Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1117 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Мусин Аслан Есболайұлы енгізілсін;
"Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кәрім Қажымқанұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі, жетекшінің орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кәрім Қажымқанұлы орынбасары, жетекшінің орынбасары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |