Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 105 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген 10-бөлімнің 3-бағанында:
«Емханасы бар орталық госпиталь» деген жолдағы «581» деген сандар «570» деген сандармен ауыстырылсын;
«Аумақтық госпитальдар мен емханалар» деген жолдағы «1433» деген сандар «1444» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | К. Мәсімов |