Жоба
Қазақстан Республикасының Көлік кодексi
ҚР Үкіметінің 2008.05.06 № 538 Қаулысымен ҚР Парламент Мәжілісінен кері қайтарып алынды
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы көлік саласындағы қоғамдық қатынастардың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін реттейді.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Көліктік қызметтің негіздерi
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Көлік және коммуникациялар саласында пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) акт - тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тікелей аралас тасымалдау операторының, тасымалдаушының, жөнелтушінің, алушының мүліктік жауапкершілігінен негіз бола алатын жағдайларды куәландыратын құжат (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт, өзге акт);
2) аялдама - көлік құралының қозғалысын 5 минутқа дейін және егер бұл көлік құралына жолаушыларды отырғызу мен (немесе) түсіру үшін және (немесе) жүк тиеу мен (немесе) түсіру үшін қажет болса одан артық уақытқа әдейі тоқтату;
3) арнайы көлік құралы - әртүрлі, негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған көлік құралы;
4) әскери тасымалдар - темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көліктерімен әскери бөлімшелерді, мекемелерді, әскери командаларды, жекелеген әскери жолаушылар мен әскери жүктерді тасымалдау;
5) әлеуметтік маңызды қатынастар - әлеуметтік маңыздылығын былайша анықталатын қатынастар:
а) облысаралықта - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
б) облысішілік, қалалық және қаламаңындықта - облыстардың (республикалық маңызы бар қалаларда, астанад) және аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;
6) багаж - Жолаушылар мен багаж тасымалы ережелеріне сәйкес буылып-түйілген және көлік құралының арнайы бейімделген бөлімшесінде және/немесе осы көлік құралы үшін белгіленген арнайы бейімделген көлікте тасымалданатын жолаушы мүлкі;
7) бақылаулық қарап тексеру - навигация кезеңінде инспекциялау кезінде кемені қарап тексеру;
8) жүк - Жүк тасымалы ережелеріне сәйкес көліктің белгілі бір түрі үшін белгіленген көлік құралында тасымалданатын жолаушы мүлкі;
9) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін, тасымалдау құжаттарында көрсетілген жеке немесе заңды тұлға;
10) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетілген және тасымалдау шарты негізінде немесе өзге заңды негіздерде жүкті алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
11) жолаушылар мен багажды тапсырыстық тасымалдаулар жолаушыларды жұмыс, оқу орындарына немесе басқа мақсаттар үшін алдын ала келісілген маршруттар, қозғалыс кестелері бойынша немесе жолаушыларды тиеу мен түсірудің бастапқы және соңғы пункттері белгіленген белгілі бір аралықта тасымалдау шартының негізінде тасымалдаушылар жүзеге асыратын жолаушылардың жекелеген топтарын тасымалдау;
12) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
13) жалпы қолданыстағы жолаушылар тасымалы - әлеуметтік мұқтаждықтар үшін арналған көлік құралымен жолаушыларды, багажды (жүк-багажды) тұрақты тасымалдау;
14) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк-багажды және почталық жөнелтілімдерді тасымалдауға арналған тартқыш, өздігінен жүретін және өзге механикалық құралдар;
15) жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;
16) жүктерді арнайы тасымалдау - мемлекет қажеттеріне арналған жүктерді тасымалдау;
17) жалпы қолданыстағы көлік - жария шарт негізінде, яғни кез келген жеке немесе заңды тұлғаның өтініші бойынша реттелетін немесе хабарланған тарифтер бойынша жолаушыларды, багажды (жүк-багажды), жүктерді тасымалдауды орындау үшін пайдаланылатын көлік;
18) жолаушылар мен багажды туристік тасымалдау - алдын ала келісілген жол жүру маршруты бойынша туристік жолдамалары бар белгілі бір адамдар тобын тасымалдау үшін туристік фирмалармен келісім бойынша тасымалдаушылар жүзеге асыратын тасымалдар;
19) жалдау ақысы (фрахт) - жалдау шарты бойынша алынатын ақы;
20) жалдаушы (фрахтователь) - бір немесе бірнеше рейсте жолаушыларды, багажды (жүк-багажды), жүкті және почталық жөнелтілімдерді тасымалдау үшін бір немесе бірнеше көлік құралының толық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып жалға беруге тасымалдаушымен жалдау шартын (чартер) жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
21) жалданушы (фрахтовщик) - бір немесе бірнеше рейсте жолаушыларды, багажды (жүк-багажды), жүкті және почталық жөнелтілімдерді тасымалдау үшін бір немесе бірнеше көлік құралының толық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып екінші жаққа беруге жалдау шартын (чартер) жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
22) жолаушылар мен багажды экскурсиялық тасымалдау - алдын ала келісілген маршруттар бойынша жергілікті жердің көрікті орындарымен таныстыру үшін жеткізу мақсатында жолаушылардың белгілі бір тобын тасымалдауды тасымалдаушылар жүзеге асыратын тасымалдар;
23) инспекциялау - адамдардың өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және көлік қызметін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының көлік заңнамасының, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар саласындағы халықаралық шарттарының талаптарының сақталуын тексеру;
24) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;
25) клиент - шарттық негізде көлікті және (немесе) көлік инфрақұрылымы объектісін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
26) контейнер - жүктерді тасымалдауға арналған көп рет
пайдаланылатын әмбебап көлік жабдығы;
27) көлік және коммуникациялар саласындағы бақылау - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасын сақтауларын тексеру мақсатында уәкілетті орган өзінің шегінде жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы;
28) куәландыру - арнайы аспаптар мен құрал саймандарды пайдалану жолымен көлік құралын оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға, соның ішінде техникалық регламенттерге сәйкестігін тексеру;
29) көлік - темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан магистральдық құбыр көлігі;
30) көлік коммуникациялары (бұдан әрі - коммуникациялар) - автомобиль жолдарының, әуе жолдарының, темір жол, теңіз және ішкі су жолдарының, жол айырымдары мен жол өткелдерінің жиынтығы;
31) көлік инфрақұрылымы - көлік коммуникацияларының, порттардың және жағалық құрылыстардың, көлік құралдарына, жолаушыларға, жүктерге (жүк-багажға) қызмет көрсету объектілерінің, көліктің жұмысын және вокзалдардың, станциялардың, қойма жайлары мен аумақтарының, санитарлық-қорғау және күзет аймақтарының, сондай-ақ аталған объектілерге бекітілген жерлердің ондағы жылжымайтын мүлік объектілерінің, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің ғимараттары мен құрылыстарының, қалалық электр көлігі электр желілерінің функционалдық қызметін инженерлік қамтамасыз етудің жиынтығы;
32) көлік жүкқағазы - жүктерді тасымалдау кезінде ресімделетін тасымалдау құжаты;
33) көлік ұйымы - жолаушыларды, багажды (жүк-багажды), жүктерді және почталық жөнелтілімдерді тасымалдау және қызмет көрсету, көлік құралдарын сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыру жөніндегі шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға;
34) көлік құралы - қандай да бір көліктің жылжымалы құрамының бірлігі;
35) көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - көлік саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, көлік қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
36) қозғалыс қауіпсіздігі - азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаны күзетуге, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмысына, көлік құралдары мен көлік инфрақұрылымын ақаусыз күтіп ұстауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
37) қарап тексеру - уәкілетті органның объектіні оның қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруі;
38) қауіпті жүк - өзіне тән қасиеттеріне қарай тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуіне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауыруына, қоршаған ортаға зиян келтіруге себеп болуы мүмкін жүк;
39) қатынас - жөнелтетін және баратын пункттері арасында жолаушыларды, багажды (жүк-багажды), жүктерді және почталық жөнелтімдерді көлік құралымен тасымалдау, оның мына түрлері:
а) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және (немесе) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;
б) облысаралық - Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарында орналасқан жөнелтетін және баратын пункттері арасындағы тасымалдау;
в) облысішілік - бір облыстың шегіндегі елді мекендер арасындағы тасымалдау;
г) қалалық - қала (аудан) шегіндегі тасымалдау;
д) қаламаңындық - қаламаңындық аймақтағы тасымалдау;
е) тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік түрімен тасымалдау;
40) қол жүгі - салмақ және көлем өлшемдері Көліктің осы түрімен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, жолаушының көлік құралында тасымалдайтын жеке заттары;
41) литерлік мәртебе - күзетілетін тұлғаларды тасымалдау кезінде әуе, темір жол, теңіз, ішкі су көлігі құралдарына, сондай-ақ олардың жүру маршруттарына (рейстеріне) берілетін мәртебе;
42) маршрут - тасымалдауды ұйымдастыру процесінде белгіленген жөнелтетін және баратын пункттері арасындағы көлік құралының жүру жолы;
43) мамандандырылған көлік құралы - жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған көлік құралы;
44) отандық тасымалдаушы - Қазақстан Республикасында тіркелген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдауға рұқсат етілген тасымалдаушы;
45) орталықтандырылған диспетчерлік сүйемелдеу - жолаушыларды, багажды, жүкті (жүк-багажды) тасымалдау сапасына бақылау жасаудың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;
46) рейс - белгілі бір уақыт аралығында географиялық пункттер немесе аудандар арасында жолаушыларды, багажды (жүк-багажды) тасымалдаудың көліктік процесі;
47) тасымалдау - көліктің сәйкес түрімен жолаушыларды, багажды тасымалдау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметі;
48) тасымалдау процесі - тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;
49) тасымалдау құжаттары - ресімделуі арқылы тасымалдау шарттары жасалатын құжаттар (жол жүру құжаттары (билет, жолдама), багаж бен жүк-багаж квитанциясы, темір жол көлігі және тауарлық-көліктік жүкқұжаттары, жол парағы, теңіз жол парағы, коносамент және чартер, тікелей аралас тасымалдау құжаты);
50) тасымалдаушы - меншік құқығымен немесе өзге заңды негіздерде көлік құралын иеленуші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдарды жүзеге асыруға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
51) тасымалдау ережелері - тасымалдауды жүзеге асыру кезінде және барлық тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара іс-әрекетін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
52) тіркеме - қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлік құралымен құрамда қозғалысқа арналған көлік құралы. Термин сондай-ақ жартылай тіркеме мен тіркеме-ұзартылмаға да тарайды;
53) тексеру - осы Кодекске сәйкес көлік және коммуникациялар саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын органдардың Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасын шаруашылық жүргізуші субъектілердің сақтауларын анықтау мақсатында жасайтын іс-әрекеті;
54) тез бұзылатын багаж (жүк-багаж), жүк - жарамдылық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететін багаж (жүк-багаж), жүк;
55) тасымалдануға болатын мерзім - без бүлінетін багаждың (жүк-багаждың), жүктің сертификатта (сапалық куәлікте) көрсетілген деректер негізінде алынып, жолда болуының барынша шекті мерзімі;
56) техникалық пайдалану - көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету жөндеу) іс-шараларының кешені;
57) тасымалдау - багажды (жүк-багажды), жүктерді жөнелту пунктінен жеткізу пунктіне орын ауыстыру мақсатында орындалатын тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің жиынтығы;
58) тасымалдау процесіне қатысушылар - тасымалдау процесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғалар;
59) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесін Қазақстан Республикасының Үкіметін анықтайтын, арнайы және әскери жүктерді тасымалдауды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды (жүк-багажды), жүктерді және почталық жөнелтімдерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін тасымалдаушы;
60) халықаралық тұрақты емес тасымалдар - халықаралық қатынаста тасымалдаудың бастапқы және соңғы пункттері арасындағы аралық пункттерде жолаушыларды отырғызбай жүзеге асырылатын бір реттік сипаттағы тасымалдар;
61) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көліктік экспедиция шарты негізінде тасымалдың төлеушісі ретінде көрсетілуі мүмкін, жүк тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуші тұлға.
2. Автомобиль көлігі саласында пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автобус - жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден аса отыратын орны бар, жолаушылар мен багаж тасымалына арналған автокөлік құралы;
2) айрықша маңызды автомобиль - күзетілетін тұлғаны тасымалдауға арналған автокөлік құралы;
3) автомобиль көлігі - негізгі қызмет аясы автокөлік құралдары мен автомобиль жолдарын пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен почта тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын көлік түрі;
4) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, автомобиль тіркемелері, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдер және арнаулы автомобильдер кіретін автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
5) автомобиль жолдары - көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, олардың жүрісіне арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген көлем шегіндегі әуе кеңістігі;
6) ақылы автомобиль жолдары - жоғары, қауіпсіз жылдамдықты қамтамасыз ететін, пайдаланылғаны үшін ақы алынатын жоғары сапалы автомобиль жолдары, бұл ретте сапасы техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келетін тегін жүретін басқа балама жол міндетті түрде болуға тиіс;
7) автомобиль жолының ұзындығы - километрлік белгілер бойынша нақты (жергілікті жерде) көрсетілген, объектілердің немесе елді мекендердің арасындағы жолдың нақты ұзындығы;
8) арнайы трасса - ол бойынша күзетілетін тұлғаны тасымалдау жүзеге асырылатын автомобиль жолына, оған жапсарлас аумаққа, су айдынына және оның үстіндегі әуе кеңістігіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен берілетін мәртебе;
9) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
10) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
11) микроавтобус - автобус особо малого класса, имеющий не более шестнадцати мест для сидения, исключая место водителя, предусмотренных заводом-изготовителем;
12) жол қызметі - автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет;
13) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы;
14) жолға бөлінген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиісті құрастырмалы элементтері мен инженерлік құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдік ағаштарын отырғызу және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған жерлер;
15) жол бойындағы белдеу - көлік қозғалысының және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгіленетін, автомобиль жолдарына бөлінген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелері;
16) жолдама парақ - автокөлік құралының жұмысын есепке алуға арналған, тасымалдаушы автокөлік құралының жүргізушісіне беретін тасымалдау құжаты;
17) жол қызметін басқару - автомобиль жолдарындағы жүрісті ұйымдастыруға және қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттар мен озық технологияларды енгізу негізінде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, қайта жаңартуды, жөндеуді, күтіп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
18) такси тасымалдары - орталықтандырылған диспетчерлік сүйемелдеуі бар және автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелеріне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль;
19) көше (көшенің көлік жүретін бөлігі) - қалалар немесе өзге де елді мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы.
3. Қалалық электр көлігі саласында пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
қалалық электр көлігі - қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған электр көлігі (трамвай, троллейбус, метрополитен).
4. Темір жол көлігі саласында пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) вагон - темір жол жолдарымен тасымалдау үшін арналған өздігінен жүрмейтін тіркемелі көлік құралы;
2) вагондар (контейнерлер) операторы - меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде вагондарға (контейнерлерге) иелік ететін және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негізінде аталған вагондарды (контейнерлерді) пайдалана отырып тасымалдау процесін жүзеге асыруға қатысушы және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;
3) жүк-багаж - Жолаушылар мен багаж тасымалы ережелерімен көлік құралының белгілі бір түрі үшін белгіленген талаптарға сәйкес көлік құралының жолаушылар және почта-багаж бөлімшесінде тасымалдауға қабылданған мүлік;
4) жүк жөнелтілімі - бір көлік жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;
5) жалпы қолданыстағы кірме жолдар - тасымалдау процесіне қатысушыларға тиесілі және тасымалдау ережелеріне сәйкес багажды (жүк-багажды), жүктерді тиеу (түсіру) жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын темір жол станциясының аумағында да және одан тысқары жерлерде де арнайы бөлінетін темір жолдар;
6) контрагент - меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде рельс жанындағы қоймаларға, жүктерді сақтауға арналған алаңдарға, тиеу-түсіру механизмдеріне және (немесе) басқа тармақ иеленушінің кірме жолдарына жанасатын кірме жолдарға иелік етуші тұлға;
7) кірме жолдар - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға тікелей немесе басқа кірме жолдар арқылы қосылатын жолдар;
8) кірме жолдардың көрсететін қызметтері - жылжымалы құрамның өтуі, маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларымен көзделмеген, жылжымалы құрамның аялдамасы үшін кірме жолдарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
9) локомотив тартымының операторы - меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тартымдық көлік құралына (локомотивке) иелік ететін, оның күтіп ұсталуын, пайдаланылуын қамтамасыз ететін және локомотив тартымының қызметін көрсететін тұлға;
10) локомотив тартымының көрсететін қызметтері - тартымдық көлік құралымен (локомотивпен) темір жолдармен жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
11) магистральдық темір жол желісі - магистральдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс, құрылғылар, жабдықтар, ғимараттар, имараттар, құрылыстар және өзге де объектілерді қамтитын темір жол инфрақұрылымы;
12) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының барлық аумағында жалпы қолданыстағы темір жол қозғалысының жұмыс істеуі және басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз ету үшін арналған темір жол станцияларын жалғастыратын темір жолдар;
13) магистральдық темір жол желісінің операторы - магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсету және тасымалдау процесін басқару үшін мемлекет құрған ұйым;
14) магистральдық темір жол желісінің көрсететін қызметтері - магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру және/немесе онымен жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
15) станциялық жолдар - кірме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы жолдар;
16) тармақ иеленуші - меншік құқығында немесе өзге заңды негізде темір жолдың кірме жолдарын иеленуші тұлға;
17) темір жол станциясы - магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетін, қозғалысты реттеуді, өткізу қабілетін қамтамасыз ететін және поездарды қабылдау, жөнелту, айырылысу, озу, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды (жүк-багажды), жүкті және почта жөнелтілімдерін қабылдау, беру жөніндегі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін пункт;
18) темір жолдар - жылжымалы құрамның жүруі іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілері (магистральдық, станциялық, кірме жолдар);
19) темір жол вокзалы - жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылыстар кешені;
20) темір жол көлігі - қызметінің негізгі саласы жолаушыларды, багажды (жүк-багажды), жүкті және почта жөнелтілімдерін темір жолдармен тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылатын көлік түрі;
21) темір жол көлігінің қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауіпсіздігін, темір жол көлігі құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету үшін қажетті жер учаскелері.
5. Әуе жол көлігі саласында пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) авиациялық техника - азаматтық әуе кемелері, олардың жабдығы, жинақтаушы бұйымдары, двигательдері, тренажерлері және азаматтық әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету құралдары;
2) авиациялық қызмет көрсетулер - азаматтық авиацияның жолаушылардың, багаждың, жүктің және почтаның әуе тасымалдарын ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды орындауға байланысты қызмет көрсетулері;
3) авиациялық маршрут (авиамаршрут) - үстінде авиатасымалдар пункттері арасындағы әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетінің географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамалар құрастырылымы;
4) авиация персоналы - авиациялық бағдардағы кәсіби даярлығы бар, ұшуды ұйымдастыру, әуе кемелерінің қозғалысын басқару, әуе кемелеріне қызмет көрсету, авиациялық жұмыстарды орындау жөніндегі, сондай-ақ тасымалдарды, ұшу қауіпсіздігін немесе авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
5) авиация қауіпсіздігі - ол авиация қызметіне заңсыз қол сұғу актілерінің алдын алу және оларды болдырмау арқылы қамтамасыз етілетін авиацияның қалыпты және қауіпсіз қызметі.
6) авариялық-құтқару жұмыстары - жапа шеккендерге дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы;
7) авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және жолаушылардың, жүктің, багаж бен почта жөнелтілімдерінің әуе тасымалдарын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға лицензиясы бар заңды тұлға;
8) авиациялық жұмыстар - жеке шаруашылық салаларындағы (ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, экспедициялар мен тағы басқаларға қызмет көрсетудегі) тапсырыс берушілердің технологиялық және өндірістік процестерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, санитарлық және табиғатты қорғау шараларын жүргізу, халыққа медициналық көмек көрсету, табиғи зілзала, авариялар мен апаттар зардаптарын жою үшін авиация құралдарымен атқарылатын мамандандырылған операциялар;
9) авиациялық тосын оқиға - ұшуды орындау мақсатында әуе кемесі пайдаланылған кезде осы әуе кемесінің, оның экипажының, басқа авиация қызметкерлерінің қалыпты қызмет атқаруының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты туындаған, бірақ авиациялық уақиғаға әкеп соқтыра қоймаған оқиға.