60) үй - адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдің жер асты бөлігі болуы мүмкін;
61) үйлердің (ғимараттардың) инженерлік жабдықтары - материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен өндіріс процестерін инженерлік жағынан қамтамасыз ететін, адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек етуіне (болуына) қалыпты не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар кешені;
62) экологиялық зілзалалар - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар:
құрлықтың жай-күйінің (пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан болатын апатты опырылыстар, тектоникалық жарықтар, грифондар, көшкіндер, ойылыстар, топырақта ауыр металдардың немесе басқа да зиянды заттардың жол берілетін шектен тыс шоғырлануы, топырақтың тез тозуы, топырақтың эрозиясы, сортаңдануы немесе батпақтануы салдарынан көлемді аумақтардың шөлге айналуы);
атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің (антропогендік әсер ету салдарынан климаттың күрт өзгеруі, зиянды қоспалар жиынтығының жол беруге болатын шектен үнемі артып кетуі және ауа тазалығының нашарлауы, елді мекендерде оттегінің тұрақты жетіспеуі, қышқылды жауындар жауатын көлемді аймақтың пайда болуы);
гидросфера жай-күйінің (су көздерінің сарқылуы немесе олардың апатты түрде немесе біржола ластануы, ауыз судың, сондай-ақ өндіріс қажеттіліктері мен шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған судың тұрақты жетіспеуі);
биосфера жай-күйінің (көлемді аумақтардағы өсімдіктердің құрып бітуі, хайуанаттар, өсімдіктер түрлерінің жойылуы, биосфераның молықтыру қабілетінің күрт өзгеруі) өзгеруімен байланысты.
Дүлей зілзалалар (табиғи апатты құбылыстар) да экологиялық зілзалаларға жатады.";
2) 3-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «тарихи және мәдени» деген сөздер «тарихи-мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «тарихи және мәдени мұраны» деген сөздер «тарихи-мәдени мұра объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «тарихи және мәдени» деген сөздер «тарихи-мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-бапта:
тақырыбындағы «Тарихи, мәдени» деген сөздер «Тарихи-мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «тарихи, мәдени құндылықтар және» деген сөздер «тарих және мәдениет ескерткіштері мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 40-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «тарихи және мәдени мұраның пайдаланылуына» деген сөздер «тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуына және пайдаланылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 42-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «тарихи және мәдени» деген сөздер «тарихи-мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 44-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «тарихи және мәдени мұраны» деген сөздер «тарихи-мәдени мұра объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 47-баптың 4-тармағындағы «тарихи-қала құрылысының» деген сөздер «тарихи-сәулеттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 48-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «тарихи және мәдени» деген сөздер «тарихи-мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 65-баптың 3-тармағының соңғы сөйлемі алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы желтоқсанның 11-і.
№ 204-III ҚРЗ