«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 110 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген 3-бөлімде:
«Ө. Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты 104» деген жолда «104» деген цифрлар «109» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат 120» деген жолда «120» деген цифрлар «121» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |