 жыл | 3 |
9 | Кенеп биялай | 1 жұп | 3 ай | 4 |
10 | Резеңке етік | 1 жұп | 2 жыл | 5 |
11 | Авиациялық планшет | 1 дана | 5 жыл | 6 |
12 | Далалық белбеу | 1 жиынт. | 6 жыл | 2 |
13 | Жүзетін броньды көкірекше | 1 дана | 5 жыл | 2 |
Ескертпелер:
Әскери-теңіз күштерінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығында шағын катерлердің жүргізушілері бағдарламасы бойынша оқитын курсанттарды қамтамасыз ету үшін әрбір катерге су өткізбейтін матадан тігілген костюм 5 жиынтықтан 6 жылға, қара көк түсті мақта-матадан тігілген костюм 5 жиынтықтан 1 жылға және резеңке етік 5 жұптан 2 жылға беріледі.
Әскери-теңіз күштерінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығында шағын катерлердің жүргізушілері бағдарламасы бойынша оқитын курсанттарды қамтамасыз ету үшін әрбір катерге түкті шұғадан тігілген астары бар су өткізбейтін матадан тігілген костюм 5 жиынтықтан 6 жылға, қара көк түсті мақта-матадан тігілген костюм 5 жиынтықтан 1 жылға және резеңке етік 5 жұптан 2 жылға беріледі.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
1. Мақта-матадан тігілген костюм офицерлер құрамына және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге беріледі. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге жұмысқа арналған көйлек беріледі.
2. Корабльдер мен катерлердің шолу жасау топтарының әскери қызметшілеріне беріледі.
3. Былғары қолғап жоғары командалардың жеке құрамына беріледі, астары теріден тігілген биялай барлық жеке құрамға беріледі.
4. Кенеп биялай төмен және швартов командаларының матростары мен старшиналарына беріледі.
5. Резеңке етік барлық климаттық аудандарда корабльдер командаларының 100 пайыз жеке құрамына беріледі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекара заставаларының катерлерінде іші жылы резеңке етік беріледі. Іші жылы резеңке етік болмаған кезде резеңке етік пен тері ұйық етікті кию мерзіміне беруге рұқсат етіледі.
6. Авиациялық планшет тек штурмандық рубкасы жоқ катерлердің командирлеріне беріледі.
Бекеттік киіммен және киім-кешекпен жабдықтаудың
(мүкәммалдық мүлік)
№ 19 нормасы *
Р/с № | Заттар атауы | Бір адамға заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері үшін | | | |
1 | Қой терісінен тігілген тұлып (немесе қысқа тон) | 1 дана | 6 жыл | - |
2 | Кенеп плащ | 2 дана | 3 жыл | - |
3 | Табаны резеңке пима | 2 жұп | 3 жыл | - |
4 | Жүн дулыға астары | 2 дана | 3 жыл | 1 |
5 | Белгіленген түсті мақта-мата фуражка | 1 дана | 1 жыл | 2 |
6 | Белгіленген түсті жазғы мақта-мата костюм | 1 жиынт. | 1 жыл | 2 |
7 | Белгіленген түсті астары жылы костюм | 1 жиынт. | 2 жыл | 2 |
8 | Былғары жабдық | 1 жиынт. | 5 жыл | 2 |
9 | Белгіленген түсті плащ-шатыр | 1 дана | 6 жыл | 2 |
10 | Белгіленген түсті футболка | 2 дана | 1 жыл | 3 |
11 | Тері унты | 1 жұп | 2 жыл | 3, 4 |
| 2. Республикалық ұланның әскери қызметшілері үшін | | | |
12 | 2.1. Бекеттік киім | | | |
13 | Погондары бар астары табиғи теріден тігілген астары жылы күртеше мен шалбар | 1 жиынт. | 4 жыл | 5 |
14 | Бекеттік тұлып | 2 дана | 4 жыл | 6 |
15 | Тері унты | 2 жұп | 3 жыл | 4 |
16 | Табаны резеңке пима | 2 жұп | 3 жыл | - |
17 | Плащ-жамылғы | 2 дана | 3 жыл | - |
