компьютер - 61 бірлік, лазерлі принтер - 60 бірлік, үздіксіз қоректендіру көздері - 60 бірлік, сканер - 60 бірлік, желілік фильтр - 60 бірлік; микродифрактометр - 2 бірлік, микроспектрофотометр - 10 бірлік, зерттеуге арналған химиялық зертхана жиынтығы - 7 бірлік, бейнефонографиялық зерттеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешені - 10 бірлік, салыстырмалы микроскоп - 14 бірлік, оқ пен гильза ұстағыштары - 5 бірлік, геодезиялық прибор - 2 бірлік, бейнеспектрлік компаратор - 5 бірлік, электрондық-оптикалық түрлендіргіш - 17 бірлік, "Фотошоп" аппараттық-бағдарламалық кешені - 12 бірлік, фоторепродукциялық қондырғы - 9 бірлік, жылжымалы зертханалар - 16 бірлік, гельқұжаттау жүйесі - 1 бірлік сатып алу.
Соңғы нәтиже:
Сот сараптамасындағы Қазақстан Республикасы сот ісін жүргізу қажеттілігін қамтамасыз ету;
қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік іс жүргізудің қатысушысы болып табылатын адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін арнайы ғылыми білім құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасын жүргізу;
криминалистикалық сараптама қызметтерінің барлық бағыттарының, жүргізілетін зерттеулер мерзімдерін қысқарту мен сапасын арттырудың тиімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір сараптама жүргізу үшін шығыстар кемінде 5783 теңге құрайды;
Уақтылылық: сот сараптамасын жүргізуді уақытылы қамтамасыз ету.
Сапа: Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қазіргі заманға сай сапалы сараптамадағы талаптарын неғұрлым толық қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
210-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Сотталғандарды ұстау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11328825 мың теңге (он бір миллиард үш жүз жиырма сегіз миллион сегіз жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы, "Қазақстан Республикасы, ішкі істер қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы, "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеушілік әсер етуді жүзеге асырумен сотталғандарға қатысты сот үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1. Қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық жазаларды атқаратын органдар мен мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету.
2. Сотталғандарды түзеуді ұйымдастыру.
3. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Соттал- ғандарды ұстау | Мынадай іс-шара- ларды жүзеге асыру үшін 77 түзеу мекемелерінде 50000 сотталғандарды және қызметкерлер- дің 12859 бірлік штат саны бар қорғау және қадағалау бөлімін ұстау: - сотталғандарға қатысты соттың үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау; - қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелерінде заңнамада белгі- ленген тәртіпті және жазасын өтеу жағдайларын сақтауды қамтамасыз ету; - ҚАЖ мекеме- лерінде соттал- ғандардың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету; - ҚАЖ мекемелерінде сот үкіміне, қаулысына және ұйғарымына сәйкес сотталғандарды орналастыруды ұйымдастыру; - психологиялық- педагогикалық әдістерді пайда- ланып, соттарға түзеушілік әсер етуді жүзеге асыру; - сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру; - сотталғандарды босатуға даярлау бойынша жұмыс ұйымдастыру, ҚАЖ мекемелері мен органдарын басқа да құқық қорғау органда- рымен, мемлекеттік басқару органдары- мен және қоғамдық бірлестіктермен сотталғандарды түзету, оларды жұмысқа және тұрмыстық жағдайын орналастыру нәтижелерін бекіту жөнінде бойынша өзара іс-қимыл жасау; - сотталғандарға жалпы білім және кәсіби білім беруді ұйымдастыру; - қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне қоғамдық және діни бірлестіктерді тарту. Сотталғандарды ұстау шартын халықаралық нормалар мен стандарттар талаптарына барынша жақындату үшін ҚАЖ мекемелерін жабдықтармен, құрал-саймандармен, арнайы мақсаттағы құралдармен және көлік құралдарымен жарақтандыру, соның ішінде мыналарды сатып алу: - ерекше жабдықтар мен материалдар (арнайы құралдар, резеңке таяқтар, дулығалар, қол кісендері және басқалар); - медициналық жабдықтар; - бактериологиялық лабораторияға жабдықтар мен құрал-саймандар; - автокөлік құралдары; - коммуналдық- тұрмыстық жабдықтар; - түзеу мекеме- леріндегі инженерлік- техникалық құрылыстарды және қорғау құралдарын күрделі жөндеу, қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу; Қолданылатын ғимараттар мен құрылыстардың атқаратын қабі- леттігіне және сейсмикалық тұрақтылығына тексеру жұмыстарын жүргізу; өлшеу жұмыстарын, топографиялық- геодезиялық және инженерлік- геологиялық іздеулер бойынша күрделі жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі жобалау- сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу және оларды мемлекеттік сараптамадан өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, түзеу мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. 77 түзеу мекемелерінде 50000 сотталғандарды ұстау;
2. Психологиялық-педагогикалық әдістерін пайдаланып, сотталғандарға түзеушілік әсер етуді жүзеге асыруды ұйымдастыру мақсатында 8008 дәріс пен семинар өткізу;
3. Сотталғандарды жұмыспен қамту - 12400 адам;
4. Жазасын өтеу мерзімінен кейін одан әрі жұмысқа және тұрмыстық жағдайын орналастырған сотталғандар саны - 5400 адам;
5. Орташа жалпы білім алатын сотталғандар саны - 654 адам;
6. Кәсіби білім алатын сотталғандар саны - 847 адам;
7. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде орналасқан қоғамдық және діни ғимараттар саны - 188 бірлік (оның ішінде 160 сыйыну бөлмелері).
Соңғы нәтиже:
1. Психологиялық-педагогикалық әдістерін пайдаланып, сотталғандарға түзеушілік әсер етуді жүзеге асыруды ұйымдастыру - 87%;
2. Сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру - 36,8%;
3. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдары басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен сотталғандарды түзеу нәтижелерін, оларды жұмысқа және тұрмыстық жағдайын орналастыру бойынша өзара іс-қимыл жасау - 83,1%;
4. Сотталғандарға жалпы білім беруді ұйымдастыру - 91%;
5. Сотталғандарға кәсіби білім беруді ұйымдастыру - 56%;
6. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне қоғамдық және діни ұйымдарды тарту - 91%.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір сотталғанды ұстауға жылына - 128,4 мың теңге, түзеу мекемесінің бір қызметкерін ұстауға жылына - 381,6 мың теңге шартты шығындар;
Уақтылылық - сотталғандарға 100 % түзеушілік әсер етуі;
Сапа:
1. 30,6% түзелу жолына түскен сотталғандар;
2. Сотталғандарды ұстау деңгейін 8,3% арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
211-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу
және қайта жаңарту"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2181780 мың теңге (екі миллиард бір жүз сексен бір миллион жеті жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сотталғандарды ұстауға коммуналдық-тұрмыстық жағдайларын жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жаңа түзеу мекемелерін қайта жаңарту және салу жолымен сотталғандарды ұстау тығыздығын төмендету; сотталғандарды республика бойынша тасымалдау санын азайту мақсатында сотталғандардың барлық санаттарына
сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейін тұрған аймағының шегінде жазасын өтеу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ-дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Қылмыстық-атқару жүйесі объекті- лерін салу және қайта жаңарту | "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шараларға арналған сомалар шегінде түзеу мекемелерін құру объектілерін салу және қайта жаңарту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/12 мекемесін 1500 орынға қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істер комитетінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 354 бұйрығы, жобалау-сметалық құжаттамаға 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 2-463/2002 Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы). 2. Қызылорда қаласындағы наркологиялық диспансер мен қабырға материалдары зауытын 1000 орынға жалпы режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (техникалық- экономикалық құжаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 89 бұйрығы, жобалау-сметалық құжаттамаға 2004 жылғы 18 ақпандағы № 2-45/04 Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы). 3. Павлодар қаласында "Химпром" ААҚ-ның № 822 мен № 823 - өндірістік корпустарын 1500 орынға қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (техникалық- экономикалық негіздемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2005 жылғы 9 ақпанындағы № 37 ЖІЖ бұйрығы, техникалық- экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 29 шілдедегі № 2-365/004 қорытындысы). 4. Орал қаласында РУ-170/3 мекемесін 900 орынға қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (техникалық- экономикалық негіздемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 199 ЖІЖ бұйрығы, техникалық- экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 28 маусымдағы № 2-264/4/04 қорытындысы). 5. Павлодар қаласындағы тергеу изоляторын салу (техникалық- экономикалық негіздемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 381 ЖІЖ бұйрығы, техникалық- экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 2002 жылғы 28 қазандағы № 2-553/2002 қорытындысы). Аталған жобалар шеңберінде мына іс-шаралар өткізі- леді: 1) Салуға және қайта жаңартуға жер дайындау бойынша жұмыстар: - жер учаскесін бөліп беру; - құрылыс салу аймағына кіретін ғимараттар мен құрылыстарды өтеп алу; - бұзылатын және көшірілетін ғимараттарға, құрылыстарға және әр түрлі мақсаттағы инженерлік желілерге өтемақы; - қолданыстағы ғимараттардың және құрылыстардың істегі қабілетіне және сейсмикалық тұрақтылығына тексеру жұмыстары; - топографиялық- геодезиялық жұмыстар жүргізу; - инженерлік- геологиялық іздеулер өткізу; - жобаны іске шығару. 2) Құрылыс-монтаж, санитарлық- техникалық, электрмонтаждық жұмыстар. 3) Насос станцияларын, санитарлық- техникалық, технологиялық, асханалық, монша-кір жуу жабдықтарын, сигналдама мен байланыс жабдықтарын, қазан жабдықтарын, бейне-бақылау және арнайы жабдықтар жүйесін сатып алу және монтаж жасау. 4) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу: - техникалық қадағалауды (жеке тұлға ретінде) ұстау; - авторлық қадағалауды жүзеге асыру; - алаңды және инженерлік желілерді атқарушылық суреттерге түсіру; - жылжымайтын мүлік орталық- тарында жылжы- майтын мүлікті тіркеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер; - 3-тармақшада көрсетілген жабдықтарды реттеу жұмыстарын жүзеге асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлі- гінің Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті, оның аумақтық органдары, түзеу мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қызылорда қаласындағы 1000 орынға жалпы режимдегі түзеу колониясын қайта жаңартуды, Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/12 мекемесін ерекше режимдегі 1500 орынға арналған түзеу колониясы етіп қайта жаңартуды, Павлодар қаласындағы 600 орынға тергеу изоляторын салуды аяқтау;
Павлодар қаласындағы 1500 орынға ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп "Химпром" ААҚ № 822 және № 823 өндірістік корпустарын қайта жаңартуды жалғастыру;
Орал қаласындағы РУ-170/3 мекемесін 900 орынға ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңартуды бастау.
Соңғы нәтиже: республика аймақтарына тепе-тең бөлінген режим түрлері бойынша түзеу мекемелерінің желілерін құру.
Уақтылылық: құрылыс жұмыстарын жүргізудің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және қайта жаңарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
212-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Сотта адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 159193 мың теңге (бір жүз елу тоғыз миллион бір жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; "Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген жағдайларда азаматтардың білікті тегін заң көмегін алуына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: заңнамада көзделген жағдайларда сотқа міндетті қатысқаны үшін адвокаттарға уақтылы және толық еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Сотта адвокат- тардың заңгерлік көмек көрсетуі | Заңнамада көзделген жағдайларда сотқа міндетті қатысқаны үшін адвокаттар алқасының өтінімдері бойынша адвокаттарға уақтылы еңбекақы төлеуді ұйымдастыру. Жасалған шарттарға сәйкес адвокаттардың сотқа қатысқаны үшін қызметтеріне еңбекақы және іссапар шығындарын төлеу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-жел- тоқсан. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Әділет министр- лігі, оның аумақтық органдары. Аумақтық адвокаттық алқалар. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: адвокаттардың жұмыс істеген адам/сағат саны бір жылда кемінде 363 мыңды құрайды.
