4. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның табыс етiлген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол табыс етiлген құжаттарды сараптамаға жiберiп, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл ретте, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.
5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде төлем тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және төлем тағайындаудан бас тарту себептерi мен шағымдану тәртібін көрсете отырып, ол туралы Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
6. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы - алушы деп танылған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер осындай адам әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
7. Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне өтiнiш берiлген күн Қордан әлеуметтiк төлемдер тағайындауға өтiнiш берiлген күн деп есептеледi.
8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасынан аспайтындай мөлшерде индекстелуге тиіс.
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда
әлеуметтiк төлем тағайындау және оның мөлшерi
1. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайдағы әлеуметтiк төлем өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш берген уақытта жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан, тағайындалады.
2. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер;
3) еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыруды жүргiзу мен белгiлеу туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
3. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыру, белгiлеу тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды. Құжаттарды ресiмдеу мерзiмi өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан аспауға тиіс.
4. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем адам әлеуметтiк төлемдер тағайындауға өтiнiш берген күннен бастап, еңбек ету қабiлетiнен айрылды деп белгiленген барлық кезеңге тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген жағдайда әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айрылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган Орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
Қайта куәландырылушы еңбек етуге қабiлеттi деп танылған жағдайда, әлеуметтiк төлемдi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган оны еңбек етуге қабiлеттi деп шешiм шығарған күннен бастап әлеуметтiк төлем тоқтатылады. Бұл ретте уәкiлеттi орган Орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне шығарылған шешiм туралы үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
5. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентiн шегергендегi орташа айлық мөлшерiн табысты алмастырудың, еңбек ету қабiлетiнен айрылу мен қатысу стажының тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициентi - 0,6 болады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi: жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi сексеннен жүз процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,7; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi алпыстан сексен процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,5; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi отыздан алпыс процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,3 болады.
Қатысу стажының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн: алты айдан кем болғанда - 0,1; алты айдан он екi айға дейiн - 0,7; он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн 0,85; отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9; қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95; алпыс және одан да көп айларға - 1,0 болады.
6. Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен кезде еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайында берiлетiн әлеуметтiк төлемдер тоқтатылады.
22-бап. Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк
төлемнiң тағайындалуы және оның мөлшерi
1. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушысының мына отбасы мүшелерi асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындалуына және алуға құқылы:
1) он сегiз жасқа толмаған және, егер олар он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi. Бұл ретте аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер осы тармақшада аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кәсiби білім беретiн оқу орындарының орта кәсiби және жоғары кәсiби білім беретiн күндiзгi нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтiк төлем оқу орнын бiтiргенге дейiн берiледi;
2) жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуi немесе жұбайы, не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi, егер ол қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының бiр жарым жасқа толмаған балаларын, аға-iнiлерiн, апа-сiңлiлерiн немесе немерелерiн күтiп-бағумен айналысатын болса.
2. Өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген ата-ананың - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес айрылып қалған әрбiр ата-ана үшiн асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленедi.
3. Бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.
4. Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
3) асыраушысының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттық шешiмi;
4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәлiктер);
5) отбасы мүшелерiнiң оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);
6) қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайларда);
7) мүгедектiк тобын куәландыруды жүргiзу және белгiлеу туралы мәлiметтер (он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда) қоса тiркеледi.
5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
6. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлем үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi санының өзгергенi және тиiсiнше әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiмдi әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Бұл ретте әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейедi немесе азаяды.
8. Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентi шегерiлген орташа айлық мөлшерi табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу стажының тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Асыраушысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлем алу құқығы сақталатын кезең бойына ай сайын төленiп тұрады.
9. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушы қайтыс болғанға дейiн асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауындағы бiр адам болса - 0,4, асырауында екi адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса - 0,8 болады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициентi мен қатысу стажының коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
23-бап. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем
тағайындау және оның мөлшерi
1. Жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлем жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органға адам жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
2. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер;
3) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның анықтамасы қоса тiркеледi.
3. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсiнше табысты алмастыру коэффициенттерiне және қатысу стажының коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте кiрiстi алмастыру коэффициентi - 0,3 болады, ал қатысу стажының коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
4. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген жағдайда, оның жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдердi күнтiзбелiк есептеумен алғанда:
алты айдан он екi айға дейiн - кемiнде бiр ай үшiн;
он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - екi ай бойы;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - үш ай бойы;
отыз алты айдан жоғары - төрт ай бойы алуға құқығы бap.
5. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алып тұрса, бiрақ жұмысқа орналасуына байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алу құқығынан айрылған жағдайда, кезектi әлеуметтiк төлемдер жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлем алған әрбiр айы үшiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мұндай қатысушысы үшiн он екi ай шегерудi негiзге ала отырып тағайындалады.
24-бап. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру
және есептеу
Қордан берiлетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру мен есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу
25-бап. Қордан берiлетiн әлеуметтiк төлемдер
Әлеуметтiк төлемдер әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган шешiм шығарған айдан кейiнгi айдың 15-iнe дейiн алушының жеке шотына есептеу жолымен Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы жүргiзiледi. Төлемдердi кешеуiлдеткенi үшiн осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсiмпұл есептеледi.
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған және (немесе) жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және олар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
Бұл ретте еңбек ету қабiлетiнен айрылған және (немесе) жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлем алушылар әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган оларға әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарғаннан кейiн Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорымен жасасқан зейнетақы шартының көшiрмесiн табыс етуге тиiс.
5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
2. Қор өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
28-бап. Қордың қызметi
Қор өз қызметiн Қордың активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге асырады.
Комиссиялық сыйақының проценттiк ставкасының шектi шамасы мен оны пайдаланудың тетiгiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
1. Қордың:
1) мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
3) Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
4) қаржы қозғалысы туралы Орталықтан ақпарат алуға;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
2. Қор:
1) Орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
2) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
3) жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
3. Қор:
1) Қор активтерiн кепiлге беруге;
2) кәсiпкерлiкпен және осы Заңда көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
30-бап. Қордың инвестициялық қызметi
1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарт негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөніндегі, инвестициялық кiрiс алу жөніндегі барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.
31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
1. Қордың активтерi:
1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл, Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық табыс;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
2. Қордың активтерi мынадай мақсаттарға ғана:
1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруға;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;
3) артық төленген әлеуметтiк аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға пайдаланыла алады.
32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру
1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есеп берудi Қордың өзiнiң қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлек табыс етедi.
2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. Дауларды шешу
Қордың, Орталықтың, мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк
сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының