«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы
№ 1088 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрайымның орынбасары |
Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінің директоры |
Рамазанова Динара Қайырбекқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаменті мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қызметтерді дамыту бөлімінің бастығы, хатшы; |
«Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрайымның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары»;
«Манабаева Қайни Алдабергенқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаментінің директоры, хатшы» деген жолдағы «, хатшы» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген құрамнан Ақанов Айқан Ақанұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |