«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы
№ 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы
№ 89 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген 2-бөлімде:
«Фитосанитарлық диагностика және болжамдар республикалық әдістеме орталығы» деген жолдағы «848» деген сандар «943» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | К. Мәсімов |