Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
239-1-қосымша
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
022 «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-тың жарғылық капиталын
көбейту» республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 132155 мың теңге (жүз отыз екі миллион жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-II Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық авиация академиясы» мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» 2001 жылғы 25 мамырдағы № 718 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация саласында кадрларды дайындаудың сапасын арттыру, әлемдік рынокта бәсекелестікті арттыру үшін жақсы жағдайлар қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтық авиация саласында кадрларды кәсіби даярлаудың кешенді жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-тың жарғылық капиталын көбейту | ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің мамандарын EASA/JAR стандарттарына оқыту үшін «Азаматтық авиация академиясы» АҚ жарғылық капиталын арттыру арқылы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-тың қызметін дамыту. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: педагогика және авиация қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін нысандарды, әдістерді және талаптарды жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін азаматтық авиация академиясының жарғылық капиталын өсіру және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің 35 мамандарын EASA/JAR стандарттарына оқыту.
Соңғы нәтиже: авиация саласының білікті кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, халықаралық авиация стандарттарын енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: қолайлы жағдайлар ұйымдастыру және жасау есебінен кадрлық әлеуетті арттыру; Азаматтық авиация комитеті қызметшісін енгізіп жатқан (EASA/JAR) еуропалық авиация талаптарын оқыту үшін орташа шығын 1768 мың.теңге.
Уақтылығы: жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: азаматтық авиация саласын EASA/JAR еуропалық авиация стандарттарына көшіру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
240-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кадрлардың
біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 140350 мың теңге (бір жүз қырық миллион үш жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 21, 27, 41-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім саласында қызмет сапасын жақсарту. Мамандардың отандық және шетелдік озық тәжірибеде тиісті ғылым мен техника салаларындағы жаңа жетістіктер туралы білім алуға деген талабын қанағаттандыру; бұрын алған кәсіптік білімді тереңдету немесе жаңа кәсіптік білім алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: лауазымдық міндеттерін тиімді орындап, кәсіптік шеберліктерін жетілдіру үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкес өздерінің кәсіптік қызметі саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жаңартып отыру. Білім беру, спорт және денешынықтыру мамандарының кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Аймақтық білім беру жүйелері мен оқу орындарын басқарудың сапасын арттыру, мектеп мұғалімдерінің компьютерлік сауатын қамтамасыз ету, мектепті 12 жылдық оқуға көшіру үшін кадрлар даярлау, білім ұйымдарында мұғалімдер мен оқытушылардың жұмысқа кәсіптік және психологиялық дайындық сапасын арттыру. Ұйымдардың, білім басқармаларының басшыларының, білім берудің барлық деңгейдегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Ғарыштық байланыстары бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен даярлау, "Өзін өзі тану" пәні бойынша оқытушылар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Мемлеттік білім беру ұйымда- рындағы кадр- лардың білік- тілігін арттыру және қайта даярлау | Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әртүрлі бағыттағы жаңа буынды педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес дене тәрбиесі, ақпараттандыру және 12 жылдық оқу саласында педагог кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ғарыш саласы бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес "Өзін өзi тану" пәнін өткізуге мұғалімдер мен тәрбиешілерді қайта даярлау. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әртүрлi бағыттағы психология- медицина-педагогика кеңестерінің мамандары үшін біліктілік арттыру курстарын өткізу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Түзеу педаго- гикасы ұлттық ғылыми- практи- калық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуші тыңдаушылардың орташа саны - 6465.
Соңғы нәтижелер:
білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асыру бойынша 2006 жылғы шараларды педагог кадрлармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында ғарыш саласында мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2006 жылғы шараларды мамандармен қамтамасыз ету.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауда сұранымды қамтамасыз ету үлесі - 20 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір тыңдаушыны оқытудың құны - 21710 теңге.
Уақтылығы:
жұмыс жүргізу кестеге сәйкес.
Сапасы:
білім саласына сапалы жағдай жасау үшін мамандардың кәсіптік білімі мен іскерлігін қолдану.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
241-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Сейсмологиялық ақпарат мониторингі"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 194381 мың теңге (бір жүз тоқсан төрт миллион үш жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 1, 5, 10, 11, 14, 15, 28-баптары; "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 1, 2, 7, 8, 17, 25-баптары; "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында мүмкін болатын жер сілкіністерінің шығынын азайту және олардың зардаптары жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1490 қаулысы; "Республиканың сейсмологиялық қауіпті аймақтарындағы жойқын жерсілкіністердің шығынын азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының сейсмологиялық қауіпті аудандарында жерсілкіністерін болжау арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кешенді зерттеулер ұйымдастыру және өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және сапалы ғылыми қызмет үшін сейсмикалық стансаларды қайта жарақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Бақылаудағы аумақ пен іргелес аудандардағы жерсілкіністері туралы деректерді тіркеу және өңдеу; далалық аспаптармен бақылау жүргізу және стационарлық станциялар желісінде сапалы әрі үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, гидрогеодинамикалық, деформографиялық, ойысөлшеу, сейсмобиологиялық ақпарат алу, алған ақпаратты алғашқы өңдеуден өткізу; зерттелетін аумақты сейсмикалық бақылау тәртібі бойынша тақырыптық жұмыстар жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында қатты жерсілкіністердің эпицентрлік аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың және өзге де бақылау түрлерінің жұмысын жандандыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы деректі органдарының өкімі бойынша жұмыстар орындау; бақылаудағы аумақ бойынша барлық байқалған және күшті жерсілкіністер туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын мезгілінде хабарландырып отыру; жерсілкіністерінің жедел каталогтары мен бюллетендерін жасау, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, деформографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын қалыптастыру; аспаптық бақылау деректерін тіркеу, жөнелту және өңдеу процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу; жерсілкіністер болжамдары бойынша бақылау жүргізу және материалдарды өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды енгізу. Бақылауларды, тапсыруларды және деректерді өңдеуді автоматтандыру үшін сейсмикалық стансалардағы аппаратураны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Сейсмо- логиялық ақпарат мони- торингi | Бақыланатын аумақтар мен қарамағындағы аудандардағы жер сілкіністері туралы деректерді тіркеу және өңдеу. Стационарлық станциялар желілерінде инструменталдық дала бақылауларын жүргізу және сапалы әрi үздіксіз ақпарат алу, алынатын ақпаратты алғаш өңдеу, Қазақстан Республикасының аумағында сейсмология- лық мониторингті жүзеге асыру. Негізгі құралдарды сатып алу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі, Сейсмо- логиялық тәжіри- белік- әдісте- мелік экспе- дициясы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Сейсмологиялық станциялардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында негізгі құралдарды сатып алу, кемінде: цифрлық сейсмикалық аппаратура - 5; аналитикалық таразы - 1; техникалық таразы - 1; дебит өлшемі - 2; персоналды компьютер - 5; проектор - 1; УАЗ-31519-095-02 автомашинасы - 2; КамАЗ-45142 автомашинасы -1; геофизикалық өлшеу құралы -6; жер станциясымен спутниктік байланыс аппаратурасы - 5; радиотелефондық ұзартқыш - 3; осциллограф - 6; генератор - 4; электроперфоратор - 4; реттелетін тұрақты ток көзі - 20; триммер - 7.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерсілкіністер каталогы; алғашқы бақылау материалдарының (сейсмограммалардың, цифрлық сейсмограммалардың, деформограммалардың күшті қозғалыстар жазбасының геофизикалық, гидрогеологиялық, сейсмобиологиялық бақылаулар және жер қабығы қозғалыстарын қазіргі бақылау бойынша алғашқы материалдары) мұрағаттары; бақылау түрлері бойынша деректердің базалары; сейсмикалық ("Сейсмо", "Бадис", "Уақытша қатарлар", "Карточка", "Кармех"); геофизикалық ("Магнитка" "Теллурика"), гидрогеологиялық ("Геохим"), қазіргі қозғалыстар ("Қабық"); өлшеу параметрлері негізінде жерсілкіністердің күн сайынғы оперативті болжамдары (барлығы 365 болжам) сейсмологиялық стансалардың беретін өңделген ақпараттарының сапалығы мен автоматты оперативтік процесінің сенімділігін арттыру мақсатында құрылғыларды 60 бақылау пунктін, оның ішінде: 35 стационарлық сейсмологиялық станцияларын жаңарту.
Соңғы нәтиже: жер асты термоминералдық сулардың сейсмикалық, газ химиялық және динамикалық режимдеріне, геофизикалық даланың вариацияларын, жердің үстіңгі қабатының уақытында қозғалуын, жануарлардың мінез-құлқына режимдік бақылаулар жүргізу. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс сейсмикалық белсенді аудандарында қатты жер сілкіністерін болжау мақсатында ақпаратты тіркеу, жинау, беру, өңдеу және сақтау процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар.
Жер сілкіністерін болжау бойынша уақытында ақпарат беру.
Бақылау пунктеріндегі қажеттілікті қанағаттандыру үлесі - 90%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір бақылау пунктін қамтамасыз етуге орташа шығыстары - 2493,8 мың теңге;
бір бақылау пунктін жарақтандыруға орташа шығыстары - 745,8 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстар өткізу кестесіне сәйкес.
Сапасы: болжамдардың жер қыртысының нақты қозғалыстарымен сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
242-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету және
білім беру қызметтерінің сапасын талдау"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 684472 мың теңге (алты жүз сексен төрт миллион төрт жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесін басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы; "Білім ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудегі жалпы әлеуметтік үрдістерді ескере отырып білім деңгейлері үшін жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарын жасау және енгізу, білімді басқару жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәртібін сақтауды әзірлеу және талдау, дене тәрбиесі және спорт бойынша бағдарламалар мен ұсыныстар әзірлеу. 12 жылдық оқу бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және аудару. Республикада білім ұйымдарында 12 жылдық оқу мерзімі енгізілген мектептердің бастапқы саты үлгісін сынау бойынша эксперименттік жұмыс бағдарламасын іске асыру. Білім беру ұйымдарының беретін оқу материалдарының сапасы мен қабылдау деңгейін өлшеу, білім беру ұйымдарында оқу материалдарын беру сапасын анықтау, оқушы контингенттерін құру механизмін жетілдіру. Кәсіптік білім бағдарламаларын аккредициялаудан өткізу. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау өткізуді ұйымдастыру-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Білім беру жүйесін әдісте- мелік қамта- масыз ету және білім беру қызмет- терінің сапасын талдау | Жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсету бойынша әдістемелік қамтамасыз ету. Білім деңгейлері бойынша стандарттар әзірлеу; 12 жылдық оқу бағдарламаларының стандарттарын әзірлеу және аудару; ақпараттандыру, дене тәрбиесі және қосымша білім бойынша оқу- әдістемелік құралдар дайындау; қазақ тілінде оқытудың әдістемесін әзірлеу және басып шығару; электрондық мультимедиялық оқыту бағдарламасын әзірлеу; 12 жылдық оқуға көшудi әдістемелік қамтамасыз ету; Мектепке дейінгі білімнің әдістемелік негізін жасау. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерін жасау және басып шығаруды әдістемелік қамтамасыз ету. Білім жүйесінің жағдайына мониторинг жасау. Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы туралы ұлттық баяндамасын жасау. Жоғары оқу орындарының институциалдық, аккредитациялау және кәсіптік білім бағдарламаларын аккредитациялау. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау өткізуді ұйымдастыру- әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізім бойынша Республикалық қосымша білім оқу- әдістемелік орталығы үшін негіз құралдар алуға күрделi трансферттер аудару. | жыл бойы | Түзеу педаго- гикасы ұлттық ғылыми- практи- калық орталығы Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалығының жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша әдістемелік құралдарды дайындау - 3.
2. Білім беру деңгейлері бойынша: мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары кәсіптік стандарттар әзірлеу және жақсарту - 122.
3. Даму мүмкіндіктері шектеулі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін орыс және қазақ тілінде инклюзивтік білім эксперименттік бағдарламасын әзірлеу - 4.
4. 12 жылдық оқу бағдарламасын әзірлеу және аудару - 516.
5. Ақпараттандыру, дене шынықтыру, қосымша білім және мектепке дейінгі білім, 12 жылдық оқу бойынша, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу процесі саласында, кәсіптік білімді аккредитациялау бағдарламалары саласында оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу - 189.
6. Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу және басып шығару - 60 атау.
7. Электрондық мультимедиялық оқыту бағдарламаларын әзірлеу - 6.
8. Білім жүйесінің жағдайының мониторингін жасау. Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы туралы ұлттық баяндама жасау.
9. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау, біліктілік беру.
10. Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығына 26-дан кем емес басты құралдар сатып алу (жиһаз, видеотехника, оргтехника, спорттық және тұрмыс жабдықтары).
Соңғы нәтиже:
Білім беру қызметінің деңгейі мен сапасын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1) Жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша 1 әдістемелік құрал дайындаудың орташа бағасы - 1211,0 мың теңге.
2) Білім беру деңгейлері бойынша 1 стандартты әзірлеу мен жетілдірудің орташа құны - 153,1 мың теңге.
3) Даму мүмкіндіктері шектеулі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін орыс және қазақ тілінде 1 инклюзивтік білім эксперименттік бағдарламасын әзірлеудің орташа құны - 1126,3 мың теңге.
4) 12 жылдық оқу бағдарламасын әзірлеу және аударудың орташа құны - 227,3 мың теңге.
5) Ақпараттандыру, дене шынықтыру, қосымша білім және мектепке дейінгі білім, 12 жылдық оқу бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу процесі саласында, кәсіптік білімді аккредитациялау бағдарламалары саласында оқу-әдістемелік құралдың 1 данасын әзірлеудің орташа құны - 892,2 мың теңге.
6) Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдардың бір басылым бетін әзірлеудің орташа құны - 23000 теңгеден кем емес.
7) Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдардың бір басылым данасының орташа құны - 600 теңгеден кем емес.
8) Электрондық мультимедиялық оқыту бағдарламалардың 1 данасын әзірлеудің орташа құны - 5000 мың теңге.
9) Білім жүйесінің жағдайының мониторингін жасаудың, Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы туралы ұлттық баяндама жасаудың құны 60000,0 мың теңге;
10) Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау және біліктілігін берудің құны 90000 мыңнан кем емес.
Уақтылығы:
Кесте бойынша жыл бойы жұмыс жүргізу.
Сапасы:
Дәріс берудің мазмұнын, әдістемесін және оқушылардың білім деңгейін бағалауды жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
243-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын
арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз
етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 118125 мың теңге (бір жүз он сегіз миллион бір жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 20-бабы; "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 6, 9-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: арнайы түзету білім беру ұйымдарын арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүмкіндіктері шектеулі балалардың өміріне адеквадты жағдай жасау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу деңгейін көтеру үшін арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдар алуға қаржылай көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын арнаулы техни- калық және орнын толтыру құрал- дарымен қамта- масыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарың арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдармен қамтамасыз етуге арналған ағымдағы трансферттерді, Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешіміне байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Арнайы (түзеу) білім ұйымдарын арнаулы техникалық, орнын толтыру құралдармен қамтамасыз ету. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Облыс- тардың, Астана, Алматы қалала- рының әкімдері |