Шұғыл шешімді қажет ететін маңызды екінші проблема туа біткен жүрек кемістігі (бұдан әрі - ТЖК) болып табылады. Жыл сайын Қазақстан Республикасында ТЖК-мен 3000-ға жуық бала туылады, олардың 1/3-і өмірінің алғашқы жылында шетінейді, ал қалғандары негізінен еңбекке қабілетті жасқа дейін өмір сүрмейді және тұрақты медициналық көмек пен ұдайы әлеуметтік жәрдемақыларға мұқтаж болады.
Республика бойынша 2006 жылғы 1 қаңтарда диспансерлік есепте тұрған ТЖК-мен ауыратын сырқаттардың абсолюттік саны 9450 адамды құрады. ТЖК-мен ауыратын балалардың 8983-і (95%-ы) операциялық емдеуді қажет етеді.
Жас балаларды уақтылы диагностикалау мен операциялық емдеу ТЖК бар 1000-ға жуық балалардың өмірлерін сақтап қалуға көмектеседі, бұл республикадағы демографиялық жағдайға әсерін тигізіп қана қоймай, осы санаттағы сырқаттарды әлеуметтік және медициналық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды да қысқартады.
Республика халқына қол жетімді және сапалы кардиохирургиялық көмек көрсету бойынша қалыптасқан ахуал шұғыл шешімді қажет ететін бірқатар объективті себептерді білдіреді.
Халықтың кардиохирургиялық көмекке мұқтаждығын қанағаттандыру жөніндегі жұмыстардың аса нашар жағдайының басты себептерінің бірі республиканың кардиохирургиялық төсектермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі болып табылады. Бүгінгі күні республика бойынша 101 (10 мың халыққа шаққанда 0,07) кардиохирургиялық төсек орналастырылған, ал нақты мұқтаждығы 2000-ден астам төсекті (10 мың халыққа шаққанда 1,3) құрайды.
Республиканың үш кардиохирургиялық орталығында барлығы 25 кардиохирург (10 мың халыққа шаққанда 0,02) жұмыс істейді, ал республиканың кардиохирургиялық бейін дәрігерлеріне қажеттілігі 200-ден астам (10 мың халыққа шаққанда 0,13) маманды құрайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ) шаруашылық жүргізу құқығындағы «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - РМК) 47 кардиохирургиялық төсек орналастырылған және онда 14 кардиохирург жұмыс істейді.
ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кардиохирургиялық клиникасында 24 кардиохирургиялық төсек орналастырылған және онда 8 кардиохирург жұмыс істейді.
Қарағанды қаласының «Кардиологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 30 кардиохирургиялық төсек орналастырылып, онда 3 кардиохирург жұмыс істейді.
Тұтастай республиканы кардиохирургиялық бейін мамандарымен және кардиохирургиялық төсектермен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан жағдай халықтың кардиохирургиялық операцияларға сұранысын 2,3 %-ға ғана қанағаттандырады.
Мысалы, 2005 жылы республиканың кардиохирургиялық орталықтарында 838 кардиохирургиялық операция жасалды, ал халықтың оларға деген жыл сайынғы сұранысы 16000 операцияны құрайды.
Кейбір өңірлерде проблеманың өзектілігін ескере отырып, кардиохирургиялық бейін мамандарын дербес даярлауды бастап кеткенін атап кеткен жөн. Сөйтіп Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары қазіргі кезде 11 кардиохирург-маман мен 5 эндоваскулярлық хирург даярлады.
Жоғарыда айтылғандармен бірге республиканың кардиолог дәрігерлерімен және кардиологиялық төсектермен қамтамасыз етілуі проблемалық мәселе болып қалуда.
Қазіргі таңда ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарға кардиологиялық көмекті жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді, сондай-ақ өңірлерде - көп бейінді қалалық және облыстық ауруханалардың кардиологиялық бөлімшелері базасында, дербес кардиологиялық ауруханаларда (Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) және кардиологиялық диспансерлерде (Қарағанды және Алматы облыстары) көрсетіледі.
Тұтастай республика бойынша кардиологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында бүгінгі таңда 664 кардиолог жұмыс істейді, ал кардиолог дәрігерлерге нақты қажеттілік 800-ден астам маманды немесе 10 мың халыққа шаққанда 0,5-ті құрайды.
Кардиолог дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші республикалық көрсеткіш 10 мың халыққа шаққанда 0,4 бола тұра, 10 мың халыққа шаққанда әлі күнге дейін Алматы және Солтүстік Қазақстан (10 мың халыққа шаққанда - 0,2-ден), Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай (10 мың халыққа шаққанда 0,3-тен) сияқты облыстарда төмен қалпында қалып отыр.
Жалпы кардиологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары базасында 2608 кардиологиялық төсек орналастырылған, ал кардиологиялық төсекке нақты мұқтаждық республика бойынша 10000 төсектен астам немесе 10 мың халыққа шаққанда 6,5-ті құрайды.
10 мың халыққа шаққанда 1,7 республикалық көрсеткіш кезінде кардиологиялық төсектермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 2005 жылы Алматы облысында - 10 мың халыққа шаққанда 0,8, Қызылорда мен Жамбыл облыстарында - 10 мың халыққа шаққанда 1,1-ден, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында - 10 мың халыққа шаққанда 1,2-ден болды.
Жоғарыда айтылғандар өңірлерде жоғары мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамыту және аудандық және қалалық емханаларды білікті кадрлармен (кардиологтармен) толық жиынтықтауға байланысты мәселелерді шешу қажеттілігін туындатып отыр, олар республика халқын ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың өмір сүру сапасын арттыруға және аурушаңдық, мүгедектік пен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған кардиологиялық патологиясы бар сырқаттар мен мүгедектердің ауруларының алдын алудың, диагностикалаудың, емдеу мен медициналық оңалтудың тиімді әдістерін енгізу жөніндегі іс-шараларды күшейтетін болады.
Осылайша Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету жөніндегі проблеманың жай-күйін талдау ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған көмекті одан әрі дамыту мен жетілдіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін айғақтайды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде халықтың ҚЖА-дан өлім-жітім көрсеткішін кем дегенде 15%-ға төмендету және жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болу себептерін жойған жағдайда халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығын 2005 жылғы 65,9-дан 2010 жылы 69,2 жасқа, оның ішінде ерлерде 60,3-тен 63,5-ке және әйелдерде 71,7-ден 74,8-ге арттыру көзделеді.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітімді төмендету болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің ұйымдық құрылымын дамыту және жетілдіру;
алдын алудың, ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарды ерте диагностикалаудың, емдеу мен медициналық оңалтудың тиімді әдістерін енгізу;
кардиохирургиялық бейін мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2008.14.01. № 13 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1354 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-бөлім өзгертілді
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерi
5.1. Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтің ұйымдық құрылымын дамыту және жетілдіру мыналарды көздейді:
солтүстік (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласы), оңтүстік (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласы) және шығыс (Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары) өңірлерінің халқына кардиологиялық көмек көрсету үшін Астана, Алматы және Павлодар қалаларында үш өңірлік кардиохирургиялық орталықтың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлеу және оларды салу;
республиканың батыс өңірінің (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстары) халқына кардиохирургиялық көмек көрсету үшін ҚР ДСМ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМҚК клиникасын өңірлік кардиологиялық орталық ашу үшін қажетті медициналық жабдықпен толық жарақтандыру;
кардиохирургиялық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын коронарлық артерияларды стенттеу бойынша операциялар жасауға арналған шығыс және жинақтаушы материалдармен қамтамасыз ету;
ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» РМК-ны халықаралық стандарттар деңгейінде кардиологиялық патологиялары бар сырқаттарға диагностикалық және емдеу-іс-шараларын жүргізуге арналған қажетті жабдықтармен толық жарақтандыру;
өңірлерде облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердің базасында кардиохирургиялық бөлімшелер ашу және оларды кардиохирургиялық көмек көрсетуге арналған қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету;
аудандық және қалалық емханаларды кардиолог мамандармен толық жиынтықтау (300 кардиолог дәрігер). Облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердің базасында кезең-кезеңмен кардиохирургиялық бөлімшелер ашу мынадай түрде жүзеге асырылатын болады:
бірінші кезеңде, 2007 жылы облыс орталықтарында (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) коронарлы тамырларға ангиографиялық зерттеулер мен эндоваскулярлы әрекеттер жүргізу үшін мейлінше дайындалған 6 кардиохирургиялық бөлімше ашу және оларды жарақтандыру жоспарлануда;
екінші кезеңде, 2008 жылы мынадай 4 облыс орталығында (Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Атырау облыстарында) кардиохирургиялық бөлімше ашу және оларды жарақтандыру жоспарланып отыр;
үшінші кезеңде, 2009 жылы 3 облыс орталығында (Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстары) кардиохирургиялық бөлімше ашу және оларды жарақтандыру жоспарланып отыр.
4 өңірлік кардиохирургиялық орталық құру және облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердің базасында кардиохирургиялық бөлімшелер ашу 2010 жылға қарай кардиохирургиялық төсектердің санын 101-ден 660-қа дейін, сондай-ақ жүргізілетін кардиохирургиялық әрекеттерді жылына 838-ден 16200 операцияға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Бұдан басқа, барлық көрсетілген іс-шаралар дәлелдеу медицинасының және халықаралық стандарттарды ескере отырып, ҚЖА-ны диагностикалау мен емдеудің клиникалық нұсқауларын, хаттамаларын жетілдіру республика халқының ҚЖА-дан аурушаңдығы, мүгедектігі мен өлім-жітімі мониторингімен, қажетті әдістемелік ұсынымдар әзірлеумен қатар жүргізілетін болады.
5.2. ҚЖА-мен ауыратын сырқаттар мен мүгедектердің алдын алудың, ерте диагностикалаудың, медициналық оңалтудың тиімді әдістерін енгізу мыналарды болжайды, оның ішінде:
халықты алдын ала тексерулерді, ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарды диспансерлеу әдістерін жетілдіруді;
артериялық гипертониямен және ЖИА-мен амбулаторлық ауыратын сырқаттарды жеңілдікті жағдайларда дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді;
ДДҰ ұсынымдарын ескере отырып, ҚЖА-ның өршуіне әкелетін факторлар (семіздік, алкоголь мен темекіні қолдану, дене белсенділігінің жеткіліксіздігі) туралы ақпараттық материалдарды теледидардан көрсету жолымен халықпен алдын алу жұмысын жүргізуді.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар ҚЖА-ның қауіпті мінез-құлықтық факторлар мониторингін бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымдарына енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады.
5.3. Кардиохирургиялық бейін мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру мыналарды болжайды:
168 кардиохирургиялық бейін маманын даярлау мен біліктілігін арттыруды;
жұмыс істеп тұрған кардиохирургиялық клиникалардың базасында кардиохирургиялық бейін мамандарын даярлау және қайта даярлау үшін жетекші шетелдік кардиохирургиялық бейін мамандарын (кардиологиялық бригадаларды) шақыруды.
ҚР Үкіметінің 2008.14.01. № 13 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қаржыландыру көлемі мен көздерi
Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты жұмсалатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын қаржы қаражатының жалпы шығындары 25 527 021,0 мың теңгені (2007 жылы - 5 844 599,0 мың теңге, 2008 жылы - 8 003 392,0 мың теңге, 2009 жылы - 11 679 030,0 мың теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 21 962 754,0 мың теңгені (2007 жылы - 5 367 961,0 мың теңге, 2008 жылы - 6 277 733,0 мың теңге, 2009 жылы - 9 840 422,0 мың теңге) және жергілікті бюджеттердің қаражатынан 3 564 267,0 мың теңгені (2008 жылы - 1 725 659,0 мың теңге, 2009 жылы - 1 838 608,0 мың теңге) құрайды.
2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдері Республикалық бюджеттік комиссияның 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 19 шешіміне сәйкес көзделген және тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын (нақтыланатын) болады.
ҚР Үкіметінің 2008.14.01. № 13 Қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Күтілетін нәтижелер
2010 жылға қарай Астана, Алматы және Павлодар қалаларында 3 өңірлік кардиохирургиялық орталықтың құрылысын аяқтау; 2007 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында қажетті жабдықтармен толық жабдықтай отырып, өңірлік кардиохирургиялық орталық ашу; 2007 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру; 2007-2009 жылдары кардиохирургиялық көмек көрсететін республикалық клиникаларды кардиохирургиялық әрекеттер жүргізуге арналған шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; 2007 жылы - 6, 2008 жылы - 4 және 2009 жылы - 3 облыс орталығында оларды кардиохирургиялық әрекеттерді жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтармен жарақтандыра отырып, кезең-кезеңмен облыстық (қалалық) ауруханалар мен кардиологиялық диспансерлердің базасында кардиохирургиялық бөлімшелер ашу; 2007-2009 жылдары жеңілдікті жағдайда амбулаториялық кардиологиялық сырқаттарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету есебінен тиімді кардиологиялық және кардиохирургиялық қызмет құрылатын болады.
Кардиохирургиялық төсекті 2005 жылғы 101 төсектен 2007 жылы 271 төсекке дейін, 2008 жылы 351-гe дейін, 2009 жылы 411-гe дейін және 2010 жылға қарай 660 төсекке дейін ұлғайту есебінен халыққа кардиохирургиялық көмектің көлемі мен қол жетімділігі ұлғайтылатын болады.
Кардиохирургиялық операциялардың санын 2005 жылғы 838-ден 2007 жылы 2126-ға, 2008 жылы 3476-ға, 2009 жылы 5000-ға және 2010 жылы 16200-ге дейін ұлғайту есебінен халықтың кардиохирургиялық көмектің барлық түрлеріне қажеттілігі қанағаттандырылатын болады.
Шетелдік кардиохирургиялық клиникаларда кардиохирургиялық бейінді 168 маманды, оның ішінде 2007 жылы 100 маманды, 2008 жылы - 34 маманды және 2009 жылы 34 маманды даярлау, жұмыс істеп тұрған кардиохирургиялық клиникалар базасында 2007 және 2008 жылдарда кардиохирургиялық бейінді мамандарды даярлау және қайта даярлау үшін алдыңғы қатарлы шетелдік кардиохирургиялық бейінді мамандарды (кардиологиялық бригадаларды) шақыру, сондай-ақ аудандық және қалалық емханаларды 2007 жылы 300 кардиолог дәрігермен толық жиынтықтау есебінен кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті кадрмен қамтамасыз ету проблемасы шешілетін болды.
Халықтың ҚЖА-дан өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 2005 жылғы 535,0-тен 2007 жылы 524,3-ке, 2008 жылы 497,6-ға, 2009 жылы 470,8-ге дейін және 2010 жылы 100 мың халыққа шаққанда 454,7-гe дейін төмендейтін болады.
ҚР Үкіметінің 2008.14.01. № 13 Қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімi | Болжамды шығыстар (мың еңге) | Қаржыландыру көзi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің ұйымдық құрылымын дамыту және жетілдіру |
1. | Республиканың солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерінің халқына кардиологиялық көмек көрсету үшін Астана, Алматы және Павлодар қалаларында үш өңірлік кардиохирургиялық орталықтың TЭH, ЖСҚ әзірлеу және олардың құрылысын бастау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР ДСМ | жыл сайын 20 қаңтар, | Барлығы: 13000000,0 оның ішінде жылдар бойынша: 2007 жыл - 1300000,0 2008 жыл - 4050000,0 2009 жыл - 7650000,0 | Республикалық бюджет |
2. | Республиканың батыс өңірінің халқына кардиохирургиялық көмек көрсету үшін ҚР ДСМ "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кардиохирургиялық бөлімшесін медициналық жабдықтармен толық жарақтандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР ДСМ | 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 200000,0 | Республикалық бюджет |
3. | Кардиохирургиялық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын коронарлық артерияны стенттеу бойынша операциялар жасауға арналған шығыс материалдарымен және жинақтаушы материалдармен қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР ДСМ | жыл сайын 20 қаңтар, | 2007 жыл - 663920,0 2008 жыл - 710394,0 2009 жыл - 760122,0 | Республикалық бюджет |
4. | ҚР ДСМ "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын халықаралық стандарттар деңгейінде кардиологиялық патологиясы бар сырқаттарға диагностикалық және емдеу іс- шараларын жүргізу үшін қажетті медициналық жабдықтау мен толық жарақтандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР ДСМ | 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 190000,0 | Республикалық бюджет |
5. | Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердің базасында оларды кардиохирургиялық көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықтармен жарақтандыра отырып, кардиохирургиялық бөлімшелер ашу | Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің шешімі. ҚР ДСМ-ге ақпарат | Облыстардың әкімдерi | 2008 жылғы 10 қаңтар | 2007 жылы - 1290000,0 | Республикалық бюджет |
6. | Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Атырау облыстарында облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердің базасында оларды кардиохирургиялық көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықтармен жарақтандыра отырып, кардиохирургиялық бөлімшелер ашу | Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Атырау облыстары әкімдерінің шешімі. ҚР ДСМ-ге ақпарат | Облыстардың әкімдерi | 2009 жылғы 10 қаңтар | 2008 жылы - 1380300,0 | Республикалық бюджет |
7. | Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердің базасында оларды кардиохирургиялық көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықтармен жарақтандыра отырып, кардиохирургиялық бөлімшелер ашу | Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстары әкімдерінің шешімі. ҚР ДСМ-ге ақпарат | Облыстардың әкімдерi | 2010 жылғы 10 қаңтар | 2009 жылы - 1380300,0 | Республикалық бюджет |
8. | Аудандық және қалалық емханаларды кардиолог-дәрігерлермен толық жиынтықтау | Бұйрық | ҚР ДСМ | 2 тоқсан, 2007 жыл | Барлығы: 336255,0 оның ішінде жылдар бойынша: 2007 жыл - 112085,0 2008 жыл - 112085,0 2009 жыл - 112085,0 | Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
2. ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың алдын алудың, ерте диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың тиімді әдістерін енгізу |
9. | Халықты алдын алу тексеру және ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарды диспансерлеу әдістерін жетілдіру | Бұйрық | ҚР ДСМ | 3 тоқсан, 2007 жыл | Шығыстар көзделмейді | |
10. | Амбулаториялық емдеу деңгейінде ЖИА және АГ-мен ауыратын сырқаттардың жеңілдікті жағдайларда дәрілік препараттармен қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 20 қаңтар, | Барлығы: 4848110,0 оның ішінде жылдар бойынша: 2007 жыл - 1508013,0 2008 жыл - 1613574,0 2009 жыл - 1726523,0 | Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
11. | ҚЖА-ның өршуіне әкелетін факторлар (семіздік, алкоголь мен темекіні қолдану, дене белсенділігінің жеткіліксіздігі) туралы ақпараттық материалдарды теледидардан көрсету жолымен халықпен алдын алу жұмысын жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР ДСМ | 2009 жылғы 20 қаңтар | 2008 жыл - 1500,0 | Республикалық бюджет |
3. Кардиохирургиялық бейінді маманды даярлау және біліктілігін арттыру |
12. | Кардиохирургиялық бейіндегі 168 маманды даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын 20 қаңтар | 2007 жыл - 500638,0 2008 жыл - 50000,0 2009 жыл - 50000,0 | Республикалық бюджет |
13. | Жұмыс істеп тұрған кардиохирургиялық клиникалардың базасында кардиохирур иялық бейін мамандарын даярлау және қайта даярлау үшін шетелдік алдыңғы қатарлы кардиохирургиялық бейін мамандарын (кардиохирургиялық бригадаларды) тарту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 2008 жылғы 20 қаңтар, 2009 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 79943,0 2008 жыл - 85539,0 | Республикалық бюджет |
Бағдарламаны іске асыру бойынша болжамды шығыстардың көздерi
Болжамды шығыстардың көздері (мың теңге) | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | Барлығы |
Республикалық бюджет | 5 844 599,0 | 6 277 733,0 | 9 840 422,0 | 21962 754,0 |
Жергілікті бюджет | 0 | 1 725 659,0 | 1 838 608,0 | 3 564 267,0 |
Барлығы | 5 844 599,0 | 8 003 392,0 | 11 679 030,0 | 25 527 021,0 |
2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын (нақтыланатын) болады.