4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Министрліктер үйі" ғимаратына шаруашылық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарының үздіксіз қызметін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ғимараттың технологиялық жабдықтарын күтіп-ұстау және техникалық қызмет көрсету, ғимаратта шаруашылық қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимаратын ұстау | Инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың электротехникалық жабдықтарына, ауа желдеткіштің ауа сорғыш жүйесі, өрттен қорғау қауіпсіздігі, өрттен қорғау сигнализациясы, сыртқы және ішкі автоматтандырылған телефон станциясының жүйесі, суық және жылумен қамтамасыз ету, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйелерінің профилактикалық жұмысын жүргізу, лифт, желдеткіш жабдықтарының жұмысын күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Ғимараттың бөлмелері мен фасадын, сондай-ақ оның жанындағы аумақты да тазалықта ұстау, ғимаратты санитарлық тазалау, күл-қоқысты және қарды шығару және ғимараттың дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті өзге де жұмыстарды қамтамасыз ету. Ғимараттың ағымдағы жөндеуі. Ғимаратқа дейін электроэнергия, жылу энергиясы мен коммуналдық қызметтер жеткізу. Ғимаратты негізгі құралдармен жабдықтау. Жалпы көлемі 222678 шаршы метр ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмыс істейтін лифтердің, желдеткіштердің және электротехникалық, санитарлық-техникалық құралдардың, инженерлік жүйе мен коммуникацияның, ауа тазалағыш, желдеткіш жүйесі, өрт қауіпсіздігі, өрттен қорғау сигнализациясы, автоматтандырылған телефон станциясы сыртқы және ішкі жүйелердің жалпы меншіктік салмағы 100 пайыз құрайды.
Tүпкі нәтиже: Бүкіл ғимарат бойынша технологиялық құралдардың тоқтаусыз және апатсыз жұмыс істеуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ғимараттың 1 шаршы метр күтіп-ұстауға кететін орташа шығын 13611 теңге.
Уақтылығы: іс-шаралардың жоспарға сәйкес уақтылы 100 пайызға орындалуы.
Сапасы: мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік тұрмыстық жағдай жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
464-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Щучье-Бурабай курортты аймағы инфрақұрылымын дамыту»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 2984902 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз сексен төрт миллион тоғыз жүз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының аумағындағы бірегей және сирек ландшафттарды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 474 өкімі; «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1246 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи кешендерді сақтау, бірегей және эталондық учаскелер, мемлекеттік нысандар табиғи-қорықтық қор және қазіргі заманға сай туристік инфрақұрылымдар құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бүлінген табиғи кешендерді қалпына келтіру, аса құнды тарихи және мәдени ландшафтар, тарихи ескерткіштер, Қазақстан халықтарының өзге де нысандарының мұралары мен мәдениеті, табиғатты қорғау және рекреациондық іс-шаралар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Щучье-Бурабай курортты аймағы инфрақұрылымын дамыту | Щучье-Бурабай курорт аймағында белсенді демалу үшін және экологиялық туризмге арналған инфрақұрылым құру. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеумен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысының 3 қосымшаға сәйкес объектілерді салу, олардан: 1) Сауда ойын-сауық орталығы; 2) Бурабай көлі аймағындағы жарық серуен жолдары; 3) суару жүйесі қондырғысы бар орман дақылдары питомнигін кеңейту; 4) аңшылар үйінің құрылысы; 5) марал шаруашылығының құрылысы; 6) Абылайхан алаңын қалпына келтіру; 7) "Бурабай" МҰТП орталық кеңсесінің және сыртқы инженерлік жүйенің құрылысы. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қажетті жабдықтар және тағы аңдар сатып алу арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізу. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық аудитін жүргізу. "Бурабай" МҰТП-ның туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын әзірлеу.
Түпкі нәтиже: қазіргі заманғы жоғары тиімді және бәсекелестікке қабілетті туристік кешен құру табиғи жағдайдағы алуан түрлі биологиялық және ландшафттық табиғатты сақтап қалу, бүлінген табиғи кешендер, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін қалпына келтіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізу.
Уақтылығы: бекітілген шартқа, жоспар-кестеге және жеткізу кестесіне сәйкес негізгі құралдар сатып алу.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.