Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының
нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат):
1) 11-баптың 6-тармағындағы «шешімдер қабылдайды» деген сөздер «қаулылар шығарады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-бапта:
1-тармақтағы «жеке», «дара сипатты» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «заң күшіне енгізу» деген сөздер «қолданысқа енгізу» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат):
9-баптың 10) тармақшасындағы «Парламентке заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау жөнінде» деген сөздер «заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана. Ақорда. 2006 жылғы желтоқсаннын 11-і
№ 200-III ҚРЗ