«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 және
2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 1186 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 33, 458-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кестеде:
«Бағдарламалардан тыс» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 27-жолдың 6-бағанындағы «Кербұлақ ГЭC-і» деген сөздер «Бұлақ ГЭC-і» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 317-1-қосымшада:
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Кербұлақ ГЭC» деген сөздер «Бұлақ ГЭC» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың «Тура нәтиже» деген абзацындағы «Кербұлақ ГЭC» деген сөздер «Бұлақ ГЭC» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |