7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: инновациялық медициналық технологияларды енгізу деңгейі мен мониторингі және медициналық технологияларды тиімді пайдалану; денсаулықты нығайтуға бағытталған БДҰ-ның "Ауруханалар" жобасын іске асыру сапасын бағалау; Медициналық орталықтың мекемелері мен кәсіпорындарына әзірленген және енгізілген ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, білім беру бағдарламалары - 5 бірлік; медицина ұйымдарының аурулары мен қызметшілерін басқару жөніндегі халықаралық бағдарламаларды енгізу - 2 бірлік; қызметшілерді компьютермен және ұйымдастыру техникасымен жарақтандырудың қажетті деңгейінен - 15%; Медицина орталығы өткізетін барлық іс-шараларды техникалық сүйемелдеу.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының жаңа технологиялар туралы мәлімет алуын, біліктіліктерін және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне жобаланған шығын көлемі шегінде нақты шығынды қамтамасыз ету; 1 бірлік байланыс құралының, ұйымдастыру техникасының орташа құны - 66,5 мың теңге.
Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақытында орындау.
Сапасы: мемлекеттің көрсететін қызмет деңгейіне қанағаттану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
413-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 123723 мың теңге (бір жүз жиырма үш миллион жеті жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Заңының 9-бабы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлемдегі дұрыс имиджін нығайту; Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халықты хабарландыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоғары кәсіби деңгейде актуалды телебейне бағдарламаларын жасау, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты жариялау, тарихи құндылығы бар материалдарды мұрағаттандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Мемле- кетттік ақпа- аттық саясат жүргізу | Берілген тақырып бойынша жоғары кәсіптік деңгейде бейнематериал- дар дайындау. Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайын негізгі материалдардың негізінде кәсіби бейне-кассеталар мен лазерлік компакт- дискілер арқылы толықтыру. Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайын хронология бойынша жүйелендіру. Бейнематериалдар әзірлеу және республикалық телеарналар, басқа да бұқаралық ақпарат құралдары бойынша көрсету. Қазақстан Республикасы Президентінің бейне мұражайын материалдар- мен толықтыру. Қазақстан Республика- сының Тұңғыш Президентінің қызметі туралы деректі фильм шығару. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті мен Yкіметінің оперативтік ақпарат, арнайы тақырыптар шығару, хаттамалық іс-шараларды түсірудің тақырыптық жоспарының орындалу деңгейі - 320 сағат; бейнемұражайды 210 сағатқа толықтыру; жоғары кәсіби, жоғары сапалы, көкейкесті, уақыт талаптарына сай 12 деректі бейнефильм шығару.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформаларды халыққа жеткізу мақсатында әзірленген бейнематериалдарды республикалық телеарналарға одан әрі орналастыру, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердегі телерадио компаниялармен өзара қызмет ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір деректі фильмді өндіруге жұмсалатын шығынның орташа құны 4393 мың теңге; бейнематериал әзірлеудің, оны көрсетудің, сондай-ақ бейнемұрағатты толықтырудың бір сағаты - 139,2 мың теңге.
Уақытылығы: іс-шараларды белгіленген жұмыс кестесі бойынша орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы ақпарат орналастыру арқылы халықты толық хабарландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
414-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ормандар мен жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молайту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 143037 мың теңге (бір жүз қырық үш миллион отыз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы; "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1246 қаулысы; "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтер" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражатты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бурабай таулы-орман кеңістігінің экожүйесінің тұтастығын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Бурабай таулы-орман кеңістігінің бірегей табиғи кешенін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Ормандар мен жа- нуарлар дүниесін күзету, қорғау, молайту | "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесін ұстау үшін орман, жануарлар дүниесін қорғау бойынша жүктелген міндеттердi орындау үшін орман, жануарлар дүниесін, су ресурстарын сақтау, қорғау және молайту саласында "Бурабай" МҰТП-ның "Табиғат шежіресін" табиғи процестер мен құбылыс- тарды тіркеу" және "Бурабай" МҰТП-ындағы аң аулайтын және сирек кездесетін аңдар саны өзгерісінің мониторингі" екі тақырыпта ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 264 штат санын ұстау. Орман шаруашылығы, орман өсімдіктері, өрт сөндіруге қарсы, орман қорғау, биотехникалық, табиғат қорғау іс- шараларын жүргізу. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесін материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: табиғи кешеннің сақталуын және экожүйенің: 75 га алаңында ағашты санитарлық шабу, 25 га алаңында ағаш отырғызу, 125 км минералдандырылған жолақ орналастыру, 2330 км минералдандырылған
жолақты күту, 83511 га алаңында табиғат қорғау іс-шараларын
жүргізуді қамтамасыз ету. Сатып алу: балық дернәсілі- 20,7 млн. дана, өрт сөндіргіш машинасы - 1 бірлік, патрульдікке арналған автокөлік - 6 бірлік, үш дөңгелекті мотоцикл - 7 бірлік, төрт корпусты соқа - 1 бірлік, трактор тіркемесі - 2 бірлік, дөңгелекті дәнекерлеу агрегаты - 1 бірлік, қару-жарақ - 29 бірлік.
Соңғы нәтиже: парктің аумағындағы 83,5 мың гектар алаңның табиғи кешенінің және экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: күзетілетін 1 гектар алаңды күзету шығындары 1466 теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды жыл бойы орындау.
Сапасы: орта жылдық көрсеткішпен салыстырғанда өрттің салдарынан 10% алаңның азаюы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
415-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15714844 мың теңге (он бес миллиард жеті жүз он төрт миллион сегіз жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Парламентінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-ІІІ ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аса маңызды мемлекеттік объектілердің құрылысы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы объектілерін салу және қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Қазақстан Респуб- ликасы Прези- денті Іс басқар- масының объекті- лерін салу және қайта жаңарту | Белгіленген тәртіппен бекітілген "2006 жылға арналған республика- лық бюджет туралы" Қазақстан Республика- сының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес сомалар шегінде келесі инвестициялық жобаларды іске асыруға мынадай іс-шаралар бойынша: 1) сол жағалаудағы Министрліктер үйі; 2) Бейбітшілік және Келісім сарайы; 3) 30000 көрерменге арналған жабық стадион (өзеннің сол жағалауында); 4) Есіл өзенінің сол жағалауындағы 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж қосымша үй-жайларымен; 5) 3500 орынға арналған Киноконцерт залы. | Қаң- тар- жел- тоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Бейбітшілік және Келісім сарайы құрылысын аяқтау, Есіл өзенінің сол жағалауындағы қосымша үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж, сол жағалаудағы Министрліктер үйі, 30000 көрерменге арналған жабық стадион (өзеннің сол жақ жағалауында).
Соңғы нәтиже: Астананың инфрақұрылымын дамыту, Қазақстан Республикасының абыройын арттыру, мемлекеттік органдарды жаңа, қазіргі заманғы ғимараттармен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір бірлікке көрсетілген қызметтің нақты шығынын ұсынылған қызметтің немесе орындалған жұмыстың жоспарланған көлемін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: объектілерді құрылыс мердігерлерімен бекітілген шарт бойынша мерзімінде пайдалануға беру.
Сапасы: құрылыс технологиясын сақтау, олардың құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
416-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200297 мың теңге (екі жүз миллион екі жүз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орталық мемлекеттік органдарға сапалы және уақытында көлік қызметін көрсетуді қамтамасыз ету. Ресми іс-шараларға қазіргі заманғы деңгейде көлік қызметін көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: автомашина паркін жоспарлы жаңарту мақсатында автокөлікті орталықтандырып сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Мемле- кеттік органдар үшін автома- шиналар паркін жаңарту | Автокөлік сатып алу | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: автокөлік паркін 20 бірлікке толықтыру.
Соңғы нәтиже: орталық мемлекеттік органдарға сапалы, қауіпсіз және уақытында көлік қызметін көрсету мақсатында жоспарлы түрде автокөлік паркін жаңарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір бірлік автокөліктің құны жоспарланған шығын шегінде 10 015 мың теңге.
Уақтылығы: автокөлікті белгіленген кестеге сәйкес жеткізу.
Сапасы: орталық мемлекеттік органдарға көлік қызметін көрсету сапасын және материалды-техникалық деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
417-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ғимараттар сатып алу"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1270000 мың теңге (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: процентсіз займға қызмет көрсету және өтеу бойынша міндеттемелерді орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Мабко" ЖШС-ның алдындағы міндеттемелерін өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Ғима- раттар сатып алу | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының белгіленген кестеге сәйкес "Мабко" ЖШС-ның алдындағы процентсіз займдарына қызмет көрсету және өтеу | 2006 жылғы ІІІ тоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: келісім-шарт міндеттерін орындау деңгейі - 100%.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Мабко" ЖШС-ның алдындағы процентсіз заемдарын өтеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: процентсіз займдарды қатыстыру бойынша шарттық міндеттемелер шегінде займдарды өтеуді қамтамасыз ету.
Уақтылығы: "Мабко" ЖШС алдындағы міндеттерді белгіленген кестеге сәйкес өтеу.
Сапасы: тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейі - 100%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
418-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Дәрігерлерді шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7935 мың теңге (жеті миллион тоғыз жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасын арттыру үшін шетел клиникаларында медициналық қызметкерлердің теориялық және практикалық іскерлігі мен дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: медициналық орталықты денсаулық сақтаудың әлемдік стандарттары бойынша қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын меңгерген жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Дәрі- герлердi шетел- дерде қайта даярлау және маман- дандыру | Шетелдік жетекшi клиникаларда және ғылыми орталықтарда дәрігерлердің біліктілігін мынадай тақырыптар бойынша арттыру: - әлеуметтік медицинаның, денсаулық сақтау экономикасының өзекті мәселелері; - хирургиядағы, урологиядағы, пульмонологиядағы эндоскопиялық диагностика және емдеу; - шұғыл жағдайдағы терапия; - диагностиканың қазіргі заманғы әдістері (магниттік- резонансты томография); - ультрадыбыс диагностикасындағы жаңа технологиялар; - функционалды диагностикадағы жаңа технологиялар (электронейромио- графия). | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масының Медици- налық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты медициналық мекемелердің медицина қызметкерлерінің шетелде кәсіби деңгейін арттыру және мамандандыру бойынша өтінімін орындау деңгейі - 100%; қайта даярлаудан және мамандандырудан өткен дәрігерлер саны - 12 бірлік.
Соңғы нәтиже: медицина ғылымы мен тәжірибесінде әлемдік жетістіктер деңгейінде қызмет етуге мүмкіндік беретін медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Күтілетін медициналық инновациялардың орташа саны 15 бірлік.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір дәрігерді шетелдік жетекші клиникалары мен ғылыми орталықтарында қайта даярлау мен маманданудан өтудің орташа шығыны 661,3 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген келісім-шарттарға сәйкес уақытында орындау.
Сапасы: медициналық орталықтың жұмыскерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыру, жаңа медициналық технологияларды профилактикада, диагностикада, емдеуде және аурудың жазылуына енгізу арқылы тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру. Медициналық орталықтың 3,5% дәрігерлері кәсіби деңгейлерін шетелде арттырады.