7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: 26 км пайдалануға енгізумен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу, Алматы қаласында метрополитен құрылысының бірінші кезегін салу бойынша орындалған жұмыстар көлемі, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысы бойынша міндеттемелерді толық өтеу.
Соңғы нәтижесі: автомобиль жолдарының желісін дамыту үшін объектілерді пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
174-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"«Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 253521 мың теңге (екі жүз елу үш миллион бес жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1202 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешенінің (бұдан әрі - Ғимарат) жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер үшін қажетті еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ғимаратқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсету, санитарлық өңдеу, суықпен-жылумен, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйесінің профилактикалық жұмыстарын жүргізу, үкіметтік байланыс кабелін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | «Тrans- port tower» әкімші- лік-тех- ноло- гиялық кешені ғима- ратын ұстау | Ауданы 32294 шаршы метр Ғимаратты, соның ішінде: электртехника жабдығына, инженерлік желілер мен коммуни- кацияларға, тартып- шығарып желдету жүйе- сіне, өрт қауіпсізді- гіне, өрт белгісін беру және түтінді жою жүйесіне, лифт- тердің жұмысына, сыртқы және ішкі желілері бар автомат- тандырылған телефон станциясына техника- лық қызмет көрсету және жөндеу. Сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету. Суық- пен-жылумен, ыстық және суық сумен қам- тамасыз ету жүйесінің профилактикалық жұмыстарын жүргізу - 2, 3 тоқсан. Ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты таза ұстау. Ғимаратты санитарлық өңдеу. Көгалдандыру және абаттандыру. Үкіметтік байланыс кабелін жүргізу. Терезелерді және витраждарды жуу. Ғимараттың, кіргізу жүйелерінің, бейнеба- қылау, мәжіліс залын- да дыбысты күшейту жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамта- масыз ету үшін қажет- ті басқа да жұмыстар. Көрсетілген жүйелерді қосалқы бөлшектермен және шығыс материал- дарымен қамтамасыз ету. Ғимаратты күтіп ұстау жөніндегі жабдықтаушы функцияларын орындау, ғимаратқа шаруашылық қызметтің көрсетілуін қамтамасыз ету, ғимаратты сақтандыру. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар: мемлекеттік қызметшілер.
Тікелей нәтижесі: ауданы 32294 ш.м. «Transport tower» ғимараттың күтіп ұстау, ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету: мемлекеттік қызметшілер үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау мақсатында ғимаратқа профилактикалық, жөндеу жұмыстарын, инженерлік, санитарлық жұмыстарды, көгалдандыру мен абаттандыруды уақтылы жүргізу.
Соңғы нәтижесі: Ғимараттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 шаршы метрге жұмсалатын орташа шығын 7850 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: техникалық нормаларға сәйкес.