Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы
2002 ж. 17 қаңтардағы № 284-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар)
2-тарау. Кеме (9 - 15 баптар)
3-тарау. Кемелерді және оларға (16 - 21 баптар)
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
4-тарау. Кеме экипажы (22 - 28 баптар)
5-тарау. Кеме капитаны (29 - 31 баптар)
6-тарау. Теңіз порты (32 - 38 баптар)
7-тарау. Теңіз портындағы мемлекеттік (39 - 44 баптар)
бақылау
8-тарау. Теңіз лоцмандары (45 - 49 баптар)
9-тарау. Суға батқан мүлік (50 - 53 баптар)
10-тарау. Жүкті теңіз арқылы (54 - 108 баптар)
тасымалдау шарты
11-тарау. Теңіз арқылы жолаушылар (109 - 123 баптар)
тасымалдау шарты
12-тарау. Кемені экипажымен жалдау (124 - 132 баптар)
(тайм-чартер) шарты
13-тарау. Кемені экипажсыз жалдап алу (133 - 143 баптар)
шарты (бербоут-чартер)
14-тарау. Сүйретіп жүзу шарты (144 - 148 баптар)
15-тарау. Көлік экспедициясының, теңіз (149 - 151 баптар)
агенттігін жүргізудің, теңіз
делдалдығының шарттары
16-тарау. Жалпы авария (152 - 168 баптар)
17-тарау. Кемелер соқтығысқан жағдайда (169 - 170 баптар)
зиянды өтеу
18-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдаудан (171 - 178 баптар)
және теңіздің кемелерден аққан
мұнаймен ластануынан келтірілген
залал үшін жауапкершілік
19-тарау. Кемелерді және басқа да (179 - 194 баптар)
мүлікті құтқару
20-тарау. Теңіз талаптары бойынша (195 - 202 баптар)
жауапкершілік мөлшерін шектеу
21-тарау. Кемеге теңіз кепілі. Кеме (203 - 221 баптар)
немесе жасалып жатқан кеме
ипотекасы
22-тарау. Кемені тұтқындау (222 - 225 баптар)
23-тарау. Теңіздегі наразылық (226 - 230 баптар)
24-тарау. Актілер, кінә қою және талап қою. (231 - 239 баптар)
Талап қою мерзімі
25-тарау. Қолданылатын құқық (240 - 248 баптар)
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жарна - тасымалдаушыға жүк берген кезде жалпы авария жағдайындағы шығыстарды өтеу үшiн оның жалпыавариялық шығыстардағы үлесiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде алушы тасымалдаушыға енгізуге мiндеттi болатын ақша сомасы;
2) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңiз жағындағы ең алыс нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес белгiленетiн Қазақстан Республикасының iшкi сулары;
3) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi жалдаушының иеленуiне және пайдалануына кемемен жалданушы келісілген ақы (жалдау ақысын) алып, белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн шарт;
4) сүйреткiш кеме - басқа кемелердi және жүзбелi құрылыстарды сүйрету мен жиекке келтiруге арналған кеме;
5) кеменiң сыйымдылығы - порттардағы есеп айырысуға және флоттың статистикалық есебiн жүргiзуге қызмет ететiн, Қазақстан Республикасының кемелердi өлшеу жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес белгiленетiн сыйымдылық;
6) жүк таситын кеме - жолаушылар тасымалдамайтын кеме (құрғақ жүк, құйылатын жүк таситын, көлiктiк рефрижератор, мұзжарғыш сүйреткiш, итермелегiш, құтқарушы, техникалық флот, кабельдi, арнаулы мақсаттағы және басқа да жолаушылар тасымалдамайтын кеме);
7) демерредж - контрсталиялық уақыт үшiн төленетiн ақы;
8) диспач - кеменi жалдаушыға кемеге жүк тиеудi сталиялық уақыт бiткенге дейiн аяқтағаны үшiн төленетiн сыйақы;
9) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеу және оларды жалпы теңiз кәсiпорнына қатысушы тараптар арасында бөлу;
10) диспашерлер - теңiз құқығы саласында білімi мен тәжiрибесi бар, диспашаны анықтау жөнiнде есеп жасайтын тұлғалар;
11) инцидент - нәтижесiнде зиян келтiрген немесе сондай зиян келтiрудің елеулi және тiкелей қаупi төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгiлi дәрежеде ұқсас бiрқатар оқиғалар;
12) кеме ипотекасы - мемлекеттік тiркелуге жататын теңiз кемесiнің, iшкi суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменің, сондай-ақ жасалып жатқан кеменің тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзу;
13) каюталық багаж - жолаушының белгiленген мөлшер мен көлем шегiнде өзiмен бiрге алып жүретiн, жинақы буып-түйiлген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркiн орналастырылатын заттары;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) сыныптау қоғамы - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған, халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын ұйым;
14) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;
15) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиелiп тұратын уақыт кезеңi;
16) лоцман - кеменi арқанға байлайтын, зәкiрге қоятын және портта кемелердiң орнын ауыстыратын жерге қауiпсiз жеткізу саласында белгiлi бiр білімi мен дағдылары бар маман;
17) кемелердi лоцмандық алып өту - кемелердi лоцман жүзеге асыратын алып өту;
18) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметi;
19) теңiзде сүйрету - кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бiр қашықтыққа сүйрету;
20) теңiз жүкқұжаты - жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдау кезінде ресiмделетiн тасымал құжаты;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) теңiз терминалы - жүктерді тиеуге (түсiруге), оларды сақтауға, теңiз көлігiнің түрімен сабақтас көлік құралдарын жөнге келтiруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсіруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың, инженерлiк құрылыстардың, көтергіш-көліктік және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңіз портындағы мамандандырылған учаске;
21) теңiз талабы - кемелердi сауда мақсатында теңiзде жүзудi көздеп пайдалануға байланысты мәлiмделетiн талап (зиянның орнын толтыру, алымдар төлеу және өзгелер);
22) кемеге теңiздегi кепiл - осы Заң негiзiнде онда аталған мән-жайлар туған кезде пайда болатын кеме ипотекасы;
23) теңiз порты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерiнде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңіз көлiгі қызметiнiң өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешенi;
24) теңiздегi қарсылық - кеме жүзiп бара жатқан немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында кеме иесiне мүлiктiк талаптар қоюға негiздеме бола алатын мәлiмдемесi;
25) мұнай құйылатын кеме - теңiз кемелерi үшiн тұтану температурасы Цельсия бойынша алпыс градус және одан да төмен, iшкi суларда жүзетiн кемелер үшiн Цельсия бойынша елу бес градус және одан да төмен, Рейд бойынша бу қысымы атмосфералық қысымнан төмен шикi мұнайды және мұнай өнiмдерiн құйып тасымалдауға арналған кеме;
26) жалпы кеме кәсiпорны - мүлiк (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебiнен өтелуге тиiс;
27) дағдылы маршрут - теңiз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретiн маршрут;
28) қауiптi жүк - өзiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуiне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауыруына, қоршаған ортаға зиян келтiруге себеп болуы мүмкiн жүк;
29) теңiз терминалының операторы - теңiз портындағы терминалға меншiк немесе өзге де заңды негiздерде құқығы бар және тиеу-түсiру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырушы тұлға;
30) жөнелтушi - теңiз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
31) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген, не тасымалдаушының келісімiмен теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарын, жануарларды және өзге де жүкті ілесе алып жүруді жүзеге асыратын тұлға;
32) жолаушылық куәлiк - жолаушылардың кемеге алуға жол берiлетiн ең көп саны туралы мәлiметтер бар кеме құжаты;
33) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екіден астам жолаушы тасымалдайтын кеме;
34) тасымалдаушы - кемеге меншiк немесе өзге де заңды негiздерде құқығы бар, жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
35) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбіндегі жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөніндегі бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс);
36) алушы - жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкiлеттi тұлға;
37) портта сүйрету - порт айдынында, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйрету және маневрлердi орындау;
38) тасымалдау ережелерi - жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде теңiз көлiгiнің қызметiн реттейтiн, көлiктегi уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер;
39) есеп айырысу бiрлiгi - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгiлейтiн бiрлiгi;
40) өткізу коносаментi - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бiр бөлiгiн басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделедi;
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 1-баптың 41) тармақшасы өзгертілді
41) кеменің меншiк иесi - кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тiркеу ережелерiне сәйкес кеменің меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
42) арнаулы персонал - экипаж мүшесi болып табылмайтын, кеменiң мақсатына байланысты бортта үнемi болатын адам (теңiздiң тiрi ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлерi, жұмысшылар және басқалар);
43) теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары - жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн маяктар, қалқымалар және басқа да навигациялық жабдықтар;
44) сталиялық уақыт - жалдау ақысына қосымша төлемсiз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңi;
45) суббербоут-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасуға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi келісілген ақы (жалдау ақысын) алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге иелену және пайдалану үшiн беруге мiндеттенедi;
46) субтайм-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақталған және экипажбен жасақталған кеменi немесе бiрнеше кеменi сыйақы алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенедi;
47) кеме - сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс;
48) кеме иесi - кеменi меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленетiн тұлға;
49) тайм-чартер - кемемен жалданушы келісілген ақыға (жалдау ақысы) кеменi жалдаушыға кеменi және кеме экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн уақытқа кеменi жалдау шарты;
50) сауда мақсатында теңiзде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүктi кемемен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн пайдаланылатын әскери және шекаралық кемелердi қоспағанда, кемелердi өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 51) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
51) уәкiлеттi орган - сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды iске асыруды, қызметтi үйлестiру мен реттеудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
52) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы;
53) жалдау ақысы - жүктi тасымалдағаны үшiн алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берiлетiн сыйақы;
54) кеменi жалдаушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме берiлетiн тарабы;
55) кемемен жалданушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме беретiн тарабы;
56) чартер - теңiз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау шартының бiр түрi, бұл жағдайда жөнелтушiге бүкiл кеме, оның бiр бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бiр жайы берiледi.
2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң:
1) теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа да су жолдарымен жүзуi кезiнде;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жүктi, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, құтқару операциялары кезiнде және теңiз кемесiмен соқтығысуы кезiнде қолданылады.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерi туын көтерiп жүзушi кемелерге қолданылмайды.
4-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік басқару
1. 2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне:
1) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының аумағына багаж бен жүктi әкелуге, одан әкетуге, транзитке тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
6) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртібін белгiлеу;
7) кемелердi, соның iшiнде жасалып жатқандарын және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу тәртібін, сондай-ақ оларға меншiк құқығын куәландыратын құжаттардың нысанын белгiлеу;
8) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде біліктiлiк талаптарын бекіту;
9) кемелер экипаждарының мүшелерiн дипломдау тәртібін белгiлеу;
10) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) нысанды киім берiлетiн, теңiз көлiгіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысандар үлгiлерi мен айырым белгілерiн, нысанды киім киiп жүру тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын бекіту;
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2-тармақ 13) тармақшамен толықтырылды
13) Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгiсiн, оны ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін бекіту;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2-тармақ 14) тармақшамен толықтырылды
14) шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетін кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртібін бекіту;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2-тармақ 15) тармақшамен толықтырылды
15) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау жатады.
3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өз құзыретi шегiнде сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу, сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамасын әзiрлеу;
3) теңiз көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін белгiлейтiн заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;
4) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес лицензиялау;
5) теңiз портының капитаны туралы ереженi бекіту;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 3-тармақ 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердiң жүзу және тұру ережесін бекіту;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 3-тармақ 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;