Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 356
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1150 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 356 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Мусин - Қазақстан Республикасының Экономика
Аслан Есболайұлы және бюджеттік жоспарлау министрi
енгізілсін;
«Мәсімов Кәрім - Қазақстан Республикасы Премьер-Қажымқанұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға» деген жолдағы «- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |