3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлейдi;
4) бюджеттік өтiнiм жасаудың және табыс етудiң тәртібін айқындайды;
5) мемлекеттік мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгiлейдi;
6) бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн айқындайды;
7) бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлейдi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
8) жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
9) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды және борышты, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі жөніндегі борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
12) бюджеттік кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар аппараттарының штат кестелерін әзірлеу жөніндегі әдіснамалық басшылықты талдап-жасайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
12-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
60-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) экономикалық жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талдап-жасайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу мен іске асыру әдістемесін айқындайды;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3) байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге енгiзедi;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4) бюджеттік инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
61-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) республикалық бюджеттi атқарады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысады;
4) бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және мемлекеттік бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады;
5) республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекiтедi және оларға өзгерістер енгiзедi;
6) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi;
7) мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асырады;
8) мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;
9) уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды;
11) осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;
12) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда мемлекеттік мекемелердiң шоттарын ашу, жабу және жүргiзу тәртібін айқындайды;
13) бюджеттік есепке алуды жүргiзу тәртібін айқындайды;
14) есептiлiк жасаудың және табыс етудiң тәртібін айқындайды;
15) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыздарын алады, пайдаланады, тiркейдi, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзi шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16) мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепiлдiктерi және мемлекет кепілгерліктері бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
17) бюджет қаражатын игеру мониторингiн жүзеге асырады;
18) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, есептiлiк жөніндегі әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзедi, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер бередi;
21) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздарына және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктердi конкурстық негiзде айқындайды және оларға уәкiлеттiк бередi;
22) республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджет кредиттерiнiң берiлуiн, оларға қызмет көрсетiлуiн және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
22-1) түсімдер сомаларын кейіннен қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарының есебіне жатқыза отырып, осы Кодекске сәйкес оларды республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының арасында бөлуді жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
22-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сомаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударуды жүзеге асырады;
23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
62-бап. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгіне iшкi бақылауды жүзеге асырады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, ол бойынша есеп және есептiлiк жүргiзу, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекеттік мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатуынан түскен өз иелiктерiнде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептерiне баға бередi;
3) бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
63-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:
1) жергiлiктi бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi бекiтедi;
2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мәслихаттың тексеру комиссиясын сайлайды;
3) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу туралы есептердi қарайды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана
әкімдігінің құзыретi
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының жұмысын үйлестіреді;
2) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
3) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
8) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарларын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
64-1-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің құзыретi
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіреді;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған қаржы жоспарын бекітеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 64-2-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
64-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілеттi
органының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының тиісті қаржы жылына арналған орта мерзімді фискалдық саясатының жобасын әзірлейді;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының қарауына табыс етеді;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімін іске асыру туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі шешімінің жобасын әзірлейді;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларының тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 64-3-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
64-3-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджетті атқару жөніндегі жергіліктi
уәкілетті органдарының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіреді;
3) облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін түсімдерді болжауға қатысады;
4) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті түсімдерінің және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерді әзірлейді, бекітеді және енгізеді;
5) облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
6) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге олардың міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
7) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттерді беруді, оларға қызмет көрсетілуін жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;
8) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті атқарылуының мониторингін жүзеге асырады;
9) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасайды;
10) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі жалпы қорытындыны дайындайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 64-4-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
64-4-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi
атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының
құзыретi
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне түсетін түсімдерді болжауға қатысады;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті түсімдерінің және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерді әзірлейді, бекітеді және енгізеді;
4) аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге олардың міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді;
6) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттерді беруді, оларға қызмет көрсетілуін жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;
7) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті атқарылуының мониторингін жүзеге асырады;
8) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін атқару жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасайды;
9) өткен қаржы жылында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы жөнінде есептілік жасайды.
10-тарау. Бюджеттік комиссиялар
65-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негiзгi ережелер
1. Бюджеттік комиссия - бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеу мен бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия.
2. Республикалық бюджеттік комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.
66-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыретi
Бюджеттік комиссиялардың құзыретiне:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
2) тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін айқындау, мемлекеттік емес секторға берілетін функцияларды, бағдарламалардың және бюджеттік бағдарламалар паспорттары жобаларының тиімділігін бағалауды ескере отырып, орта мерзімді фискалдық саясатты, мемлекеттік функцияларды талдау нәтижелерін негізге ала отырып, оларды іске асыру тетіктерін айқындау жөнінде ұсыныстарды талдап-жасау;
4) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
5) тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
6) бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын бағалау нәтижелерiн қарау және солар бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
7) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.
67-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары
1. Бюджеттік комиссиялардың құрамына:
бюджеттік комиссияның төрағасы;
бюджеттік комиссия төрағасының орынбасарлары;
бюджеттік комиссияның хатшысы;
бюджеттік комиссияның мүшелерi кiредi.
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар тиiсiнше бюджеттік комиссиялардың жұмыс органы болып табылады.
3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.
Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзi тағайындаған орынбасары орындайды.
4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестiредi, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзiмдер мен күн тәртiптерiне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
Ерекше бөлік
4-бөлім. Бюджетті әзірлеу мен бекіту
11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері
68-бап. Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелер
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Республикалық және жергілікті бюджеттерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін және стратегиялық міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
2. Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiң болжамы жасалады.
3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
69-бап. Бюджеттi жоспарлау принциптерi
Мыналар:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) сабақтастық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеті атқарылуының тиімділігін бағалау нәтижелерін ескеріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының, өткен кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) басымдық принципi - республикалық және жергілікті бюджеттерді республиканың немесе өңірдің алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған стратегиялық және әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгізу қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
4) шығыстардың мұнайдан түсетін түсімдерге тәуелділігін азайту принципі - мұнайға қатысты емес секторды нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшерін азайту бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.
70-бап. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
республиканың немесе өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңіне арналып белгіленген басымдықтарын ескере отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе өңірдің стратегиялық және орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекітілген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау және бағдарламаларды бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру бағалана отырып үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Егер бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетілетін болса, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.