Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 1236 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген реттік нөмірі 14-жолдың 3-бағанында:
«317» деген сандар «331» деген сандармен ауыстырылсын;
«201» деген сандар «215» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |