Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулыcына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 38 Қаулыcы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 272 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тізбесінде:
мынадай:
"Министрлердің Үкімет министрлермен Президентпен -
орынбасарлары немесе оның
(вице-министрлер) тапсыруымен
Әкімшілік
Басшысымен "
деген жолдың алдынан:
"Премьер-Министр Үкімет Премьер- Президентпен -
Кеңсесінің Басшысы Министрмен немесе оның
тапсыруымен
Әкімшілік
Басшысымен "
деген жолмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |