Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы № 1097 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен «Эйр Астана» акционерлік қоғамы акционерлерінің 2004, 2005 жылдардың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеуден босату жөніндегі жылдық жиналыстарын өткізу кезінде барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен§бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |