“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 408 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспары:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 31-1-жолмен толықтырылсын:
"31-1. "Қазақстан ЖС 2006 жылғы 2006 жылғы 2006 жылғы
Республикасының сот (келi- 1-тоқсан 1-тоқсан 1-тоқсан
жүйесi мен судьяларының сім
мәртебесi туралы" бойын-
Қазақстан Республика- ша)
сының Конституциялық
заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы ";
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын;
3) "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегі Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнде:
реттік нөмiрi 50-жолда:
2-бағанда:
"О.И. Жұмабеков" деген сөздер "З.Я. Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;
3-бағанда "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |