Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 1184 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресімделеді:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға;
шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқу нысанында білім алушыларға;
шет мемлекеттерде кемінде бір жыл мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатқандарға;
көрсетілген адамдардың олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
шетелде дипломатиялық қызметтің персоналымен бірге тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтік паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Осы Ереженің 10-тармағының үшінші абзацында көрсетілген адамдар жоғарыда көрсетілген құжаттардан бөлек, сондай-ақ олардың тұру; оқу; жұмыс істеу отбасылық жағдайы фактісін; растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.».
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |