«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қарашадағы № 1106 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға» деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда «527372» деген сандар «497089» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолда «46366» деген сандар «33517» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда «215109» деген сандар «232423» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жолда «197891» деген сандар «223709» деген сандармен ауыстырылсын;
«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға» деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда «70500» деген сандар «28200» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда «421000» деген сандар «441000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолда «142900» деген сандар «165200» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |