Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 77 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 440-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрі, төраға
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрi
Тәжин - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Марат Мұханбетқазыұлы министрi
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Ізбасарұлы сауда министрi
Баймұхамбетова - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәмила Мақсұтқызы Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени
даму бөлімінің меңгерушісі
Тілеухан - Қазақстан Республикасының Парламентi
Бекболат Қанайұлы Мәжілісінің депутаты
"Шаханов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мұхтар Шаханұлы Мәжілісінің депутаты
Мусин - Қазақстан Республикасының Экономика
Аслан Есболайұлы және бюджеттік жоспарлау министрі"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Шаханов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мұхтар Шаханұлы Мәжілісінің депутаты, төрағаның
орынбасары
Мусин - Қазақстан Республикасы
Аслан Есболайұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі";
көрсетілген құрамнан Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Бірғаным Сарықызы Әйтімова, Фархат Шаймұратұлы Қуанғанов, Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев, Әбділдин Жабайхан Мүбаракұлы, Владимир Сергеевич Школьник шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |