«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 959
қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1214 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 959 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 35, 460-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының, республикалық және жергілікті бюджеттердің теңдестірілуіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады.»;
11-тармақтың бесінші абзацындағы «ресми» деген сөз алынып тасталсын;
13-тармақтағы «республикада мемлекеттік саясатты» деген сөздер «республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Функционалдық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын көрсетеді. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады.»;
16-тармақтың он алтыншы абзацындағы «Ресми» деген сөз алынып тасталсын;
17-тармақтағы «бюджет қаражатының функционалдық топ ішінде жұмсалу бағытын» деген сөздер «ел дамуының әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер тобын функционалдық топ ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Бюджеттік бағдарлама - мемлекеттік басқару функцияларын, республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.»;
24-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар - нәтижелері:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес тұрақты сипаты бар мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекет міндеттемелерін орындау жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге;
2) республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.
Бюджеттік даму бағдарламалары - нәтижелері республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткізу дәрежесіне, міндеттері мен іс-шараларын шешуге тікелей ықпал ететін, экономикалық пайда немесе әлеуметтік-экономикалық әсер алуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |