«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 470п Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2006 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 88-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны реттік нөмірі 2-жолдың бірінші абзацында «шамамен 2,8-3,0 млн. гектар» деген сөздер «шамамен 3,0-3,2 млн. гектар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |