7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны» 2007 жылға арналған іс-шараларды іске асыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерді уақтылы аудару.
Түпкі нәтиже: АҚТҚ инфекциясының таралуын оның генерализденген сатыға ауысуына жол бермей, шоғырланған сатыда тұрақтандыру, АҚТҚ/ЖҚТБ өмір сүруші адамдар арасында өлім-жітімді азайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір шараны іске асыруға жұмсалатын орташа шығыс - 16706,6 мың теңге.
Уақтылығы: бекітілген жоспарға сәйкес індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды орындау.
Сапасы: халықтың АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша хабардар болу деңгейін көтеру және халықтың әлжуаз топтары арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, толыққанды тиімді антиретровирустық ем, оппортунистік аурулардың алдын алу.
*) Ескерту:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізімі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
330-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7740 мың теңге (жеті миллион жеті жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды жария айналымнан жасырын айналымға ауысуына жол бермеу арқылы нашақорлықты алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мамандар үшін оқу семинарларын өткізу және оларға анықтамалықтар тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың пайдаланылуы мен сатылуын бақылауды жүзеге асыру бойынша оқу семинарын өткізу қызметіне ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салауатты иммунитетін қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиімді
жұмсау.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды төмендету, соған сәйкес құқық бұзушылықтарға тосқауыл қоюға және нашақорлықты емдеуге арналған бюджет қаражатын бөлуді тиісінше қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
331-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 111270 мың теңге (бір жүз он бір миллион екі жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы медициналық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтаудың ақпараттық-танымдық порталын құру; медициналық тақырыпты порталда орналастыру және оны ұсыну.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Жобаның техникалық міндетін әзірлеу. Техникалық құралдарды сатып алу. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Денсаулық сақтау саласында ақпараттық-танымдық веб-порталын құру, орналастыру және жаңғырту | Қаңтар -маусым Қыркүйек-қараша Қыркүйек-қараша Шілде-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау саласында ақпараттық-танымдық веб-порталын құру есебінің қол жеткізуін қамтамасыз ету.