Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 28 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Әуе көлігінде» деген 5-бөлімде:
реттік нөмірі 5.3-жолдың 5-бағанындағы «2006 жылғы 4-тоқсан» деген сөздер «2007 жылғы ақпан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |