Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1311 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
«Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары» деген 1-тарауда:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке 10
және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын
жайлар салуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет;».
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | К. Мәсімов |