«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235
қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қарашадағы № 470м Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 187-қосымшада:
2-тармақ «; «Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанының соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның және «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның орналастырылатын акцияларына төлеуге берілетін мемлекеттік активтерді, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен бәсекелі ортаға берілетін объектілерді бағалауды жүргізуге арналған қызметтерді сатып алу.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |