«Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру» жобасының
техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізу жөнінде
жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 361-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
1. «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекші |
Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Жұманов Алсай Төлеуұлы0 | - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының Орынбасары |
Нұрғожин Марат Рахмалиұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы |
Ахматов Иван Ыдырысұлы | - «Бәйтерек» бірлескен қазақстан-ресей кәсіпорны» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары |
Сүйменбаев Бағдат Темірғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер институтының директоры |
Батырғажин Азамат Байқуанышұлы | - «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Сыздықов Эльдар Мақсұтұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары, хатшы |
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізсін.
3. Осы Өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е.Мусинге жүктелсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |