Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 470р Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 175-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдың төртінші абзацы «ақпарат көздеріне жазылу - жыл бойы.» деген сөздерден кейін «Жылдың үздік салық төлеушісі» акциясын өткізу жөніндегі іс-шара.» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдың соңғы абзацы «Аумақтық органдарға ғимараттар сатып алу.» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 188-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны «Жылу сорғыларын сатып алу, жеткізу және орнату.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың түпкі нәтижесінде «технологиялық жабдықтарының» деген сөздерден кейін «, оның ішінде кростық үй-жайлардың» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |