Банк қызметінің басынан бастап мақұлданған инвестициялық жобалар бойынша игеру 326,9 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын бекіткен сәтінен бастап 266,4 млн. АҚШ долларын немесе игерудің жалпы көлемінің 81,5 %-ын құрады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің 442,6 млн. АҚШ доллары кредит беру көлемімен жалпы сомасы 1 230,5 млн. АҚШ доллары 26 жоба іске асыру сатысында, 115 млн. АҚШ доллары сомасына инвестициялық жобалар бойынша 75,2 млн. АҚШ доллары сомасына 5 кредиттік келісім қол қою сатысында.
Банктің қаржыландыруға мақұлданған инвестициялық жобаларға қатысуының салалық құрылымы: электр энергиясын, газ және су өндіру мен бөлу (22 %), көлік және байланыс (жалпы көлемінің 17 %-ы), тоқыма және тігін өнеркәсібі (15 %), химия (13 %), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру, құрылыс материалдарын өндіру (12%), машина және жабдықтар өндіру (9 %) және тамақ өнеркәсібі (3 %) және экономиканың басқа да салалары (9 %).
«Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 67,8 млрд. теңге сомасына 22 жоба қаржыландырылды, «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының қатысуы 18,3 млрд. теңгені құрайды.
Бұдан басқа, 1,7 млрд. АҚШ долларынан асатын сомаға шамамен 40 жоба алдын ала қарауда жатыр.
Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде бәсекеге қабілетті өндірістің дамуы, инфрақұрылым объектілерін құру және оларды жаңарту, салықтық түсімдер көлемінің өсуі, халықтың жұмыспен қамтылуы күтілуде.
«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы
«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) Ұлттық инновация жүйесін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыруға маңызды pөл берілді.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қор 182,6 млн. АҚШ доллары сомасында Қордың қатысуымен жалпы сомасы 767,4 млн. АҚШ доллары 62 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Көрсетілген міндеттемелер 11 венчурлік қордың инвестициясын, 15 инновациялық жобаны, 1 технологиялық бизнес-инкубаторды, сондай-ақ қолданбалы ҒЗТКЖ-ның 35 жобасын іске асыруға арналған гранттарды қамтиды.
«Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы»
акционерлік қоғамы
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Корпорация) 37,9 млрд. теңге (284 млн. АҚШ доллары) сомасына экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыруға 147 өтініш берілді.
Жалпы сомасы 30 млрд. теңгеге қаралған 133 жобадан Корпорация басқармасы жалпы сомасы 23,1 млрд. теңгеге (173,3 млн. АҚШ доллары) 114 экспорттық жобаны сақтандыру туралы шешім қабылдады, оның ішінде жалпы сомасы 14,9 млрд. теңге сомасына 69 жоба бойынша сақтандыру шартына қол қойылды. Бұл ретте, 39 шарт жобалар бойынша сақтандыру аяқталды, 30 шарт іске асырылуда.
«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы»
акционерлік қоғамы
«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Орталық) инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, атап айтқанда, Орал, Қарағанды және Алматы қалаларында өңірлік технопарктер құру, «Ақпараттық технологиялар паркінің» бірінші кезегін салу, бірқатар жоғары технологиялық жобаларды инжинирингтік сүйемелдеу жөнінде жұмыс жүргізді.
Жобалардың технологиялық сараптамаларын жүргізуге және инновациялық әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуге Орталыққа 46 жоба келіп түсті, оның 8-і бойынша сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптама жүргізілуде.
Электр энергетикасы саласын дамыту
2007-2009 жылдары электр энергетикасы саласында мынадай міндеттер шешілетін болады:
елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу, экономиканың және халықтың электр энергетикасына және көмірге өсіп отырған қажеттілігін сенімді қамтамасыз ету;
көтерме нарықтың одан әрі дамуы және жеке тұтынушыларға электр энергиясын жеткізіп беру нарығында бәсекелестікті дамыту;
Қазақстан Республикасы Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) транзиттік әлеуетін ұлғайту;
Қазақстан Республикасы энергия жүйесінің Орталық Азия және Ресей энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуінің сенімділігін арттыру;
электр энергиясы мен қуатының қазіргі және болжанып отырған тапшылығын төмендету, Батыс өңір мен Қазақстанның Оңтүстігінің тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру;
электр энергиясының қуатын реттеп отыратын шектес мемлекеттерден импортты қысқарту;
қазіргі кезде бар энергетикалық қуаттарды қалпына келтіру және қайта жаңарту;
жинақтайтын қуаттардың құрылымдарын оңтайландыру.
Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін, экономика мен халықтың электр энергиясына артып келе жатқан қажеттілігін сенімді түрде қамтамасыз ету үшін, өңірлік тапшылықты жою үшін бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
«Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік» транзиті 500 кВ электр берілісі екінші желісінің құрылысы осындай жобалардың бірі болып табылады. Оның құрылысын 2008 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Құны 250 млн.АҚШ доллары болатын Мойнақ ГЭС-і құрылысының жобасы іске асырыла бастады, оның құрылысын 2008 жылы аяқтау көзделіп отыр.
Ұзындығы 500 км «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» электр берілісінің өңіраралық желісінің құрылысы» жобасын іске асыру 2006 жылы басталады, оны 2008 жылы аяқтау көзделіп отыр.
«KEGOC» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасы ҰЭЖ жаңғырту» жобасын іске асыруды жалғастырады.
Электр энергиясы өндірісінің көлемін арттыру мақсатында еліміздің батысында мұнай кен орындарының табиғи және ілеспе газын пайдаланып жаңа қуаттарды енгізу көзделіп отыр (оның ішінде 2008 жылға қарай қуаты 100 МВт Қандыағаш газтурбина электр станциясын (ГТЭС), қуаты 240 МВт ТШО-ның Екінші буын зауыты ГТЭС-ін, қуаты 160 МВт Agip КСО ГТЭС-ін (жағалауда), қуаты 120 МВт Қашаған ГTЭC-ін салу).
Қазақстанның солтүстік аймағында енгізілуі жоспарланып отырған (Ақмола ЖЭО-2-де 2007 жылы қуаты 120 МВт бір энергоблоктың құрылысы, Екібастұз ГРЭС-2-де 2010 жылға қарай қуаты 500 МВт № 3 энергоблоктың құрылысын аяқтау және іске қосу, Екібастұз ГРЭС-1-де блоктарды оңалту, Ақсу PPЭC-інде блоктарды жаңалау) жұмыстары оң энергетикалық теңгерімді күшейтетін болады, бұл республиканың Оңтүстік және Солтүстік аймақтарының зәрулігін жабу және электр энергиясын Қазақстаннан Ресейге экспорттап, оны 5-6 млрд. кВтсағ. дейін жеткізу үшін аса маңызды.
Еліміздің ядролық энергетика саласын дамытудың негізгі мақсаттары:
ғылыми қамтымды ядролық технологиялардың дамуы, отандық ғылымды қажет ететін әзірлемелерді сыртқы нарыққа шығару, оларды өнеркәсіп өндірісіне енгізу үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасау;
Қазақстанда ұлттық экономиканың жоғары технологиялық секторларының дамуы үшін шешуші маңызы бар, халықаралық мойындалған ең жаңа ядролық және сабақтас технологияларды игеру болып табылады.
Атом электр станциясын салу көмір электр станцияларымен салыстырғанда энергия ресурстарының баламалы көздерін тарта отырып, электр энергиясын өндіруді әртараптандыруға мүмкіндік беретін экологиялық жағынан басым инновациялық жоба болып табылады.
Жылу мен электрдің қажетті көлемінің экономикалық тиімді өндірісі елдің ішінде энергияға сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік береді.
Атом энергетикасы мен уран өндірісінің дамуында көздеген мақсатқа жету Қазақстанды дамыған атом өндірістік энергетикалық кешені бар АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай сияқты елдермен бір қатарға қояды.
Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдау үшін 2006 жылы техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізу жұмыстары аяқталады.
2007 жылы электр энергиясын өндіру 76 млрд. кВтсағ. көлемінде болжанып отыр, 2009 жылы - 82 млрд. кВтсағ, 2007 жылға қарағандағы өсу - 7,9 %.
2007 жылы электр энергиясын тұтыну 73,7 млрд. кВтсағ. деңгейінде болжанып отыр, 2009 жылы - 78 млрд. кВтсағ, 2007 жылға қарағандағы өсу 5,8 %-ды құрайды.
§ 2. Көлік-коммуникациялық кешен
Көлік-коммуникация кешенінің 2007-2009 жылдардағы дамуы
Көлік саласындағы мемлекеттік саясатты орта мерзімді перспективада іске асыру Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Стратегияның басты мақсаты Қазақстанның көлік жүйесін еуразия көлік жүйесіне ықпалдасу, көлік саласын ел экономикасының өсіміне сәйкес дамыту, көлік дәліздерінің ендік-меридиандық жүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады.
Қойған мақсатқа қол жеткізу көлік жүйесі функциясын жаңа сапалық деңгейге көшіруге, қазақстандық тауарлардың соңғы құнын кемітіп, әлемдік нарықта олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жүктерді жеткізіп беру мерзімін қысқартуға (логистика, жаңарту, ноу-хау), көлік артерияларының бойында тұратын халықтың тіршілік сапасын көтеруді жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы транзитті арттыруға мүмкіндік береді.
Автомобиль жолдарының дамуы
Республиканың автомобиль жолдарының дамуы Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға арналған Автожолдар саласының даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады және оның мақсаты халықтың және еліміздің экономикасының автокөлік тасымалына қажеттілігін қанағаттандыру үшін жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тораптарын жетілдіру болып табылады.
Еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес келесі бағыттарда жүргізіледі: Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас, Түркістан және Ақтөбе қалаларын айналып өтуді қоса алғандарды Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе, Орал-Самара, Алматы-Қарағанды-Астана-Петропавл-«Астана-Шучье» учаскелерінде - Ресей Федерациясының шекарасы, «Бурабай-Көкшетау-Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы», «Астрахан-Атырау-Ақтау-Түркменстан шекарасы», Қиғаш өзені арқылы көпір салу, Омск-Павлодар-Семей-Майқапшағай (іріктемелі), Астана-Қостанай-Челябинск, Алматы-Аягөз-Георгиевка, Таскескен-Бақты, Шонжа-Көлжат, Ушарал-Достық (іріктемелі), Қызылорда-Жезқазған-Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы (іріктемелі), Жезқазған-Петропавл-Ресей Федерациясының шекарасы (іріктемелі), Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы (екінші-кезең).
Салада нормативтік-техникалық базаны жетілдіру және оны халықаралық талаптармен үйлестіру жөніндегі дәйекті жұмыстарды жүргізу жалғасады.
2006 жылдан бастап күрделі, орта және ағымдағы жөндеуге және автожолдарды күтіп ұстауға қаржыландыру көлемін бекітілген нормативтерге сәйкес деңгейге жеткізу жоспарланып отыр.
Жол қозғалысы мен көліктің қауіпсіздігін арттыру, инженерлік жайғастыруды қамтамасыз ету, жол жағдайы мен жол сервисін республикалық маңызы бар жалпыға бірдей пайдаланылатын жолдарда 2004-2008 жылдары негізгі халықаралық транзиттік дәліздерде жол маңында инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасатын болады.
Автомобиль көлігi
2007-2009 жылдары автомобиль көлігі дамуының басым бағыттары болатындар:
саланың қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жолымен автокөлік қызметі нарығын дамытуға жағдай жасау;
отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі мен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру жөніндегі үкіметаралық екі жақты келісімдер жасау және халықаралық конвенциялар мен келісімдерге қосылу жолымен өңірлік ықпалдастық қоғамдастықтар шеңберінде ықпалдасуы жағдайларында халықаралық автокөлік нарығын кеңейту.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жағдайында тасымалдау көлемінің артуына және отандық тасымалдаушының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпалын тигізетін Қазақстанның халықаралық автомобиль тасымалы нарығын кеңейту мақсатында халықаралық автомобиль тасымалы саласында 16 елмен үкіметаралық екі жақты келісімдер жасасу жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Экологиялық жоғары талаптары бар жаңа Еуро стандарттардың енгізілуіне, автокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауды күшейтуге, сондай-ақ автокөлік қызметінің қалдықтарын, кәдеге жаратуға байланысты (аккумулятор қышқылы, шиналар, есептен шығарылған автомашиналардың шанақтары және т.б.) автокөлік қызметінің қалдықтарынан қоршаған ортаның ластану мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Темір жол көлігi
Темір жол көлігі саласында жұмыс істеп тұрған жабдықтар мен тетіктерді жаңарту, жаңа технологияларды енгізумен бірге негізгі қорларды қайта құрылымдау есебінен техникалық базаны кешенді жаңарту жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.
Көлік-логистикалық орталықтар мен терминалдарды дамыту мақсатында 2006 жылы «Ықпалдасқан логистикалық кешендердің орталықтары және Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдауды дамыту жөніндегі іс-шаралардың маркетингтік жоспары» жобасының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу жөніндегі Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің келісімі (JICA) шеңберіндегі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Алдағы кезеңде темір жол көлігі инфрақұрылымының одан әрі дамуы жалғасады.
Мынадай жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
ұзындығы 14,4 км Маңғыстау - Баутино темір жолын салу;
ұзындығы 31,8 км Ералы - Құрық темір жолын салу;
ұзындығы 440 км Бейнеу - Шалқар темір жолын салу;
жолдың үстіңгі бетінің құрылысын жаңалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, қолданыстағыларын кеңейту және қосымша жеке бекеттерді ашу, қосымша жолдар салу, электрлік орталықтандыруды жаңғырту, өңдеу қабілетін арттыру.
Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды субсидиялау жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2006 жылы облыстық әкімдіктер жылумен және сумен жабдықтау объектілері мен темір жол вокзалдарының ғимараттарын коммуналдық меншікке қабылдауды аяқтайды және 2007 жылдан бастап технологиялық процесті орындау үшін қажетті талаптарға сәйкес оларды ұстауды қамтамасыз етіледі.
Жылжымалы құрам паркін жаңғырту және жаңалау мақсатында локомотивтерді және темір жолдың жылжымалы құрамын құрастыру жөніндегі кәсіпорындарды құру бойынша іс-шаралар жалғасатын болады.
Су көлігi
Теңіздегі жүк тасымалы нарығында басым жағдайда болу және Қазақстанның теңіз айлақтары арқылы тиеліп-түсірілетін жүктердің көлемін ұлғайту мақсатында Су көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бұл Бағдарлама ұлттық сауда флотын қалыптастыруды, дамыған айлақтық және сервистік инфрақұрылымды жасауды, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді, теңіз көлігі саласында кадрларды даярлауды және қайта даярлауды көздейді.
Бұдан басқа, жоғарыда аталған Бағдарлама шеңберінде ірі тоннажды танкер және құрғақ жүк-флоттарын құру, сондай-ақ теңіз операцияларын қолдау флотын дамыту көзделіп отыр.
Алдағы кезеңде мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде «Ақтау айлағын солтүстік бағытта кеңейту» жобасын іске асыру шеңберінде айлақ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі және Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағында Кемелердің қозғалысын басқару жүйесін жасау жөніндегі жұмыстар аяқталады.
Кеме қатынасы үшін қауіпсіздік жай-күйінде ішкі су жолдарын қамтамасыз ету және ұстау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Ішкі су жолдарының кеме жүргізуге қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар жалғасады. Каспий теңізінің айлақтарымен көлік қатынастарын кеңейту және "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық дәлізі бойынша жүк тасымалдауды арттыру үшін 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясында жеке инвестицияларды тартып Атырау өзені (саға) айлағын қайта жаңарту көзделіп отыр.
Әзірленіп жатқан Кеме жүргізу шаруашылығын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жолаушыларды және жүктерді өзен көлігімен тасымалдауды ішкі су жолдары бойымен жүзеге асырғанда имараттарды қайта жаңалау мен жаңғыртуға және кеме жүру шлюздарын жарақтандыруға, мемлекеттік техникалық өзен флотының кемелерін кезеңмен алмастыруға және қосымша алуға, су жолдарын кеме жүретін жағдайда ұстау бойынша іс-шараларды жүргізу қызметінің құнын кемітуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу көзделіп отыр.
Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде өзен көлігімен жүк тасымалдау көлемі 7 млн. тоннаға дейін көбейеді.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында операциялар жасайтын шет ел кемелерін жөндеуден өткізіп және техникалық қызмет көрсету мақсатында Каспий теңізінің Қазақстан жағалауында кеме жөндеу кеме жасау инфрақұрылымын салу жоспарланып отыр.
Әуе көлігi
Азаматтық авиация саласының дамуы Азаматтық авиацияны дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты азаматтардың сапалы әуе қызметіне артып отырған сұранысын қанағаттандыру, тиімді, бәсекеге қабілетті, халықаралық талаптарға жауап беретін мемлекеттік әуе көлігі жүйесін жасау болып табылады.
Оны іске асыру шеңберінде Ақтөбе қаласы әуежайының жолаушылар терминалын, Павлодар қаласының әуеайлағын және Шымкент қаласының әуежайын қайта жаңартуды аяқтау көзделіп отыр.
Алдағы кезеңде мемлекеттік-жеке әріптестікті қолданып Атырау қаласының әуежайында жолаушылар және жүк терминалын салу және Ақтау қаласының әуежайын қайта жаңартуды жүргізу жоспарланып отыр (жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту және жолаушылар терминалын салу).
Авиация техникасы мен қызмет көрсетудің жер үсті құралдарын одан әрі жаңалау үшін осы заманғы әуе кемелері мен аэронавигациялық жабдықтарды сатып алу көзделіп отыр. Еліміздің аэронавигациялық кешенін әуе қозғалысын қадағалауды/басқаруды навигациялаудың спутниктік жүйесін енгізуге даярлық жалғасады.
Астана, Алматы және Атырау қалаларында жаңартылған әуежай кешендері негізінде әуе қатынастарын кеңейту үшін іс-шаралар жүргізіледі.
Әлеуметтік мәні бар рейстерді жүзеге асыру үшін тұрақты ішкі әуе тасымалын субсидиялауды жалғастыру қажет.
Телекоммуникация мен почта байланысының дамуы
Телекоммуникация саласының 2007-2009 жылдардағы дамуының негізгі мақсаты ақпараттық қоғамды және Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын одан әрі қалыптастырудың ең басты шарттарының бірі ретінде телекоммуниациялық секторды одан әрі дамытуға арналған жағдайлар мен тетіктерді жетілдіру болып табылады.
Ақпараттық қоғамға өтуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясаттың негізгі үш бағыты айқындалып отыр: саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, инновациялық-технологиялық даму және саланың техникалық базасын қамтамасыз ету, саладағы әлеуметтік-экономикалық және саяси міндеттерді іске асыру.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін бірінші кезектегі мынадай міндеттерді орындау қажет.
Телекоммуникация саласында заңнаманы үйлестіру және оны ЕО заңнамасына және ДСҰ-ның және Электр байланысының халықаралық одағының талаптарына жақындата түсу жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Телекоммуникация тораптарын жаңалау мен дамытудың мынадай басым бағыттарын іске асыру болжанып отыр:
Ұлттық ақпараттық супермагистраль салуды жалғастыру;
телекоммуникациялардың жергілікті торабын жаңғырту және дамыту;
деректерді беру тораптарын дамыту;
ұялы байланысты дамыту;
жаңа буын тораптарын дамыту;
радиожиілік спектрін конверсиялау;
спутниктік байланыс жүйесін дамыту.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа нормативтік-құқықтық кесімдер әзірленетін болады, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға телекоммуникация қызметі нарығында бәсекелестікті дамытуға, радиожиілік спектрін босатуға және конверсиялауға бағытталған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Телекоммуникация саласына инвестиция тарту мақсатында ұлттық қауіпсіздік мүдделерін сақтай отырып, қалааралық және халықаралық операторлардың жарғылық қорында шетел капиталының болуына шек қоюды алып тастау мүмкіндігі туралы мәселе пысықталатын болады.
Бәсекелестікті одан әрі дамыту және ұялы байланыстың енгізілуін тереңдету мақсатында ұялы байланыстың GSM стандартының үшінші операторын дамыту бойынша іс-шаралар жалғасатын болады.
Жоспарланып отырған кезеңде "KAZSAT-2" байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру мәселесі пысықталатын болады, бұл Қазақстанға спутниктік байланыстың халықаралық операторлар аренасына шығуына, сондай-ақ 1-ден астам өз спутнигі бар қазіргі кезде 30-дан аспайтын елдердің құрамына енуіне мүмкіндік береді.
Ұлттық ақпараттық супермагистральдің (бұдан әрі - ҰACM) құрылысының аяқталуының нәтижесінде республиканың барлық өңірлерінің бүкілдүниежүзілік ақпараттық торапқа кемінде үш рет шыға алатын ірі үш шеңбер түріндегі оңтайлы қосылуы жүзеге асырылады. Бұл, өз кезегінде, магистральдық торапты пайдалануды арзандатуы, қосылу сапасын арттыруы, сондай-ақ байланыстың жоғары сапалы цифрлық арнасын, көліктік ортасын беруі негізінде республикада телекоммуникация нарығының дамуын қамтамасыз етуге тиіс және еліміздің ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету үшін технологиялық алда болуға және техникалық базасын жасауға жәрдемдесетін болады.
Сондай-ақ ҰАСМ құрылысын толық аяқтау әлемдік телекоммуникациялық нарықта бәсекеге ұлттық қабілеттілікті қамтамасыз етудің алғышарттарын жасайтын болады. Цифрлық магистральді жасау барлық деңгейдегі телекоммуникацияның дамуына да, олар арқылы ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс желісі) өтетін өңірлердің ақпараттандырылуы мен іскерлік белсенділігінің артуына да жәрдемдесіп, Ресей тораптарына тәуелсіз екінші қуатты шлюз ұйымдастырылатын болады.
Халқының саны 50-ден астам телефон орнатылмаған ауылдық елді мекендердің бәрі телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.
Күтілетін нәтижелер
Алға қойылған бағыттар мен белгіленген іс-шараларды іске асыру Қазақстанға 2008 жылға қарай мынадай шешуші индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
бекітілген телефон желісінің тығыздығы - еліміздің 100 тұрғынға 23-тен;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - 100 тұрғынға 50-ден;
телекоммуникациялардың жергілікті тораптарының сандық деңгейі - 80 %;
100 тұрғынның 10-ы Интернетті пайдаланушылар.
Спутниктік байланыстың қазіргі операторларын "KAZSAT"-қа ауыстыру ақпараттық қауіпсіздікке, республиканың валюта қаражатын үнемдеуге, Қазақстан Республикасының барлық салалары үшін спутниктік байланыс қызметінің серпінді дамуына көмегін тигізеді. ТМД елдерінің операторларына да спутниктік байланыс арналарын жалға беру жоспарланып отыр.
Почта байланысы саласында 2007-2009 жылдардағы негізгі мақсат жоғары сапалық деңгейде көрсетілетін почта-жинақтау қызмет көрсетулеріне халықтың еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті өңірлік инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
"Қазпочта" акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасын жетілдіру және осы заманғы технологияларды енгізу;
почта-жинақтау қызметін көрсету сапасын жақсарту;
көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту және осы заманғы банк өнімдерін және Интернетке бағытталған қызметті енгізу үшін технологиялық базаны жасау;
почта-жинақтау қызметін дамыту үшін қаржы тетіктерін қалыптастыру;
басқарудың осы заманғы технологияларын енгізу.
Почта байланысын пайдалану көрсеткіштерін жақсартуға, оған қоса жұмыс істеу мен магистральдық бағыттарды оңтайландыруды көздейтін, почта жөнелтімдерін жеткізуді қысқарту жиілігі мен мерзімдерін өсіруге бағытталған іс-шаралардың артықшылығы анықталды.
Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыруға жәрдемдесу мақсатында почта байланысы саласында осы заманғы жабдықтарды енгізіп, өндірістік технологияларды жаңарту жоспарланып отыр, бұл қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік мәні бар қызмет көрсетулерге қол жетімділік деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі алшақтықты қысқартуға мүмкіндік береді.
Банк қызметімен, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын халықты қамтуды кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында "Қазпочта" акционерлік қоғамы қаржылық қызметтің түр-түрін кеңейту жөнінде жұмыстар жүргізеді. Одан басқа, өзге банк қызметтеріне, сондай-ақ халықты және шағын бизнес субъектілерін шағын кредиттеу қоры қызметіне қосылу жолымен, агенттік қызмет көрсетулер түрлерін кеңейту саласында Қоғамның қызметін жандандыру жоспарланып отыр.