7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу, Алматы қаласында метрополитен құрылысының бірінші кезегін салу бойынша орындалған жұмыстар көлемі.
Түпкі нәтиже: автомобиль жолдарының желісін дамыту үшін объектілерді пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
187-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 320475 мың теңге (үш жүз жиырма миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1202 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Transport tower» ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғимаратқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсету, жылумен, суық су, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне профилактикалық жұмыстарын жүргізу, Үкіметтік байланыс кабелін өткізу.
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | "Transport tower" әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау | Ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты, соның ішінде: электртехникалық жабдықтарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды, желдеткіштің сору-шығару жүйесін, өрт қауіпсіздігін, өрт сигналын беру мен түтінді жоюды, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясын ұстап тұру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету; суық-жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесінің профилактикалық жұмыстарын жүргізу, лифтілер жұмысы; Ғимаратты күзету; Ішкі үй-жайлары мен ғимараттың қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты таза ұстау, өңдеу, аумақтан қоқыс пен қарды әкету, оны абаттандыру, терезелерді және витраждарды жуу және ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті жұмыстар; кіруді бейнебақылау жүйесі, конференция залдарындағы дыбыс күшейткіш жүйелері, көрсетілген жүйелерді қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; ғимаратты күтіп ұстау бойынша жабдықтаушы функциясын орындау, ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, Ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсету үшін қажетті тауарларды сатып алу. Қазандықагрегаттарды, лифттерді, энергожүйелерді тексеруге қатысты сұрақтарды шешу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасын ың Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметті пайдаланушылар: мемлекеттік қызметкерлер.
Тікелей нәтиже: ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты күтіп ұстау, ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау мақсатында ғимаратқа профилактикалық жөндеу жұмыстарын, инженерлік, санитарлық жұмыстарды, көгалдандыру мен абаттандыруды уақтылы жүргізу.
Түпкі нәтиже: ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражаттарын тиімді шығындау.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: техникалық нормаға сәйкес.