3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: уақтылы және білікті медициналық қызмет көрсету жолымен ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруын жақсарту, әскери қызметшілеріне, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен зейнеткерлеріне медициналық куәландыру жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: науқастану деңгейін төмендету, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне, зейнеткерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің зейнеткерлеріне, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне және зейнеткерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына кешенді, білікті, мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету; құқық қорғау органдарында денсаулық жағдайы, физикалық және психикалық дамуы бойынша қызметке жарамдылығын анықтау; науқасына байланысты өзінің қызметтік міндеттерін орындамайтын әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу | Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету үшін ішкі істер органдарының емханасы бар орталық госпиталін, аумақтық госпитальдерін және емханаларын 2014 бірлік штаттық сан шегінде ұстау. Емханасы бар госпитальдердің қызметін азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, вакциналармен, медициналық мақсаттағы өзге де құралдармен, төсек-орынмен, арнайы киімдермен, тауар-материалдық бағалы заттармен, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету, емханасы бар госпитальдер ғимараттарында ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу. Медициналық, жалпы хирургиялық, диагностикалық, физиотерапевтік аппараттар, медициналық лабораторияға арналған жабдықтар, стоматологияға арналған жабдықтар, рентгенодиагностикаға арналған аппараттар, медициналық құрал-сайман және емдеу, диагностикалық, лабораторлық зерттеулер жүргізу құралдарын сатып алу. Компьютерлік техникалар және материалдық емес активтерді сатып алу. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері мен ішкі әскер органдарының және ішкі әскерлер зейнеткерлеріне стационарлық медициналық қызмет көрсету. Өткен жылдар өсімақысы бойынша кредиторлық берешекті өтеу. Күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталі, ішкі істер органдарының аумақтық госпитальдері мен емханалары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, кәсіби байқаудан өтетіндер саны - 69 609 адам; амбулаторлық қабылдауда болған және өткен адамдар саны - 1 404 201 науқас; стационарда емделген жағдайлар саны - 11 776 науқас; куәландырылғандардың саны - жылына 47 000 қызметкер; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде медициналық қызметтер ұсыну - 28200 кереует-күніне; медициналық құрал-жабдықтар сатып алу.
Түпкі нәтиже: әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлерінің арасындағы науқас ауру пайызын төмендету 2-5 пайызға медициналық мекемелердің медициналық жарақтармен қамтамасыз етілу деңгейі жалпы қажеттіліктен 68 пайызға.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: науқастың ауруханада болуының орташа ұзақтығы - 13,2 күн, кереуеттің жылдық орташа толық болуы - 265 күн, бір науқасты емдеуге кететін орташа шығындар, кереует-күн - 2,0 мың теңге, емханаға бір рет баруға кететін орташа шығындар - 187 теңге; бір кереует-күннің орташа құны (мемлекеттік тапсырыс) - 2,8 мың теңге; бір медициналық қызметкерге жұмсалатын жылдық орташа шығындар - 594,4 мың теңге.
Уақтылығы: дер кезінде білікті медициналық көмек көрсету, жабдықтар жеткізу кестесіне сәйкес медициналық жабдықтар жеткізу.
Сапасы: әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін алдын ала қарауды қамту деңгейі; науқастардың көрсетілген медициналық көмекке қанағаттануы, медициналық көмек көрсету бойынша науқастардың шағымдарының болмауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
27-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4 283 598 мың теңге (төрт миллиард екі жүз сексен үш миллион бес жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-4-баптары; «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-19-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол қозғалысына қатысуға азаматтарға және көлік құралдарына рұқсат беруді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жол-көлік қозғалысының ережесін бұзуға жол берілген кезде оларды максималды түрде анықтау мақсатында автокөліктер құралдары мен көлік құралдарының иелерін есепке алу; азаматтарды тіркеу құжаттарымен, көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен және жүргізуші куәліктерімен максималды түрде қамтамасыз ету (бұдан әрі - ККTК, МТНБ және ЖК).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау | Келісім-шарттарға сәйкес жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау міндеттемелерін орындау. Өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. | Жыл бойы | ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігі, облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы Ішкi істер департаменттері, арнайы полиция бөлімшелерi |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерінің жиынтықтар саны - 700 000 кем емес; көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік бірлігінің саны - 680 000 кем емес; бірліктерінің саны - 410 000 кем емес; транзиттік нөмірлер белгісінің жиынтық саны - 5 000 кем емес.
Соңғы нәтиже: автокөлік құралдарының иелерін арнайы өніммен қамтамасыз ету проценті.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерінің бір жиынтығын дайындауға жұмсалатын шығындар - 2420,76 теңге; көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік бірлігін дайындауға жұмсалатын шығын - 1080,53 теңге; мемлекеттік транзиттік тіркеу нөмірлер белгісінің бір бірлігін дайындауға кететін шығын - 297,39 теңге; 1 бірлік жүргізуші куәліктерін дайындауға кететін шығын - 1287,06 теңге.
Уақытылығы: белгіленген нормаға сәйкес автокөліктер иелерін арнайы өніммен қамтамасыз ету.
Сапасы: жүргізуші куәлігін, мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерін алу кезінде азаматтарға жасалатын қызмет.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
28-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
29-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды көші-қон
карточкаларымен қамтамасыз ету»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасына шетелдік азаматтардың келуін реттейтін кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: саяси және экономикалық тұрақтылықты, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті Қазақстан Республикасы аумағына уақытша кіретін шетелдік азаматтарды нақты есепке алу жолымен қамтамасыз ету, оның ішінде заңсыз көшіп-қонуды болдырмауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдік адамдарды көші-қон карточкаларымен және бланкілерімен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды көші-қон карточкаларымен қамтамасыз ету | Көші-қон карточкаларын дайындау бойынша қызметтер ақысын төлеу, сондай-ақ көші-қон карточкаларын жеткізу жөніндегі шығыстар. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 5 тәуліктен астам уақытқа елге кірген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген шетелдіктер саны - 2 000 000 адам, 5 тәулікке дейінгі уақытқа елге кірген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген шетелдіктер саны - 3 000 000 адам, дайындалатын көші-қон карточкаларының саны 5 000 000 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы аумағына келетін шетел азаматтарын көші-қон карточкаларымен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 көші-қон карточкасын дайындауға кететін шығын - 1 теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы аумағына келетін шетел азаматтарын өз уақытында тіркеу.
Сапасы: шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына кіру және тұру ережелерін сақтауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
30-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Астана қаласы бюджетіне «Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 281 154 мың теңге (екі жүз сексен бір миллион бір жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 жарлығы, «Астана-есірткісіз қала» 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» Астана қаласы Мәслихатының 2006 жылғы 19 қазандағы № 295/38-III шешімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есірткінің таралуын анықтау және тоқтату, Астана қаласында есірткіге тәуелді адамдардың санын төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы әрекет механизмін есірткі құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын пайдалану көмегімен жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Астана қаласы бюджетіне «Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Есірткі құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын алу (мобильдік, рентгендік қарау комплексі) | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеті, Астана қаласының Әкімшілігі, Астана қаласының IIД |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Есірткі құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын алу (мобильдік, рентгендік қарау комплексі).
Түпкі нәтиже: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы тұру және де олардың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс таралуының алдын алу және жою, басқа да мемлекеттерге таралуына жол бермеу; Астана қаласында есірткіге тәуелді адамдардың санын төмендету.
Уақтылығы: заңсыз айналымнан есірткі заттарын уақытында алу.
Сапасы: елімізде есірткі жағдайын тұрақтандыру, қоғамның қауіпсіздігіне дейінгі минималды деңгейде есірткінің таралуын тоқтату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
31-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 184036 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 қаулысы; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есірткілерді пайдаланудың өсуін тоқтату үшін және заңсыз айналымын тоқтатуға жағдайлар жасау, қоғам үшін есірткінің таралу деңгейін минималды қауіпсіздік шектеу, Қазақстан Республикасы нашақорлыққа және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің толық ауқымды тиімділігін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасында есірткіге қарсы қызмет субъектілерінің арақатынасты одан әрі дамыту; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдар тетігін нығайту; есірткіге қарсы насихатты жетілдіру; «Рубеж-Наркотики» есірткі қамалдарын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Есірткі бизнесіне қарсы насихатты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемаларына арналған журналдар шығару, конкурстар мен жарыстар өткізу, есірткі қылмысына қарсы күрестің өзекті проблемалары бойынша кофе-брейктер ұйымдастырумен, іссапар шығыстарын төлеумен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу, кеңсе және өзге де тауарларды, кәдесыйлар мен ескерткіш сыйлықтарды сатып алу, әдістемелік жиынтықтар шығару, баспаханалық, жарнамалық өнімдер дайындау, бейнероликтер, телерадио бағдарламалар шығару және тарату, ақпараттық, насихаттау және кеңес жұмыстарын өткізу үшін бейнефильмдер, деректі фильмдер және қоғамдық есірткі иммунитетін қалыптастыру мақсатында бейнекассеталар және дисктер шығару. Іс-шаралар жүргізу кезінде автокөлік құралдарын жалға алу. Есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлардың анықтау тесттерін, анықтамалық-әдістемелік әдебиетін дайындау, нашақорлықтың алдын алу сабақтарын жүргізетін мамандардың қызметін төлеу. Кинологиялық қызметтерді материалдық-техникалық жарақтау, оның ішінде қызметтік иттер үшін витаминдік препараттарын, жабдықтарын, есірткі заттарының имитаторларын, радиостансаларын сатып алу. Есірткімен күрес бойынша арнайы бөлімшелерді шығыс жабдықтарымен бірге есірткі заттарды анықтау детекторларымен, радиомикрофондармен, радиостансалармен, бейнекамералармен, жиынтықтағы компьютерлер, Ноутбук компьютерлерін, жиынтықтағы «Циклоп» мобильдік бейнебақылау жүйесімен және суымайтын жылувизорлар, волоконды-оптикалық эндоскоптар, есірткі және психотропты заттарды анықтау үшін экспресс-тест жиынтықтарын, басқа да тауарларды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Нашақорлықпен күрес халықаралық күніне арналған акциялар жүргізу, 18000 данада журналдар шығару; спорттық-қауымдық іс-шаралар өткізу; семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар жүргізу; он телебағдарламалар шығару және жіберу; төрт деректі фильмдер дайындау, есірткіге қарсы тақырыпқа төрт бейнероликтер дайындау, кинологиялық қызметтер мен есірткімен күрес бойынша арнайы бөлімшелерді материалдық-техникалық жарақтау.
Түпкі нәтиже: елдегі наркожағдайды тұрақтылату, заңсыз есірткі, психотропты заттар және прекурсорлар айналымына қарсы тұру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына енгізілуін және басқа елдерге таралуын алдын алу және болдырмау; заңсыз есірткі айналымының деңгейін төмендету және олармен байланысты қылмысты нейтралдау. Қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы іс-шаралар жүргізу, заңсыз есірткі, психотропты және прекурсорлардың алдын алу шаралары мен операциялар жүргізу.
Уақытылығы: халыққа уақытылы және тұрақты профилактика жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: есірткіні қолданатын адамдардың санын анықтау, олардың санын қысқарту, сонымен байланысты қылмыстардың санын қысқарту. Қоғамға қауіпсіздік деңгейіне дейін есірткінің таралуын қысқарту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен; 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 32-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
32-ҚОСЫМША