18 | Тері биялай | 1 жұп | 1 жыл | 5 |
19 | Резеңке етік | 2 жұп | 1 жыл | - |
20 | Жүн дулыға астары | 2 дана | 3 жыл | - |
| 2.2. Киім-кешек | | | |
21 | Жүн фуражка | 1 дана | 2 жыл | - |
22 | Қаракөлден тігілген құлақшын | 1 дана | 2 жыл | - |
23 | Погондары және қаракөлден тігілген жағасы бар сұрғылт түсті шинель | 1 дана | 2 жыл | - |
24 | Белгіленген түсті салтанатты кашне | 1 дана | 2 жыл | - |
25 | Жүн пуловер | 1 дана | 2 жыл | - |
26 | Погондары бар жүн мундир | 1 дана | 2 жыл | - |
27 | Балағы етікке салынатын жүн шалбар | 1 дана | 2 жыл | - |
28 | Іші жылы құрым етік | 1 жұп | 2 жыл | - |
29 | Құрым етік | 1 жұп | 2 жыл | - |
30 | Погондары бар белгіленген түсті сыртынан киетін салтанатты жейде | 1 дана | 1 жыл | - |
31 | Белгіленген түсті галстук | 1 дана | 1 жыл | - |
32 | Белгіленген түсті мақта-мата салтанатты қолғап | 1 жұп | 1 жыл | - |
33 | Белгіленген түсті жартылай жүн салтанатты қолғап | 1 жұп | 1 жыл | - |
34 | Тоғасы бар салтанатты белдік белбеу | 1 дана | 2 жыл | - |
35 | Белгіленген түсті аксельбант | 1 дана | 5 жыл | - |
Ескертпелер:
* Осы норма бойынша әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) сыртқы қарауыл және өрт сөндіру бекеттерінің әскери қызметшілері және теміржол және су жолдары бойынша жүкке ілесіп жүретін қарауылдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету жөніндегі қызметті атқаратын әскери қызметшілері қамтамасыз етіледі.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
1. Дулыға астары климаты суық аудандарда, ал жүкке ілесіп жүретін қарауылдардың жеке құрамына климаты қалыпты аудандарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету жөніндегі қызметті атқаратын әскери қызметшілеріне беріледі.
2. Тек Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери полициясы мен патрульдік-бекеттік қызмет жедел ден қою бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне беріледі.
3. Тері унты орнына тері етік беруге рұқсат етіледі.
4. Республикалық ұланда погондары мен астары жылы шалбары бар астары табиғи теріден тігілген күртеше мен тері биялай қарауылдың барлық жеке құрамына беріледі.
5. Бекеттік тұлып орнына армиялық қысқа тон немесе астары қырқылған пальто беруге рұқсат етіледі.
Емдеу мекемелері мен бөлімшелерін заттай және
санитарлық-шаруашылық мүлкімен (мүкәммалдық мүлік)
жабдықтаудың № 20 нормасы *
Р/с № | Заттар атауы | Бір кереуетке заттар саны | Кию мерзімі | Бір кереуетті ұстау нормасы | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Сырт киім мен киім | | | | |
1 | Госпитальдық берет | 1 дана | 2 жыл | 2 дана | - |
2 | Жазғы госпитальдық костюм (күртеше мен шалбар) | 2 жиынт. | 1 жыл | 2 жиынт. | - |
3 | Іш киім | 2 жиынт. | 1 жыл | 4 жиынт. | 1 |
4 | Мақта-мата майка | 2 дана | 1 жыл | 4 дана | - |
5 | Мақта-мата трусы | 2 дана | 1 жыл | 4 дана | - |
6 | Медициналық мақта-мата халаты | 1 дана | 1 жыл | 2 дана | 2 |
7 | Мақта-мата сүлгі | 4 дана | 1 жыл | 4 дана | 3 |
8 | Түкті сүлгі | 4 дана | 1 жыл | 2 дана | - |
9 | Процедуралық түкті сүлгі | 2 дана | 1 жыл | 2 дана | - |
10 | Мақта-мата ұйық | 6 жұп | 1 жыл | 6 жұп | - |
| 2. Төсек орын керек-жарақтары | | | | |