2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу жөніндегі шығыстар:
1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшiн - бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және ауыстыру жөніндегі шығыстар:
1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi үшiн - бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару
1. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк және тұқымдық астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелерiн, сондай-ақ мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және сату ережелерiн, олардың құрылымы мен мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде агент шарт негiзiнде жүзеге асырады.
3. Агенттiң мемлекеттік астық ресурстарын басқаруына байланысты операциялардың есепке алынуын ол өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн есепке алудан бөлек жүзеге асырады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары
және қырман шаруашылықтары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi
1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады.
2. Астық сақтау жөніндегі қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады.
Заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы.
Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша біліктілік талаптарына сәйкес астық сақтау жөніндегі өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады.
3. Тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:
1) қырман шаруашылықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық сақтау жөнiнде қызмет көрсетуге;
2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында "астық қабылдау кәсiпорны", "астық қоймасы", "астық қабылдау пунктi", "элеватор" деген сөздердi немесе ол астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.
14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi
Астық қабылдау кәсiпорны:
1) астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекітілген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға;
2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге;
3) астық қолхатын ұстаушының алғашқы талап етуi бойынша астық қолхатына айырбастап, осы Заңның 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ астық қолхатымен қамтамасыз етілген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаса, шарт талаптарына сәйкес сақтаулы астықты толық көлемiнде босатуға мiндеттi.
15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының:
1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткізу арқылы сақтау жөніндегі шығындарын жабуға;
2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепілдiк беру жүйесi және қоры (қорлары)
1. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары ғана астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болуы мүмкін.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөлiктерiн ұстаушылардың алдындағы шарт бойынша өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін ерiктi сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандыруға мiндеттi.
2. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауапкершілікте болады.
3. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуi мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар - астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз мүлкін және өзге де мүлiктiк мүдделердi сақтандыра (өзара сақтандыра) алады.
5. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгiзiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы - астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрiншi кезектегi тәртiппен жүргiзедi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Қырман шаруашылықтары
Меншiк құқығымен жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi және астықтың тауарлық партиясын қалыптастыру мен оларды лицензияланған астық қабылдау кәсiпорындарында сақтау үшiн кейiннен ауыстыру, сондай-ақ астық дақылдары тұқымдарының партиясын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс қырман шаруашылығы деп танылады.
Қырман шаруашылығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялануға жатпайды. Осы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар астық қолхаттарын беруге құқылы емес.
6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының
қызметін реттеу
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi
Астықты сақтау, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:
1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
2) астық қабылдау кәсiпорындары астықты сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);
3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.
18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеу
Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу
1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтауға жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:
1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;
2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету.
Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтау және астық сақтауға байланысты емес қызмет бойынша операциялардың бөлек есепке алынып жүргiзілуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:
1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;
2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткізу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.
20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.
2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.
3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының есеп жүргiзуi және есеп беруi
1. Астық қабылдау кәсiпорындарының астықты сақтау жөніндегі қызметiне, астық рыногы мониторингiн оның қатысушыларының жүргiзуiне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелерi бойынша есеп жүргiзудiң және есептілік ұсынудың тiзбесiн, нысандары мен мерзiмдерiн мемлекеттік статистика органдарымен келісім бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның жазбаша сауалы бойынша, өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпарат беруге мiндеттi.
22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Астық қабылдау кәсiпорындары жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, оның салық органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы
1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялау (тексеру)
1. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялауды уәкiлеттi орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
2. Астық қабылдау кәсiпорындары тексеру тапсырмасында аталған мәселелер бойынша тексерудi жүргiзуде уәкiлеттi органға жәрдем беруге, сондай-ақ тексеру жүргiзу үшiн қажеттi ақпараттың барлық көздерiне қол жеткізудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң астық қабылдау кәсiпорнының қызметiн инспекциялау барысында алынған мәлiметтердi жария етуiне не үшiншi адамдарға беруiне тыйым салынады.
4. Инспекциялауды жүзеге асырушы адамдар астық қабылдау кәсiпорнының қызметiн тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
13.10.03 ж. № 488-II ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 24-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24-1-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның
өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қызметшiлердiң лауазымдарына сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас астық инспекторы" және "Мемлекеттік астық инспекторы" деген қосымша арнайы атақтарды беруге құқылы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Уәкілеттi органның мемлекеттік астық инспекторларының:
1) астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен астықты өндiру, қабылдау, сақтау, тиеп жөнелту және қайта өңдеу орындарына кедергiсiз кiруге (қызмет куәлiгiн көрсете отырып) және астық рыногын мемлекеттік бақылауды және оған мониторинг жүргiзудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуға;
3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заң актілеріне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар.
5) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.
3. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) астық қабылдау кәсіпорындарында астық сапасын анықтауды бақылау;
2) астықтың, соның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
3) бас лицензияларды растау үшін астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкестігін жыл сайын тексеруге қатысады;
4) астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) кері қайтарып алу туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;
5) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныс енгізеді;
6) астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылау;
7) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссия құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жібереді;
8) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу анықталған жағдайда, астық қабылдау кәсіпорындарына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша нұсқама береді;
9) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және астық қабылдау кәсіпорындары мен олардың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салу және оны Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алу туралы ұсыныстар енгізеді.
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi
1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөніндегі, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн заңсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізуге құқылы.
2. Астық сақтау жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджетке алынады.
3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
26-бап. Астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемелерi
1. Астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру:
1) астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген фитосанитариялық ережелер мен нормаларды бұзғаны;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамағаны;
4) астық қабылдау кәсiпорындары үшiн шектелген қызметтi жүзеге асырғаны;
5) астық қолхаттарын ұстаушылардың өтiнiштерi бойынша, астықты қабылдау және түсiру-тиеу кезiнде және олар құжаттамамен расталған жағдайда астықтың саны мен сапасының көрсеткiштерiн үнемi бұрмалау фактілерiн анықтағаны (кейiнгi күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет);
6) жыл сайын мiндеттi аудит өткізу туралы талаптарды орындамағаны үшiн жүргiзiледi.
2. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. Сот лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды заңды деп шешкен жағдайда, оның тоқтатыла тұру мерзiмi лицензиардың осындай шешiм қабылдаған күнiнен бастап есептеледi.
3. Лицензияның тоқтатыла тұру себептерi жойылғаннан кейiн лицензия қайта қолданыла бастайды.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
27-бап. Астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны керi қайтарып алудың негiздемелерi
Астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия:
1) лицензиат біліктілік талаптарын бұзған;
2) лицензиаттың өзi жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салған;
3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған;
4) лицензия алған кезде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда, сот тәртібімен қайтып алынуы мүмкiн.
Лицензия лицензиат лицензиядан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда соттан тыс тәртiппен керi қайтарып алынады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдықтехникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.
2. Уәкiлеттi органның дербес қабылдаған шешiмi бойынша не астық қолхаттарын ұстаушылардың жолданымы бойынша астық қабылдау кәсiпорны мынадай негiздемелердiң бiрi бойынша:
1) астық сақтау жөніндегі шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;
2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуі бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн.
3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленгендей жауапты болады.
29-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізу
1. Уәкiлеттi органның астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және онда мыналар:
1) астық қабылдау кәсiпорнының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;
2) уақытша басқаруды енгізу үшiн негiздеме;
3) уақытша басқарудың қолданыла бастауы және мерзiмi;
4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорнының қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi;
5) уақытша басқару жөніндегі комиссияның адам құрамы;
6) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару режиміндегі астық қабылдау кәсiпорнының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындап, бұл құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке табыс ету туралы және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушыларға уақытша басқарудың енгiзiлуi жөнiнде мiндеттi түрде хабарлау туралы нұсқама болуға тиiс.
2. Мүдделi тұлғалар уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмге сот тәртібімен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатып қоймайды.
3. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған қаражат есебiнен үш жұмыс күнi iшiнде кемiнде екi газетте мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жариялайды.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия
1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкiлеттi органның облыстың жергілікті атқарушы органының, астық қабылдау кәсiпорнының, сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың өкілдерінен тұрады.
2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешiм қабылданғанға дейiн уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәрiне 3 күн мерзiмде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатураларын беру туралы ұсыныс жiбередi.
Кандидатуралар берiлмеген не беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган уақытша басқару жөніндегі комиссияны өз бетiмен құруға құқылы.
3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретiне:
1) уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн тағайындау (босату);
2) уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекіту;
3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылау жасау кiредi.
4. Шешiмдердi қабылдаған кезде уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкiлдердiң дауыстары проценттiк қатынаста былайша бөлiнедi:
1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;
3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент.
5. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның жалпы дауыстар санының кемiнде үштен екiсiн иеленетiн өкiлдер қатысқан жағдайда шешiм қабылдауға құқығы бар.
Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешiмдерi көпшiлiк дауыспен қабылданады.
6. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.