Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік
мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 53 Қаулысы
Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің бюджет қаражаты мен штат санын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЛА-155/13 мекемесі» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЛА-155/17 мекемесі» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЕЦ-166/24 мекемесі» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «EЦ-166/21 мекемесі» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірлері 9, 23-жолдар алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |