«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қзақстан Республикасы Үкметінің 2006 жылғы 26 қазандағы № 470в Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 368-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағанында «корпоративтік желімен басқару үшін серверлер,» деген сөздерден кейін «ведомство дерекқорының сервері үшін процессор мен жад,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың бірінші абзацында:
«корпоративтік желімен басқару үшін сервер - 1 бірлік,» деген сөздерден кейін «ведомство дерекқорының сервері үшін процессор мен жад 1 жиынтық,» деген сөздермен толықтырылсын;
«қолданушылардың жұмыс станциялары» деген сөздерден кейін «417» деген сандар «567» деген сандармен ауыстырылсын;
«іркілсіз жұмыс істеу көздері» деген сөздерден кейін «417» деген сандар «567» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |