Ескертпе.
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше кауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін екі (немесе одан да көп) негіздер бойынша: туберкулез емдеу-алдын алу мекемелерінің палаталарының, бөлімшелерінің, интернат-үйлерінің медицина және өзге де персоналына - БЛЖ-дан 70% мөлшерінде, мамандандырылған емдеу алдын алу, ұйымдарының (маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу палаталарының, бөлімшелерінің) қызметкерлеріне БЛЖ-дан 40% мөлшерінде, 20%-дан 22%-ке дейін қосымша ақы көзделетін басқа да ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерде - БЛЖ-дан 23% мөлшерінде қосымша ақылар белгіленеді.
2. Медицина қызметкерлеріне кезекшілікте болғаны үшін еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізіледі. Кезекшілікті ұйымдастыру және оған ақы төлеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.
3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары жүйесінің, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің, Қорғаныс министрлігі жүйесінің, Республикалық ұланның мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атағы жоқ медициналық қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.
4. Медицина қызметкерлерінің біліктілік санаты үшін қосымша ақы ставкаға сәйкес, алайда бір толық ставкаға белгіленген мөлшерден аспайтын көлемде пропорционалды төленеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1156 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
24-қосымша
Басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеу арттыру
коэффициентімен жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер
мен қазыналық кәсіпорындардың тізбесі
Республикалық мемлекеттік мекемелер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы дирекциясы» мемлекеттік мекемесі.
5. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар
1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. «Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1156 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
25-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне
еңбек жағдайы үшін төленетін қосымша ақылар мен үстемеақылар
Р/с № № | Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының атауы, санаттары | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "Кеме қатынасы тіркелімі" ММ, су жолдары қазыналық кәсіпорындарының, "Облжолзертхана" ММ кызметкерлеріне | Қауырттылығы және күрделілігі үшін қосымша ақы | ЛЖ-дан 50 % дейін | Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен |
2 | Су жолдары қазыналықкәсіпорындарының, "Облжолзертхана" ММ мамандары мен қызметкерлеріне | Ауыр (аса ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы | ЛЖ-дан 50% дейін | "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының, тізімі (тізбесі) негізінде |
3. | Су жолдары қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне: | | | Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен |
1) | сүңгуірлерге | Су астында жұмыс істегені үшін үстемеақы | Әр сағат үшін сағаттық ставканың 100% | |
2) | қызметкерлерге | Жұмыстың жол сипаты үшін үстемеақы | Әрбір күнтізбелік күн үшін АЕК-тен* 35% | |
Ескертпе:
* АЕК - заңнамалық кесіммен белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1156 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
26-қосымша
Денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындары
қызметкерлерінің лауазымдары мен мамандықтарының тізбесі және олардың
психоэмоционалдық жүктемесін айқындайтын өлшемдер
Р/с № № | Қызметкерлер мамандықтарының, лауазымдарының атауы | Психоэмоционалдық жүктемесінің өлшемдері |
1 | 2 | 3 |
1. | Жұмысы психоэмоционалдық және дене жүктемесінің жоғарғы дәрежесімен ұштасқан хирургиялық, соның ішінде балалар хирургиясы бейінді мамандар | Хирургиялық араласудың нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоционалдық ширығу, кезекшілікке байланысты қатты шаршау, шұғыл операциялық араласулар, мәжбүрлі жұмыс істеу қалпы, анализатор жүйелерінің шамадан тыс ширығуы, жедел шешім қабылдау қажеттігі, көзге көп күш түсу - жоғары дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: кардиохирург; трансплантолог; микрохирург; ангиохирург; нейрохирург; |
2) | орта медициналық персонал: операция медбикесі; реаниматология және анестезиология және интенсивті терапия бөлімшесінің анестезист медбикесі; |
2. | Хирургиялық және акушер-гинекологиялық, соның ішінде балалар хирургиясы, акушер-гинекологиясы бейінді мамандар: | 1-тармақтағы өлшемдер, бірақ жүктеме дәрежесі одан төмендеу - орташа дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: акушер-гинеколог; жалпы хирург; абдоминальды хирург; торакальды хирург; ангиохирург; нейрохирург; анестезиолог-реаниматолог; эндокринологиялық хирург; уролог; проктолог; онколог-хирург; маммолог; травматолог-ортопед (соның ішінде травматология пункттерінің); жақ сүйегі-бет хирургы; пластикалық хирург; камбустиолог; офтальмолог; оториноларинголог; эндоскопист; трансфузиолог; |
2) | орта медициналық персонал: операция медбикесі; перзентхана бөлімшесінің акушері; реаниматология және анестезиология және интенсивті терапия бөлімшесінің анестезист медбикесі; интенсивті терапия палатасының медбикесі; травматология пункттерінің медбикесі; | |
3. | Амбулаториялық ұйымдардың хирургиялық, соның ішінде балалар хирургиясы бейінді мамандары: | 1-тармақтағы өлшемдер, бірақ жеңіл дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: хирург; уролог; онколог-хирург; маммолог; травматолог-ортопед; офтальмолог; оториноларинголог; стоматолог-хирург; акушер-гинеколог; |
2) | орта медициналық персонал: хирургиялық бейінді медбике; |
4. | Ауылдағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандары: | Аса шыдамдылық таныту және көңіл бөлу, психоэмоциялық ширығу - үйдегі науқастармен және оның туысқандарымен (қарым-қатынас қиындығы, психикалық ауытқуы бар науқастың әдеттен тыс мінез-құлқы қаупінің жоғарылығы, ауа-райы жағдайының қолайсыз әсер етуі (үй-жайдан тыс болуға байланысты жұмыс), патогендік инфекциямен үнемі контактіде болу қаупі, артық жүктемесі бар жұмыс - 1 дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: терапевт (учаскелік); педиатр (учаскелік); жалпы практика; |
2) | орта медициналық персонал: учаскелік медбике; жалпы практика медбикесі; фельдшер; акушер; медбике; |
5. | Қаладағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандары: | 4-тармақтағы өлшемдер, бірақ жүктеме дәрежесі одан төмендеу - 2 дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлері: терапевт (учаскелік); педиатр (учаскелік); жалпы практика; |
2) | орта медициналық персонал: учаскелік медбике; жалпы практика медбикесі; фельдшер; акушер; медбике; |
6. | Патологоанатомиялық бюроларының (бөлімшелерінің), сот-медициналық сараптама орталықтарының мамандары: | Мәйітті союға байланысты жұмыс, патогендік флорамен байланыста болу қаупі, қайтыс болған науқастардың, өлген және өлтірілген адамдардың туысқандарымен қарым-қатынас жасау кезіндегі психоэмоциялық ширығу |
1) | тікелей мәйіттердің сараптамасымен айналысатын жалпы сараптамалық зерттеулердің сот-медициналық сарапшысы; |
2) | тікелей мәйіттерді союмен айналысатын патологоанатом, соның ішінде балалар патологоанатомы; |
7. | Жедел медициналық жәрдем станцияларының (бөлімшелерінің) қызметкерлері: | Жоғары жедел сапа - диагностика мен емдеуде тез шешім қабылдау, жарақат алу қаупінің жоғарылығы, артық дене жүктемелері - тәуліктік жұмыс, жоғары психоэмоциялық жүктеме - өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға жедел медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмыс |
1) | жедел және шұғыл медициналық жәрдем дәрігері; |
2) | жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері; |
3) | медбике; медициналық тіркеуші; санитар; жүргізуші. |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1156 қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
27-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне үнемдеу
есебінен сыйлықақы беру жұзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін
және үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесi
Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу мынадай шығыс түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
ел ішіндегі іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу;
коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
байланыс қызметіне ақы төлеу;
көлік қызметіне ақы төлеу;
электр энергиясына ақы төлеу;
жылуға ақы төлеу;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, оларды ағымдағы жөндеу;
өзге де қызметтер;
өзге де ағымдағы шығыстар;
2) қаржыландыру жоспары боынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
негізгі жалақы;
өтемақы төлемдері;
әлеуметтік салық;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
қосымша ақшалай төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жұмсауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1156 қаулысына
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
28-қосымша
Қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы
беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және үстемеақы
белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесi
Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу мынадай шығыс түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) смета бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
іссапар шығыстары;
коммуналдық қызметтер;
электр энергиясы;
жылу;
байланыс қызметтері;
көлік қызметтері;
негізгі қорларды ағымдағы жөндеу;
негізгі құрал-жабдықтар бойынша жалгерлік ақы;
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу шығыстары;
2) смета бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде мынадай шығыс түрлері бойынша:
жалақы;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша смета бойынша үнемделген қаражатты сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жұмсауға жол берілмейді.