2) бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін машина жасау өнімінің жаңа буынын және САLS-технологиялары негіздерін әзірлеудің және өндірудің технологиялық негіздерін жасау және кен орындарынан алынатын мұнай өндірудің толықтығын 2-4 есеге ұлғайту;
3) темір жол цистерналарында қатып қалған мазутты сұйылту үшін өнеркәсіптік қондырғы жасау, бұл Қазақстанның темір жол кәсіпорындарындағы темір жол цистерналарының жүк айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді;
4) құны қолда бар базальт талшығынан 1,5 - 2 есеге төмен, тиімділігі жоғары базальт жылытқышы өндірісінің технологиясын жасау;
5) тау-кен металлургия кешенін құнды компонеттердің жоғарлауын төмендетуге және еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа өлшем құралдарымен жарақтандыру;
6) Қазақстанда шетелдік соған ұқсас өніммен бәсекеге қабілетті қазіргі заманғы экспортқа бағдарланған өнімді шығаруды игеру;
7) Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургиялық кешенін дамыту, металл өнімдерінің бәсекеге қабілетін арттыру, қоршаған ортаға техногендік әсер етуді төмендету;
8) Қазақстан Республикасының металлургиялық кешенінің күрделі кендік, техногендік, кондициялық емес шикізатын қайта өңдеуге тарту;
9) елдің экспорттық әлеуетін арттыратын ланолин және холестерин өндірісін ұйымдастыру;
10) калий, фосфоры бар фторенсіз тыңайытқыштар, ферроцианидті пигменттер, жартылай функционалдық сорбенттер мен сирек металдар импортынан Қазақстанның тәуелділігін 20 %-ға қысқарту;
11) шикізат ресурстарын, ғылыми-техникалық әлеуетті және меншікті өндірістік қуаттарды барынша толық пайдалану арқылы импортқа тәуелділікті төмендету;
12) органикалық-минералдық тыңайтқыштардың импортын 30 %-ға, өсім стимуляторларын 50 %-ға қысқарту;
13) металл және ағаш конструкциялар үшін оттан қорғау материалдарының, оның ішінде пайдалану және оттан қорғау сипаттамалары жақсартылған тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру;
14) GMP стандарттары бойынша «Арглабин» және «Салсоколлиннің» капсулденген нысандарын алудың қазіргі заманғы технологиясын әзірлеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2006-2008 жылдарға арнаған «Әртүрлі мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламаның құны 177 592 мың теңге.
2004-2007 жылдарға арналған «Инфекцияға қарсы жаңа препараттар» ғылыми-техникалық бағдарламасының құны 578 900 мың теңге;
технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеу саласындағы жаңа 14 тақырып құны 466 000 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа:
1) 2006-2008 жылдарға арнаған «Әртүрлі мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарлама:
қолданбалы ғылыми зертеулер жүргізу материалдардың жаңа түрлерін шығару жөніндегі технологияларды әзірлеуге ықпал етеді;
2) 2004-2007 жылдарға арналған «Инфекцияға қарсы жаңа препараттар» ғылыми-техникалық бағдарламасы:
отандық медициналық препараттар құру;
3) технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеу саласындағы жаңа 14 тақырып:
қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу республикада жаңа технологиялар мен бәсекеге қабілетті өнімді жасауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
361-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Стандарттау, сертификаттау, метрология және
сапа жүйесі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 27560 мың теңге (жиырма жеті миллион бес жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 4 , 8 және 25-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: стандарттауды реформалау және техникалық реттеудің біріңғай мемлекеттік жүйесіне сәйкестігін растау арқылы ішкі және сыртқы нарықтағы қазақстандық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау. Республиканың эталондық базасын зерттеу және жетілдіру, өнім қауіпсіздігін бақылау үшін эталондық құралдарды пайдалану, жасалатын эталондарды пайдалана отырып салыстырып тексеру жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттық үлгілердің жаңа түрлерін әзірлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - стандарттауды дамыту үрдісін және сәйкестікті бекітуді мемлекетаралық деңгейде және ТМД мен алыс шетелдерде талдау;
- ТМД елдерінде және шет елдерде сәйкестікті бағалау және растау тетіктерін салыстырып талдау;
- өнімдердің басым топтары бойынша стандарттау және сәйкестікті бекіту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
- кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесін енгізу кезінде туындайтын проблемаларды талдауды жүргізу (OHSAS 18001) және оларды шешу жолдары;
- эталондарды жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды ғылым мен өндірісте тиімді қолдануды қамтамасыз ету, эталондарды тиімді пайдалану үшін салыстырып тексеру бойынша нормативті құжаттарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа жүйесі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Үш бағыт бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу: - стандарттау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу; кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (бірінші кезең) менеджменті жүйелерінің саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу; метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
стандарттау саласында:
- өнімнің 3 басымдық топтары бойынша стандарттау және сәйкестікті растау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу;
кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (бірінші кезең) менеджменті жүйелерінің саласында:
- Қазақстан кәсіпорындарында OHSAS 18001 халықаралық стандартын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
метрология саласында:
- жұмыс өлшем құралдары эталондарының мөлшерлерін беру жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
- азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдеріндегі №-нитрозаминдерді анықтау өлшемдерін орындаудың әдістемесін әзірлеу;
- стандартты үлгілердің жаңа типтерін әзірлеу;
- рН өлшемдерінің әдістемелік негіздерін әзірлеу.
Түпкілікті нәтиже:
стандарттау саласында:
- Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесін реформалауға, техникалық регламенттерге айғақтық базасын қалыптастыруға жәрдемдесу;
Кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (бірінші кезең) менеджменті жүйелерінің саласында:
- жұмыс орындарда кәсіптік жарақаттар санын азайтуды қамтамасыз етуге, қауіпсіз еңбекке жағдайлар жасауға тиісті кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйелерін енгізу жөніндегі қазақстандық кәсіпорындарға жәрдемдесу;
метрология саласында:
- уақыт пен жиіліктің мемлекеттік эталондарын және жұмыс эталондарын жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
стандарттау саласында:
- қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге кететін шығындар - 10 840 мың теңге;
кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (бірінші кезең) менеджменті жүйелерінің саласында:
- кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (бірінші кезең) менеджменті жүйелерінің саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге кететін шығындар - 5 420 мың теңге;
метрология саласында:
- метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге кететін шығындар - 11 300 мың теңге.
Уақтылығы: жасаған шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы:
стандарттау саласында:
- Стандарттау саласында жүргізілген ғылыми зертеулер есебінен өнімнің үш басымдық топтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (бірінші кезең) менеджменті жүйелерінің саласында:
- қазақстандық кәсіпорындарында кәсіптік қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды арттыру;
метрология саласында:
- эталондардың өлшем бірлігін берудің нақтылығы мен сенімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
362-ҚОСЫМША (құпия)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
363-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 5 000 000 мың теңге (бес миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы Жарлығы; «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 981 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 204 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісім жасау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 680 қаулысы; «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы № 878 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасына жеке капиталды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау; Қазақстан Республикасының басқа елдермен сыртқы тауар айналымын арттыру; Алматы облысының экономикалық ынтымақтастығына жәрдемдесу, Алматы облысында экономикалық өсімді ынталандыру; іргелес өңірлердің халық өмірі деңгейін жоғарлату.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік-логистикалық, қаржы, сауда және туристік инфрақұрылымды дамыту объектілерін салу; отандық және шетелдік капиталды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау; көлік дәліздерін дамыту; сауда және туризмді кеңейтуді ынталандыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | "Қорғас" шекарамаңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру | "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы" Акционерлік Қоғамының жарғылық капиталын бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерде көзделген мына іс-шараларға ұлғайту: 1. Шекара-кеден инфрақұрылымын салу: бақылау-өткізу пункті, кеден, шекара, өрт сөндіру және басқа да қызметтер, 100 көлік бірлігіне арналған автопарк, автокөлікті тұрақты уақытша сақтаудың тұрағы; 2. Бейне бақылауы бар "Рубеж" жүйесі, аумақты қоршау және басқа да жұмыстар; 3. «Солтүстік» әкімшілік-техникалық орталығын жобалау және салу, басқа да жұмыстар; 4. Су бөлу (кәріз), сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, телефон орнату 5. Перспективалық жолдар салу; 6. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9. Жаңа көпір салу; 10. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14. Селден қорғау құрылыстарын салу; 15. Жағалауды нығайтатын құрылыстар салу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, "Қорғас" ШЫХО АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бюджет қаражаты есебінен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құруды жүзеге асыру, сондай-ақ мына жұмыс түрлері болжанады: жоба-іздену жұмыстары, аумақты қоршау құрылысы, бақылау-өткізу пункттерінің ғимараттарын, инженерлік инфрақұрылым салымдарын (сумен жабдықтау, су бөлу, жылумен жабдықтау, қуатпен жабдықтау) тұрғызу, Орталық аумағын аббаттандыру, автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және өткіндер салу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасына жеке капиталды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау; Қазақстан Республикасының басқа елдермен сыртқы тауар айналымын арттыру; сондай-ақ шекара маңы ынтымақтастығы Халықаралық орталығы аумағында да, Жаркент қаласының аумағында да жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын, қызмет көрсету саласының объектілерін салуды қоса алғанда, Алматы облысы экономикасын дамытудың қарқынын жеделдету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Алматы облысының және тұтастай Қазақстан Республикасының экономикасын тиімді дамытуға, көліктік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға және жетілдіруге, жүк айналымын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, шекара маңының аумақтарында тұратын халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 3 қарашадағы № 368 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құрудың техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамының жұмыс кестесіне сәйкес.
Бұл бағдарламаны толық қаржыландырмау құрылыс кестесін және «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 204 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысына сәйкес тұтастай жобаның бұзылуына әкеледі.
Сапа: «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы әлемдік стандарттарға сәйкес салынатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
364-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласындағы
әскери қызметшілер үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 159286 мың теңге (бір жүз елу тоғыз миллион екі жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы; «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Приозерск қаласына көшірілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін және олардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Приозерск қаласына көшірілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мен олардың отбасыларына арналған тұрғын үйлерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласындағы әскери қызметшілер үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3 тұрғын үйдің (108 пәтер) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары орындалатын болады.
Түпкі нәтиже: Приозерск қаласына көшірілген әскери қызметшілердің 108 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 ш. м. жөндеуге кететін шығын 22,4 теңгені құрайды.
Уақтылығы: 2007 жылғы желтоқсанға дейін жұмыс өндірісінің графигімен белгіленген мерзімде объектілерді енгізу.
Сапасы: ҚНжЕ бекітілген сай құрылыс өндірісінің технологиясына сәйкес жұмыс жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
365-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесін жетілдіру»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1312725 мың теңге (бір миллиард үш жүз он екі миллион жеті жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6 , 7 және 22-баптары, «Өлшем бірліктерінің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5 , 10, 13, 15 және 17-баптары, «Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийін құру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 және 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы № 801 қаулысы, «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1129 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Өмір, денсаулық және қоршаған орта үшін өнімдер мен процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-қимылдарды ескерту, өнімдердің бәсекеге қабілетін арттыру, сондай-ақ саудадағы техникалық тосқауылдарды жою.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының мүдделерін өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғау және отандық және импортталатын өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және метрология саласындағы жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне өту үшін мемлекеттік стандарттарды талдау және жүйелеу;
- халықаралық стандарттарға сәйкес стандарттау, сәйкестікті растау, аккредитттеу және метрология жөніндегі негізгі стандарттарды әзірлеу;
- стандарттау, метрология, сәйкестікті растау, аккредиттеу саласындағы халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттарын сатып алу;
- өнімдер мен процестер қауіпсіздігінің арнайы талаптарын регламенттейтін техникалық регламенттерді әзірлеу;
- техникалық регламенттерді сараптау;
- Техникалық-экономикалық ақпарат депозитарийінің (анықтамалардың) библиографиялық және толық мәтіндік деректер базасын енгізу арқылы жіктеуіш бойынша ақпаратты есептеуді және шұғыл алуды жетілдіру;
- Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштер тізілімін жүргізу;
- материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін сенімді есептеуді қамтамасыз ету;
- ауруларды диагностикалау және емдеу, еңбек жағдайының және адамдар тұрмысының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде дұрыс өлшемдер нәтижелерін қамтамасыз ету;
- өнімнің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге көмек көрсету;
- ІСО 9000, 14000, 22000, сондай-ақ OHSAS 18001, SА 8000 сериялы халықаралық стандарттар бойынша сапа жүйесін енгізу жөнінде салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу;
- аккредиттеу туралы ұлттық органды аккредиттеу;
- сынақ зертханаларының тәжірибесіне халықаралық құжаттардың талаптарын енгізу, отандық және импортталатын өнімнің, процестер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын, материалдар мен шикізаттың сәйкестігін растау кезінде сынақ нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесін жетілдіру | Стандарттау, метрология, сәйкестікті растау, аккредиттеу саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды әзірлеу және сатып алу: 1) Мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелеу; 2) Мемлекеттік стандартты әзірлеу. - 1-ші кезең. Стандарттардың бірінші редакциясын әзірлеу, мүдделі органдарға келісуге тарату. - 2-кезең. Стандарттың түпкі редакциясын пысықтау және пікірлер жиынын жасақтау. 3) Стандарттау, метрология, сертификаттау саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды сатып алу және аудару. 4) Техникалық регламенттерді салалар бөлігінде әзірлеу және сараптау, оның ішінде: Салалар бөлігінде техникалық регламенттерді әзірлеу. Салалар бөлігінде техникалық регламенттердің жобаларын сараптау. 5) Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеудің және кодтаудың жүйесін жетілдіру, оның ішінде: республикадағы қолданыстағы жіктегіштерді жүргізу; Техникалық- экономикалық ақпарат депозитарийінің (анықтамалардың) библиографиялық және толық мәтіндік деректер қорын жүргізу; - техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды және өзекті етуді ұйымдастыру. 6) Республиканың физикалық шама бірліктерінің ұлттық эталондық базасын құру. 7) Мемлекеттік эталондарды сүйемелдеу және қызмет көрсету, оның ішінде: мемлекеттік эталондарға салыстыру жүргізу; эталондарға қызмет көрсету; эталондық кешендерді толықтыра жарақтандыру және жаңғырту, біліктілігін арттыру мақсатына персоналды оқыту. 8) Әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызы бар қызмет салаларында пайдаланылатын өлшем құралдары үшін салыстырып, тексеру зертханаларын құру және салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. 9) Өлшем құралдарын тексеру мен калибрлеу нәтижелерін зертханааралық салыстыруды ұйымдастыру және оларды өткізу. 10) Астана қаласындағы Эталон орталығын ұстау. 11) Халықаралық деңгейге сәйкес келетін өлшеу зертханаларын және өлшеу құралдарын мемлекеттік сынау орталығын құру, оның ішінде: - халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу және білікті қызметшілерді дайындау; - өлшеу құралдарын мемлекеттік сынау орталығын құру. 12) ІСО 9000, 14000, 22000, сондай-ақ OHSAS 18001, SА 8000 сериялы халықаралық стандарттар бойынша сапа жүйесін енгізу жөнінде салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу. 13) Біліктілікті арттыру мақсатында персоналды шет елдердің ірі метрология институттарында оқыту және тағылымдамадан өткізу. 14)Қазақстанның ІАF және ILАС халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша дайындық жұмыстары: акредиттеу жөніндегі уәкілетті органның алдын ала бағалауы. 15) Зертханааралық салыстырма сынақтарды жүргізуді ұйымдастыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |