2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен 83-9-баппен толықтырылды
83-9-бап. Аудиттелетiн субъектінің құқықтары
Аудиттелетiн субъект:
1) конкурс не өзге де iшкi рәсiм негiзiнде экологиялық аудиторды не экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы дербес шешiм қабылдауға;
2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңдарының экологиялық аудит жүргiзуге қатысты талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;
3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның ескертпелерi және қорытындылары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;
4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан ұсынымдар, экологиялық есептiлiкте және өзге де құжаттарда анықталған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкессiздiк туралы ақпарат алуға;
5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда олар көрсететiн қызметтен бас тартуға құқылы.
2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен 83-10-баппен толықтырылды
83-10-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi
Аудиттелетiн субъект:
1) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзуді ұйымдастыруға;
2) экологиялық аудиттi уақтылы және сапалы жүргiзу үшiн экологиялық аудитор мен экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;
3) экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға экологиялық аудит жүргiзу үшiн қажетті толық және дұрыс құжаттаманы, өзге де ақпаратты табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсінік беруге;
4) қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс есептіліктi және экологиялық аудит жүргiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттарды табыс етуге;
5) егер экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметiн шектемеуге;
6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның талап етуi бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн үшіншi тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жiберуге;
7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның көрсететiн қызметтерiне ақы төлеудi қамтамасыз етуге;
8) экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың мiндеттемелерiнен туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
18 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды
шешу және қоршаған ортаны қорғау туралы
заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
84-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды
шешу
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды соттар шешедi немесе олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
85-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 86-бап өзгертілді
86-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу
1. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзуы салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар келтiрген зиянын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу ерiктi түрде немесе қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген нұқсанның белгiленген экономикалық бағасына сәйкес соттың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен жүргiзiледi.
Зиянды өтеуден өндiрiлiп алынатын сома бюджетке, ал заңдарда белгiленген жағдайларда зардап шеккен заңды немесе жеке тұлғаға аударылады.
2. Қызметi қоршаған ортаны қорғауға күштi қауiп төндiрумен байланысты заңды және жеке тұлғалар, егер жойқын күштiң немесе зардап шегушiнiң қаскөйлiгi салдарынан зиян келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, өздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.
3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, оны емдеуге және денсаулығын қалпына келтiруге жұмсалған шығындарды, науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалдарды ескере отырып толық көлемiнде өтелуге тиiс.
Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның шамасын анықтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ал зиянды өтеу сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген моральдық зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
19 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
87-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жалпыға бiрдей экологиялық қауiпсiздiктiң басымдығын сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
88-бап. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан
Республикасы аумағындағы қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттелмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiне жол берiледi.
89-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы халықаралық шарттары
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының