3.2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйi
Өнеркәсіп. Балқаш-Алакөл бассейнінің негізгі өнеркәсібі минералды-шикізаттар ресурстары болып табылады. Минералды шикізаттардың көп түрлілігі, соның ішінде мыс құрамды және полиметалды кендері, Балқаш-Алакөл бассейнін Қазақстанның өндірістік күштерін дамытушы басымды өңірлер қатарына қойды. Олардың базасында «Балқаш цветмет» ӨК және Текелі қорғасын-мырыш комбинаты қызмет етеді.
Өзге салалардан - Талдықорғандағы қорғасын аккумулятор зауыты, Қапшағай фосфор зауыты, Боролдай және Жансүгіров қант зауыттары.
Өңірдің өнеркәсіптік кешені қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Оның қызметі қоршаған орта жағдайына, әсіресе су ресурстарының, жер және атмосфераның ластануына әсер етеді. Өнеркәсіпте және коммуналды шаруашылықта тұйық жүйені және айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйесін қолдану деңгейі өте төмен; су тарту көлемі көп, соның ішінде қажетті тазалаусыз жүргізіледі. Жеке және жалпы жүйелік болсын тазалау имараттарының қуаттылығы ағынды су көлеміне сәйкес емес, тазалау сапасыз жүргізіледі, көбінесе өзендер мен су қоймаларына тазаланбаған су төгіледі.
Сондай-ақ, өнеркәсіпте таза суды қолдану көлемінің төмендегені байқалады. Солай, Алматы облысында 1%, Қарағанды облысында 8%, Шығыс Қазақстан облысында 2%, Жамбыл облысында 69% су тұтынушылар есебінен төмендеу болды.
Алматы қаласында су тұтыну 1%-ға көтерілді. 2004 жылмен салыстырғанда Қарағанды облысында өндірістік қажеттілікке, «Балқашцветмет» айналмалы және қайталама сумен қамтамасыз етумен қолдануының көбею есебінен таза су 13%-ға аз алынған. «Балқашцветмет» ӨҰ жақсы көрсеткіш көрсетіп, 2005 жылы Балқаш көлінен таза суды пайдаланбады. Соңғы бес жылдағы «Балқашцветмет» ӨҰ-ның су тұтынуын талдай келе, 38% айналмалы-қайталама сумен қамтамасыз етудің көбейгенін көреміз.
Айналмалы сумен қамтамасыз ету, әсіресе өнеркәсіпте, су ресурстарын үнемдеуде маңызды резерв болып табылады. Оны су шаруашылығына енгізу кезінде шаруашылықтың су алу қажеттілігін 25-30 есе төмендетеді, яғни пайдаланған суды төгу де азаяды.
Бұдан өзге, шамамен қырық жыл бойы Балқаш өзенінің экожүйесі және жақын аумақтардың экологиялық қолайсыздығына Сарышаған әскери полигонының (полигонның жалпы көлемі 81,2 мың шаршы метр), сонымен бірге бассейнде - 49,2 мың шаршы метр, қызметі ықпал етеді. Өзеннің экожүйесіне өзен жағалауына электр стансасын салу жобасын іске асыру да, сонымен қатар Іле өзені атырауындағы Төменгі Іле көмір бұрғылау кен орындарын игеру де үлкен қауіп-қатер төндіруі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы. Өңірде соңғы жылдары суармалы жерлер көлемі қысқарып кетті және олардың өнімділігі төмендеп кетті. Шөлейт жайылымдардың тозуы және су басқан жайылымдар көлемі азаюы байқалады. Сонымен бірге, Балқаш-Алакөл бассейнінде суармалы егін шаруашылығы суды көп қажетсінетін, бассейннің экологиялық жағдайына әсер ететін сала болып табылады. Бассейнде су шаруашылығы имараттарында алдын алу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары шұғыл қысқарды және толық тоқтатылды. Ішкі шаруашылық торап иесіз қалды, суармалы жерлерге көптеген өз бетімен қожалық етіп отырған су пайдаланушы субъектілердің пайда болуы ішкі шаруашылық торабын пайдалану жүйесіне іріткі салуға әкеліп соғады.
