2) заңды тұлға мүлкi меншік иесiнiң немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды тұлға органының шешімі;
3) құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық карточка;
4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртібі мен мерзiмдері туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
5) таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;
6) тарату балансы;
7) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық және тарату баланстарын бекіту туралы шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;
8) заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжат;
9) таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;
10) салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
11) кеден органдарының кедендiк төлемдер бойынша берешектерi мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмiлелерiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
12) акция шығарылымдарының (акционерлік қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы уәкiлеттi органның хабарламасы;
13) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
Сот шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Егер тексеру процесінде таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын он күн ішінде тіркейді. Табиғи монополия субъектісі қызметінің тоқтатылуын тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталған жағдайда тіркеуші орган тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Заңды тұлға қызметін тоқтатқандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілгеннен кейін ол өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.
Басқа заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылған заңды тұлғаны тіркеу осы Заңның 6-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тіркеуші органға, уәкілетті органның осы акционерлік қоғам акцияларының барлық шығарылымдарының күшін жою туралы хабарламасы қосымша табыс етіледі.
ҚР 29.10.02 ж. № 348-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден шығару
Филиал (өкілдік) филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлға шешімі, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұскалары, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені үшін алым төлегенін растайтын квитанция немесе құжат негізінде есептен шығарылуға жатады.
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін, осы баптың бірінші бөлігінде аталған құжаттардан басқа, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органының салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы талап етіледі.
17-бап. Дауларды қарау
Мемлекеттік тiркеуден бас тарту, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтару заңды тұлға құрылтайшылары мен тiркеудi жүзеге асырушы мемлекеттік орган арасындағы өзге де даулар бойынша сотқа шағым жасауға болады.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Мемлекеттік тiркеусiз заңды тұлға ретіндегі қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттік тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
Заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге тартылатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтi бiр ай мерзiмде бермегенi үшiн заңдарға сәйкес жауапкершiлiк күшiне енедi.
Тiркеушi орган заңды тұлғаны тiркеуден және филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда арыз берушi өзi шеккен залалдың орнын толтыруды сот тәртібімен талап етуге қақылы.
Акционерлік қоғам акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге немесе ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды уәкілетті органға белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, осы қоғам Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс.
19-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының