Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 және
2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 44 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 44-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолда:
4-бағандағы «ЭБЖМ (жинақтау)» деген сөздерден кейін «Қаржымині» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-бағандағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 246-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі» деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацындағы «2007» деген сандар «2008» деген сандармен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 1.14-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жылғы 4-тоқсан».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Мннистрі | К. Мәсімов |