1992-2005 жыл аралығында ауыл шаруашылығының су алуына талдау 6,2-ден 2,9 км3-ге немесе 2,5 есе қысқарғанын көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауымен ірі суармалау массивтері істен шыққан, суармалы жерлерде өнімділік төмен. Пайдаланудың нашар деңгейінен су басқан жайылымдар көлемі азайған, онымен бірге мал басы тез арада азайып кетті.
1992 жылдан 2005 жыл аралығында тұрақты суармалау көлемі 663,4-тан 443,963 мың гектарға немесе 34% қысқарған, тұрақты суармалы жерлерге су алу 5804,05-тен 2974,189 млн. м3 немесе 49-51% пайызға қысқарған, жалпы суармалау көлемі 663,4-тен 443,711 мың гектарға немесе 34% қысқарған.
Суармалы егін шаруашылығына реформа - суармалы жерлерде шаруашылық етуші субъектілердің әр түрлі көптеген түрлерінің шығуымен, егін себудің құрылымдарын қайта профилдеумен, ауыспалы егіс жүйесін жүргізудің бұзылуымен, суды пайдаланудың нарықтық тетігін енгізумен байланысты.
Егер бұрын суармалы жерлерде көбінесе масақты, жемшөп, күріш, дәнге арналған жүгері, көп жылдық шөптер өсірілсе, соңғы жылдары техникалық дақылдардың - қант қызылшасы, қытай бұршақ, темекі, күнбағыстың - көбеюі байқалады.
1992 жылдан 2002 жыл аралығында суармалау жүйесінің пайдалы әсер коэффициенті 0,75-тен 0,64-ке дейін төмендеді, ал 2003 жылдан 0,66-ға дейін көбейді. Суармалау нормасы 6295-тен 4518 м3/гектарға төмендеді.
- 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда қытай бұршақ, қант қызылшасы, күріш, масақты дақылдар, көкөністер сияқты ауыл шаруашылығы дақылдары орташа 10-12% көбейді. Солай, соңғы жылдары суарған жерлердің берерінде жақсы өзгерістер байқалады, бұлар экономиканың тұрақтылығы және тауар өндірушілерді қаржыландырудың ұлғаюымен ескеріледі.
Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету 12 мыңнан астам халқы санымен ауылдық елді мекендерді қамтиды.
Ауыл халқы тұрғындарының саны 100-ден 5000-ға дейінгі және одан да астам адамы бар екі жүзден астам елді мекендерге орналасқан, тұрғындарының саны 1 мың адамнан асатын елді мекендер (40% шамасында) басымдыққа ие.
Бассейннің ауыл халқының сумен қамтамасыз ету көздері жер үсті және жер асты сулары болып табылады.
Ауылдық елді мекендерде су құбырының ұзындығы 2214 км астам құрайды. Су құбырының техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда, олардың тозушылығы шамамен 70-80% құрайды.
Құбырлардың көбінің қызмет мерзімі өтіп кеткен, бұл жиі жарылулар мен апатты жағдайларға, қызметтердің қымбаттауына әкеліп соғады. Кейбір жағдайларда халықтар санитарлық нормаға сәйкес емес суды ауыз су үшін пайдаланады.
Ауылды елді мекендерде, сумен қамтамасыз ету жүйесін толық пайдаланатын ауылдық шаруашылық ететін субъектілер жоқ. Бюджеттен дотациясыз ауылдық жерлерде су құбырлары қызмет ете алмайды.
Бассейнде балық шаруашылығы негізінен Балқаш көлінде және жартылай Іле өзенінде шоғырланған. Қалған тоғандар балық өнімін өндіруде маңызы жоқ. Су қоймалары, Қапшағайдан өзге, балық өндіру өнеркәсібі жоқ. Алматы облысында Іле және Еңбекші қазақ аудандарында орналасқан тауарлы балықтарды өсіру жөніндегі кіші тоғандық шаруашылықтар бар. 2001 жылдан 2005 жыл аралығындағы балық аулау көрсеткішінің төмендеуін талдау балық шаруашылығындағы тоғандарды ылғалдатуға су пайдаланудың жылдан жылға қысқаруынан екендігін көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдай, жемшөптің қымбаттауы, су сапасының, күріш себудің төмендеуі, балыққа тән емес әр түрлерін енгізу балық ресурстарының едәуір төмендеуіне әкеліп соқты.
Энергетика. Бассейнде 14 гидроэлектрстанциясы бар (бұдан әрі - ГЭС). Едәуір ірі гидроэлектр станциясы Қапшағай ГЭС болып табылады. Соңғы жылдардың талдауы көрсеткендей Қапшағай ГЭС электр энергиясын өндіруге су шығыны суы көп жылдары, 2004 жылдан бастап су шығыны азая бастағанын көрсетеді. Электр энергиясын өндіру болашақта Іле өзені бойынша ҚХР-нан келетін сулардан тәуелді болады.
Қапшағай су қоймасынан жіберілу режимінің ұдайы бұзылуына, энергетикалық төгінділердің ұлғаюына байланысты Ақдала сілемдерінің суарылатын жерлеріндегі су қақпалары ауданында Іле өзені жағалауының шайылуы мен бұзылуына әкеп соқты. Шайылу процесінің нәтижесінде атырауда бірқатар тармақ лайланып қалды, және өзен жүйесі тозады. Атырау тармақтарын тазалау және арна реттеу жұмыстары, ауылшаруашылық және экожүйелік мүддесін ескере отырып, ГЭС режимін оңтайландыру жөніндегі шұғыл шаралар қажет. Жер үсті ағындылары су ресурстарын қысқартуды күту жағдайында Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне жіберудің су қорғаушы компенсациялық режимін, сонымен қатар Құланбас мерзімді ағын контррегуляторының имаратын жүргізу қажет.
2004 жылдың басында жылу энергетикасында су көлемінің ұлғаюы, жаңа турбоагрегат іске қосылған Балқаш ТЭЦ-те болды. 2005 жылы Төменгі Тоқырау кен орынынан аз ғана су алып айналма және қайталама суда жұмыс істейтін мырыш зауыты өндірістік сатыға қосылды. «Балқашцветмет» ӨҰ айналмалы сумен қамтамасыз ету есебінен күкіртқышқыл өндірісін енгізуді жоспарлап отыр. Шығыс Қазақстан облысы Ақтоғай станциясынан алыс емес жерде Балқаш тау-кен-металлургия комбинаты үшін жаңа мыс кен орыны өңделетін болады.
Электр энергиясын өндіру бойынша Балқаш ТЭЦ-нің шартты таза суды қолдануы 2001 жылдан 2005 жыл аралығында 167-ден 171 м3/МВт дейін ұлғайған. Осы мерзім аралығында жылу энергиясын өндіруге біртіндеп пайдаланылған судың шартты су қолдануы 12,8-ден 13,9 м3/Гкал өскен.
Коммуналды шаруашылық инфраструктураның жоғары тозығымен сипатталады. Кәсіпорындарда құралдардың жалпы тозығы 40-60 пайызға дейін жетеді, едәуір тозық елді мекендердің энергия желілері мен су жүргізетін канализациялық желілерде байқалады. Бірқатар елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі мүлдем жоқ немесе жағдайы қанағаттанарлық емес. Орташа есеппен су құбыры арқылы сумен тұрғындардың 70-75 пайызы қамтамасыз етіледі. Қалалық су құбырларының 70 пайызы тозығы жеткен, бұл апат және едәуір су шығынына әкеп соғады. Желідегі су шығыны 30 және одан да көп пайызға жетеді. Көптеген кенттер мен ауылдардың канализациялары жоқ. Су шаруашылығының жағдайы ең төмен қанағаттанарлықсыз болып тұр. Бөгеттер, су торабтары мен өзге де имараттардың нашар техникалық жағдайы.
Рекрациондық инфрақұрылымның нашар дамуы. Реакрациондық инфрақұрылымдардың көптеген объектілері кеңес дәуірінде салынған, өте тозған және халықаралық стандарттарға жауап бермейді.
Алматы және Талдықорған қалаларындағы өндірістік кәсіпорындар мен автожуғыштардағы техникалық қажеттілікке қолданылатын ішетін судың сапасы үлкен алаңдатушылықты туғызады. Көптеген автожуғыштарда айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйесі бар, бірақ олар оны қолданбайды, себебі электр энергиясы қымбат. Ішу сапалы суды шаруашылық-ішуге сумен қамтамасыз етуге байланысты емес қажеттілікке пайдаланатын кәсіпорындар үшін жоғары тарифтер қондыру қажет.
Әлеуметтік сала. Аймақтың тұрғындарының демографиялық жағдайы мен денсаулығы үлкен алаңдатушылықты туғызады. Аймақта өмір ұзақтығының функциясы ретінде өлшенетін өмір сапасы, халықтың әл-ауқаты және қоршаған ортаның жағдайы қажетті деңгейде емес. Бұл - әлеуметтік саласы кенже дамыған ауылдық аудандарға, сонымен қатар қоршаған ортаға антропогенді қысымы мол қала аймақтарына да байланысты. Демографиялық көрсеткіштерді ықшамдау, тұрғындардың науқастану көрсеткіштерін төмендету қажет. Санитарлық жағдай, тұрғындардың едәуір бөлігінің физиологиялық толыққанды ішетін су ресурстарына қолжетімдігінің жоқтығы үлкен алаңдатушылықты туғызады. Балқаш-Алакөл бассейінің орнықты дамуы - нақты мақсатты құру негізінде экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторлардың балансын, даму параметрлерін және нәтижелер мониторингін жобалауды қамтамасыз етуде болуы керек.
3.3. Трансшекаралық сипаттағы проблемалар
Трансшекаралық проблемалар мен бассейндік басқарудың жеткілікті оң шешімді халықаралық тәжірибе бар. Ұлы өзендер (АҚШ), Онтарио (АҚШ және Канада), Тенеси көлі бассейнінің корпорациясы, Бива көлінің (Жапония) Франциядағы бассейндік басқаруы және өзге де бассейндік басқару нәтижелері, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларды кешенді шешудің тексерілген тетігі болып табылады, ортақ мақсат маңайына әртүрлі топтардың мүдделерін интеграциялауға және оларға жету үшін күш-жігер мен ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді. Көптеген дамыған елдерде қоғамды топтастыру және экономикалық даму үшін дәл осы бассейндік бағдарламалар негіз болып табылды.
ҚХР-дың аумағы 70% дейін өзендік ағын қалыптасатын, Іле өзендік трансшекаралық көлемнің шамамен 18% пайызын алып жатыр (60 мың км2). Осыған сәйкес Қазақстан шегінде бассейн көлемінің 80% (268 мың км2) бар және ағынның 30% қалыптасады. Шартты-табиғи мезгіл аралығында Іле өзені ағынының жиынтық шығыны ҚХР-да бассейннің жалпы ағынынан 20%, Қазақстанда - шамамен 30% құрайды, шамамен өзен ағынының жартысы Балқаш өзеніне құйылады. Судың органикамен, мұнай өнімдерімен және өзге де заттармен ластануы байқалады.
Іле өзенінен Қытай тарапынан мөлшерден тыс су алу қатері, өңірдің дамуы үшін қосымша тәуекел факторы болып табылады. Бұл өзеннен 10-15% су алу, мамандардың пікірі бойынша, Балқаштың қайырлануы мен тұздалуына, Аралға ұқсас Экологиялық апатқа, байыпты әлеуметтік-экономикалық зардаптарға әкеп соғады.
Бассейндегі су балансының орнықтылығы, Қытай аймағынан, сонымен қатар жартылай Қырғызстан аймағынан келетін суға тәуелді екендігін ескерсек, суды әділ бөлу және барлық бассейн елдерімен қабылданған орнықты даму жөніндегі міндеттер негізінде, экожүйені сақтау туралы халықаралық көптарапты келісім қажет.
Аумақтық даму стратегиясында ескерілгендей бассейн аумағы орта-азиялық өңірде ішкі өңірлік экологиялық және экономикалық байланыстарын ықпалдастыруда, капитал мен инвестицияларды тартуда, орта-азиялық рынокқа бағытталған экологиялық таза өндірістерді орналастыруда, халықаралық деңгейде қызмет көрсетуде маңызды роль атқара алады, сонымен қатар маңызды байланыстырушы буын, өзара әрекет ететін еуропалық, азия-тынық мұхит және оңтүстік азиялық даму бағдарламасының трансконтинентті көпір функциясын орындай алады.
Өңірдің географиялық орналасуы халықаралық серіктестердің, еуропалық одақтың тек қана жүктерді тасымалдаудан пайдасын ғана пайдалану емес, еуразиялық кеңістікте экологиялық және сауда-экономикалық ықпалдастықтың қалыптасу процестеріне болашақта қатысу қызығушылығын алдын ала анықтайды. Трансшекаралық проблемаларды шешуге, сонымен қатар технологиялар мен инвестициялар тартуға ықпал ететін халықаралық серіктестер Бағдарламаларының басымды бағыттарын қатыстыру қажет.
3.4. Бассейнді басқару проблемалары
Басты проблема - бассейнде қызмет етіп отырған басқару жүйесінің кемшіліктері болып табылады. Қазақстан Республикасының аумақтық даму Стратегиясында белгіленгендей «аймақтық дамуда сақталған сәйкессіздікті және жаңа перспективалық міндеттерді ескере отырып аумақтың даму мәселелері орталық және жергілікті дәрежедегі тиімді үйлестірушілікті талап етеді». «Өңірлік жобалаумен, маңызды табиғи ресурстар және инфрақұрылымдарды пайдаланудың салалық схемасымен өзара байланыста болатын, елдің кеңістіктік ұйымдарының моделі қалыптаспаған. Көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстар, аудандар, қалалар мен ауылдар), трансөңірлік процестер мүдделерінің үйлестіру құралдары (тетіктер) жоқ». Мемлекеттік органның суды басқаруда қажетті мәртебесі және өкілеттігінің жоқтығы, Бассейндік су шаруашылық басқармалар мен облыстық «Водхоздардың» жұмысындағы параллелизм, бірқатар су шаруашылық объектілерін коммуналды немесе акционерлік меншіліктікке берілуі: кейбір «Водхоздардың» коммуналды шаруашылық жүйесіне көшуі - мұның бәрі, егер жалпы экономикалық кризиске байланысты туған су тұтынудың едәуір төмендеуі, суы көп жылдар болмаса, Аралға ұқсас экологиялық кризиске әкеп соғуы мүмкін еді.
Фрагментарлы өкілеттік және қысқа мерзімді мүдделілік бассейннің аталған проблемаларын шешуіне мүмкіндік бермейді, қызмет етіп отырған үйлесімдік тетігі ведомствоаралық және халықаралық қарама-қайшылықтың келісімге келуіне ықпал етпейді.
Басқарудың қажетті аясын қалыптастыру, барлық мүдделі тараптарды қатыстыру, жалпы мақсаттарды өндіру және қажетті инвестицияларды тарту - Бағдарламаның іске асыру шарттары мен бірінші кезектегі шаралары болып табылады.
Басқару жүйесі тұрғындар мен бассейннің санитарлық және экожүйелік қажеттілігін қамтамасыз ететін су режимінің тұрақтануы мен су сапасын жақсартуға ықпал етуі керек. Басқару әдісін оңтайландыруға бассейнде су сапасының мақсатты көрсеткіштерін кезеңмен қондыру және аграрлы, коммуналды және өнеркәсіптік секторларда суды пайдалануды ұтымды ету жолымен қол жеткізу керек.
Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді шұғыл мақсатты көрсеткіштер технологиялық нормативтер, жоспарланатын бюджеттік қаражаттар көлемі, бюджеттік қоса қаржыландыру кестесі, даму институттарының қатысу, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақылар мен айыппұлдар ставкасы және өзге реттеу құралдары негізінде төгінділерді шектеу әдістемесімен тұтас пакетте Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге берілуі қажет.
Бассейн және оның учаскесі үшін мақсатты көрсеткіш ретінде мыналар қолданыла алады:
су тасуының тиімді режимін қадағалау кезінде, Балқаш көлінің қазіргі белгісінде (341,5м) су деңгейін ұстап тұру үшін жеткілікті көлемде экологиялық ағынды қамтамасыз ету.
Басымды ластаушы заттар: мыс, қорғасын, фенол, пестицидтер, органикалық заттар мен мұнай өнімдері жөніндегі санитарлық талаптарға сәйкес, бассейннің проблемалық учаскесінде және Балқаш көлінің су сапасына кезегіндегі жету.
Бассейндегі судың мақсатты көрсеткіштері, индикаторлар мен жоғары дәрежедегі көрсеткіштерде, атап айтқанда - Қазақстан Республикасының орнықты дамуының 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметімен қондырылған өзге де бағдарламалары мен стратегиялық құжаттарға сәйкес болуы және орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Олар бір уақытта өкілетті орган реттеу қызметінің тиімділік индикаторы ретінде пайдаланылады.
Олардың экономикалық маңыздылығын ескере отырып, бассейндерді басқару құралдарының пакетін әзірлеу сапасына жоғары талаптар қойылады. Осыған байланысты әдістемелік әзірлемелер мен стратегиялық жоспарлаудың тұрақты қызмет ететін техникалық үйлесімдік тобын ұйымдастыру қажет.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарлама мақсаты. Бассейннің орнықты дамуын қамтамасыз ету және экожүйелік басқаруды қалыптастыру мен инвестиция және экологиялық таза технологияларды енгізу жөнінде қолайлы жағдай құру негізінде өңір халқының өмір сүру ортасын сақтау.
Бағдарламаның негізгі міндетi болып мыналар табылады:
өңірдің ресурстық (жер, cу, рекрациондық) әлеуетін тиімді пайдалану;
бассейн негізінде қазіргі заманғы аумақтық ұйымдастыру моделдерін енгізу және экологиялық бағытталған бизнесті жүргізу;
әлеуметтік-демографиялық жағдайды және тұрғындар денсаулығын алдын алу шаралары мен қауіп-қатерлерді төмендету жолдарымен жақсарту;
экожүйені сақтауды, экономикалық қызметті қолдайтын және адамдық капиталды дамытуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту;
іскери және инвестициялық климатты құру, жаңашылдықтарды ынталандыру, таза технологиялар және орнықты өндіру мен тұтыну моделдерін жетілдіру және енгізу үшін жағдай жасау;
табиғатты тиімді пайдалану және халықаралық нормалармен, конвенциялармен және келісімдермен үйлесімдік саласында ұлттық заңнаманы жетілдіру;
инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізу және коммуналды, табиғат қорғау және көлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ұстап тұру.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыты мен тетігi
Бұдан бұрын қалыптасқан әдістерді жоспарлау тәжірибесіне қарағанда, тиімді аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, өңірдің географиялық жағдайын тиімді пайдалану үшін қолайлы орта құру міндеті тұр.
Бассейннің трансшекаралық сипатынан қарағанда, көрші мемлекеттер тарапынан бұдан әрі су алу және ластауының алдын алу үшін, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де судың саны мен сапасының параметрлерін сақтау және жақсартуға мүдделі салаларда біріккен инвестициялық бағдарламалар және жобаларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Жалпы, қалыптастыратын бассейндік басқару жүйесі өңірдің әкімшілік-аумақтық ұйымдастыру мен аумақтың жоспарлау жүйесін бұдан әрі жетілдіру параметрлерін береді.
Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретінде бассейн аумағын пайдалануда Еуропалық елдердің мүддесін қолдану қажет. Қолданыстағы экология және орнықты даму жөніндегі жалпы еуропалық бағдарламалар, қалыптасып жатқан коммуникациялық дәліздер өңірлік және жаһандық нарықта өңірді интеграциялауға да, экологиялық таза технологиялар мен инвестицияларды тартуға да ықпал етуі керек.
Капиталды көп қажетсінетін инфрақұрылымдық жобаларға, бюджеттік қаржыландырумен қатар, Бағдарламаның ірі инвестициялық жобасын іске асыру формасы мемлекеттік-жеке әріптестік болып табылады. Сонымен бірге мемлекеттік-жеке әріптестік жолымен жүзеге асыру лайықты болатын іске асырылатын стратегиялық маңызды басымды инфрақұрылымдық жобалар тізбесі белгіленетін болады.
ҚР Үкіметінің 2008.30.07. № 723 Қаулысымен 5.1 кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.1. Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту
Су ресурстарын ұтымды қолдану және оларды ластанудан сақтау проблемасын шешу үшін келесі іс-шаралар қарастырылады:
су объектілерінің мониторинг жүйесін дамыту және оларды қолдануда мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру;
Балқаш-Алакөл бассейнінің су көздеріндегі су қорғау аймақтарын жайластыру;
жер беті сулары ресурстарының күтілетін өзгерістері жағдайында Балқаш-Алакөл бассейнінің табиғи-шаруашылық жүйесінің гидроэкологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
шекаралас мемлекеттермен су алу көлемін ескере отырып трансшекаралық су ағынының болжамы;
экожүйенің орнықтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып Алакөл-Сасықкөл көлінің жүйесіндегі су айдыны деңгейінің режимін оңтайландыру;
Ағын және коллекторлық-дренаждық суды тиімді тазалау және суландыруға қайталама қолдану жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Жайылымдар мен егістік жерлердің тозуын төмендету үшін жер ресурстарын қорғау жөніндегі шаралар қарастырылады:
топырақ, шаруашылыққа арналған жерлерді қорғау және адамның шаруашылық және өндірістік қызметіне байланысты бұзылған жерлерді қалпына келтіру;
жел эрозиясының алдын алу үшін топырақ сақтаушы егіншіліктің аймақтық жүйесін енгізу;
агротехникалық, орманды жақсарту, гидротехникалық және ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шараларын қоса, өсімдіктерді сақтау құралдарының топыраққа теріс әсер етуін төмендету;
жаңа жер қатынастарының жағдайында Балқаш-Алакөл табиғи-шаруашылық жүйесін жер пайдалану және жер құрылғы жүйесін ұйымдастыруда ландшафты-экологиялық талаптарды әзірлеу.
Атмосфераға зиянды заттардың шығарындысын қысқарту үшін мыналар қарастырылады:
металлургия, жылу энергетикасы, өнеркәсіп және тау-кен өндіру саласындағы объектілерінде өндіріс және тазалау имараттарының экологиялық таза технологияларын енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
жаңғыртылатын және дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
өнеркәсіптік және тұтыну қалдықтарының жинақталу деңгейін төмендету үшін мыналар қажет:
Балқаш-Алакөл бассейні кәсіпорындарында өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды басқару және оларды қайталама қайта өңдеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
өнеркәсіп, тұтыну және коммуналды-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі технологиялық желіні құру;
жер үсті және жер асты суларына өнеркәсіптік қалдықтар (қалдық сақтауыш, гидрошлак үйінділері, күл үйінділері, жинақтағыш-тоғандар, тұндырмалар, тау жыныстарының үйінділері) көптеген жинақтағышының әсерін бейтараптандыру.
ҚР Үкіметінің 2008.30.07. № 723 Қаулысымен 5.2 кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.2 Орнықты экологиялық-экономикалық қызметті дамыту
Коммуналды шаруашылықты жетілдіру үшін қайта қалпына келтіру, техникалық қайта жарақтандыру мен имараттар және су құбырларының торабын, бассейнде қала және қалалық кенттерде канализация және тазалау имараттарын салу, осы өңірлерде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен коммуналды объектілердің тазалау имараттарын кеңейту және жұмыс технологияларын жетілдіруге мыналар қажет:
су және санитария жөніндегі мыңжылдықты дамыту мақсаттарына жету саласында Қазақстан Республикасында қолданыстағы немесе жоспарланған инвестициялық жобаларға талдау және бағалау жүргізу;
бассейнді дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасына қосу үшін инвестициялық жобалар тізбесін әзірлеу.
Өнеркәсіптік уытты қалдықтарды қауіпсіз жинақтау, сақтау, қайта өңдеу және пайдалану процесін реттеу мақсатында қатты және сұйық өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі зауыттар салу қажет.