Соңғы нәтиже: заңнамада көзделген жағдайларда азаматтарға тегін заң көмегін көрсету;
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір адвокат көрсететін қызметіне еңбекақы төлеуге арналған шығындардың орташа құны 18059 теңге; сотта адвокаттардың қызмет көрсетуіне еңбекақы төлеу үшін шығындар бір жылда 159193,0 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: заңнамада көзделген жағдайларда азаматтардың жекелеген санаттарына тегін заң көмегін көрсетуді уақытылы қамтамасыз ету;
Сапа: заңнамада көзделген жағдайларда білікті тегін заң көмегімен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
213-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Құқықтық насихат"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 71501 мың теңге (жетпіс бір миллион бес жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 19-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; "Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық нигилизмді еңсеру, азаматтарды құқықтық тәрбиелеу, заңға құрметпен қарау дәстүрін, заңды мойындаушылық жағдайын қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан заңнамасын түсіндіру жөніндегі жұмыс жүргізу;
оқу орындарының барлық түрлерінде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруін, азаматтар жасының, психологиялық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық оқытудың жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;
мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынының құқықтық даярлық деңгейін арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, құқықтық түсіндіру жұмыстарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
құқықтық мәдениетті, құқықтық тәрбиені қалыптастырудағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді өзектілендіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Құқық- тық насихат | Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Құқықтық түсіндіру жұмыстары, құқықтық мәдениетті қалып- тастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жүргізу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттің құқықтық саясатының өзекті мәселелері жөніндегі республикалық және өңірлік конферен- цияларды, семи- нарларды, дәрістерді мыналармен өткізу: - үй-жайларды, көлік құралдарын және жабдықтарды жалға алу; - әдістемелік ұсыныстар шығару; - кеңсе және өзге де тауарлар сатып алу; - бағдарламалар мен шақыруларды дайындау; - ілеспе аудармамен, дыбыс жазбасымен қамтамасыз ету; - буфеттік қызмет көрсету. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Іссапарлық шығындар төлеу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып бойынша арнайы айдарлар, телевизиялық бағдарламалар жасау мен құқықтық мазмұндағы жарнамалық- бет-бейнелік роликтер шығару және бейнефильмдер жасау. Құқықтық пәндер бойынша сертификаттар мен әзірлемелер дайындау. Құқықтық пәндер оқытушыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Құқықтық тақырып бойынша жинақтар, оқу құралдары мен басқа да әдебиеттерді, әдістемелік құралдарды, заң терминдерінің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктерін, ақпараттық брошюралар шығару. Жасалған шарттарға сәйкес қызметтерге және жұмыстарға ақы төлеу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Жас ғалымдарды тартумен құқық саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер өткізу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: құқықтық саясаттың өзекті мәселелер жөніндегі өткізілген конференциялардың, семинарлардың, дәрістердің саны - 8; құқық саласында өзекті мәселелер жөнінде өткізілген ғылыми зерттеулер саны - 3;
құқықтық тақырып бойынша шығарылған оқу құралдар мен басқа да әдебиеттер саны - 4 999 920 бірлік.
Соңғы нәтиже: Республика азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыруды, құқықтық тәртіп пен заңды құрметтеудің нақты жағдайын жасауды, құқықтық түсіндіру жұмыстарын, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеу жүргізуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін үйлестіруді қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеу және құқықтық түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін бір жылдың шығыны - 71501 мың теңге.
Уақтылылық:
қоғамға діни ағымдардың ықпал етуіне, экстремистік діни идеялардың бой көтеруіне тосқауыл қоюды қамтамасыз ету;
құқықтық тәртіпті нығайтудың пәрменді құралдарының құқықтық нормаларын, идеясын және қағидаттарын жүзеге асыру арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарының материалдық, ұйымдық-құқықтық, саяси кепілдіктерін уақытылы жасау.
Сапа: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
214-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі