«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1315 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Садықов Махат Кәбірұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары |
Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты |
Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы | - Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының президентi |
Якушенко Владимир Матвеевич | - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары |
Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы | - Қазақстан Азаматтық альянсінің президентi |
мына:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік- мәдени даму бөлімінің меңгерушісі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары»; |
көрсетілген құрамнан Ақпенова Раушан Төлеуқызы, Ключникова Валентина Ефимовна, Матаев Сейітқазы Бейсенғазыұлы, Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы, Танысбай Ләззат Мұратқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | К. Мәсімов |